Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiніштерi туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қосымша қаулысы 2002 жылғы 12 сәуір N 1/2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 1 Нормативтік қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008.02.07.  N 1  Нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: 
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының төрағасы С.I.Райымбаевтың; 
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ә.Т.Жүкеновтің қатысуымен, 
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, "Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 2002 жылғы 15 ақпандағы  S020001_  қаулысын түсiндiрiп беру туралы" және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi бойынша қосымша қаулы шығару туралы" өтiнiштерiн қарады. 
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К.Котовтың баяндамасын, қарауға қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2002 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Бас прокурорының өтiнiштерi келiп түсiп, олардың ортақ нысаны - Конституциялық Кеңестің бұдан бұрын қабылданған "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы"  S020001_  қаулысының кейбiр ережелерiн түсiндiрiп беру жөнiнде өтiнiш бiлдiру болып табылады. 
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасының өкiлдерi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өтiнiшi бойынша конституциялық iс жүргiзуге қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы жоғарыда аталған қаулысы соның нәтижесi болатын. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"  U952737_  конституциялық заң күшi бар Жарлығының 35-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сай, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің қорытынды шешiмiндегi ережелердi түсiндiрiп беру жөнiнде Конституциялық Кеңеске өтiнiш бере алады. 
      Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"  U952737_  конституциялық заң күшi бар Жарлығының 35-бабы 2-тармағына сай, қосымша шешiм бұдан бұрынғы қаулының шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс. 
      Кеңес, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"  U952737_  конституциялық заң күшi бар Жарлығының 26-бабы 2-тармағына сәйкес, бiр-бiрiмен өзара байланысты өтiнiштердi бiрiктiрiп, қарауға қабылдады. 
      Конституциялық Кеңес, өтiнiштерде қойылған мәселелер мен келтiрiлген уәждердi талдай келе, мұнда iс жүзiнде, қолданыстағы азаматтық және азаматтық iс жүргiзу заңдарын (АК-тің  K941000_  158 және 159-баптарын, АIЖК-тiң  K990411_  153, 247 және 249-баптарын) конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың өздерi қалай түсiнсе, Кеңестің құқықтық позициясын да солай өзгерту жөнiндегi өтiнiштерi баяндалады деп тапты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің өтiнiшi бойынша қабылданған Конституциялық Кеңес қаулысының шеңберiнен шығатын мәселелер қойылады. 
      Бiрiнші жағдайда, Жоғарғы Соттың өтiнiшiне сай, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнің  K941000_  158 және 159-баптарын, Азаматтық iс жүргiзу кодексінің  K990411_  153, 247 және 249-баптарын, аралық соттардың шешiмдерiн мемлекеттің тануы және мәжбүрлеп орындауы қатынастарын құқықтық реттеудi толықтыру және өзгерту мақсатында түсiндiру көзделедi. Екiншi жағдайда, Бас прокурордың өтiнiшi бойынша, Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің 249-бабы 5) тармақшасын конституциялық емес деп тану ұсынылады. 
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз тарапынан, Конституциялық Кеңестің 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысының дәлелдеме бөлiгiндегi, Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің  K990411_  249-бабы 5) тармақшасына қатысты ереженi Конституциялық Кеңес қалай түсiнетiндiгiн түсiндiрiп беру туралы мәселе қояды. 
      Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысын қолдануда қиыншылық болу ықтималдығына байланысты, Бас прокурор, сондай-ақ оның қолданылу аясы, атап айтқанда, өзiнің халықаралық шарттарына орай, Қазақстан Республикасы таныған халықаралық немесе шетелдiк арбитраждардың дауларға қатысты шешiмдерi болған жағдайда, оның қолданылу аясы жөнiнде мәселе қояды. 
      Конституциялық Кеңес конституциялық iс жүргiзу барысында және 2002 жылғы 15 ақпандағы қорытынды қаулыда, аралық соттардың қызметiн құқықтық реттеудiң көлемi мен мағынасын өзгерту де, сондай-ақ олардың шешiмдерiн мемлекеттiң мәжбүрлеп орындауы туралы мәселеде заң шығарушының қарау аясына жататынына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің құзырына кiрмейтiнiне ерекше назар аударған болатын. Азаматтық  K941000_  және Азаматтық iс жүргiзу  K990411_  кодекстерiнің қолданыстағы нормаларымен белгiленген, Қазақстанның ішіндегi мүлiктiк дауларды аралық соттардың қарауы мен шешуіне берудiң негiздерi мен тәртiбi, Конституциялық Кеңестің қосымша қаулыда түсiндiрме беруiне жатпайды, оларды тек Қазақстан Республикасының Парламентi ғана, Конституциямен және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"  Z980213_  Заңмен көзделген тәртiппен өзгерте алады. 
      Конституциялық Кеңес, Бас прокурордың Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң  K990411_  249-бабы 5) тармақшасын Конституцияға  К951000_  сәйкес емес деп тану жөнiндегi өтiнiшiн де қанағаттандыра алмайды. Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 2-тармағына және 78-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес күшiне енгiзiлген заңдардың конституциялылығын соттардың өтiніштерi бойынша және Конституцияның 78-бабымен көзделген реттерде қарайды. 
      Одан тыс, Жоғарғы Сот пен Бас прокурордың өтiнiштерiнде Конституциялық Кеңестiң алдына, екi өтiнiште де табылып тұрған, құқықтар мен бостандықтардың сот арқылы қорғалу құқығы туралы Конституцияның  K951000_  13-бабы 2-тармағын түсiндiру кезiнде, 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулыдағы "әркiм" ұғымының субъектiлiгiне қатысты әртүрлi оқылуын анықтап беру жөнiнде мәселе қойылады. Бұл орайда Жоғарғы Сот пен Бас прокурор, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің өтiнiшi бойынша қабылданған Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысы мен Қостанай облыстық сотының өтiнiшi бойынша қабылданған 2000 жылғы 16 ақпандағы N 1/2  S000001_  қаулысының арасында бұл бөлiгiнде қайшылық туындайды деп пайымдайды. 
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Бас прокурорының уәждерiн қарап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны түсiндiредi. Кеңес, 2000 жылғы 16 ақпандағы N 1/2  S000001_  қаулының дәлелдеме бөлiгiнде, Конституцияның  K951000_  78-бабында соттардың Конституциялық Кеңеске жүгiну нысанын, сондай-ақ негiздерi мен тәртiбiн белгiлеу үшiн пайдаланылатын "адам" және "азамат" ұғымдарын қолданады. Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 16 ақпандағы N 1/2 қаулысының дәлелдеме бөлiгiнiң ережесiн Конституцияның 13-бабы 2-тармағына, оның үстiне бүкiл екiншi бөлiмiне көшiру, қисындылық тұрғысынан дәрменсiз әрi негiзсiз болып табылады. 
      Конституциялық Кеңестің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1  S020001_  және 2000 жылғы 16 ақпандағы N 1/2  S000001_  қаулылары бiр-бiрiне қайшы келмейдi. Тиiстi субъектiлердiң Конституциялық Кеңеске жүгiнуi үшiн олардың әртүрлi себептерi болатын. Бiр жағдайда - Конституцияның бiр-бiрiне сәйкес келетiн нормаларын ресми түсiндiру, ал екiншi жағдайда болса - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің арасындағы "Экономикалық дауларды шешуге арналған аралық сот туралы үлгi ереженi"  P930356_  конституциялық емес деп тану. 
      Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"  U952737_  конституциялық заң күшi бар Жарлығының 35-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:

      1. Конституциялық Кеңестің 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысындағы "азаматтар мен заңды тұлғалар" деген терминологиялық тiркес, "азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар" деген мағынасында пайдаланылады, деп түсiндiрiлсiн.

      2. Конституциялық Кеңес, жоғарыда аталған, Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң  K990411_  249-бабы 5) тармақшасы туралы сөз болатын қаулының дәлелдеме бөлiгiнде, дауды аралық соттың шешуiне беру туралы шарт жасасқан, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар үшін мемлекеттiк сотқа жүгiнудің осы нормасымен белгiленген тәртiбiн көздегенi атап өтiлсiн.

      3. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1  S020001_  қаулысының қолданылу аясына, халықаралық және шетелдiк арбитраждардың шешiмдерiн тану және орындау қатынастары жатпайды, олар үшiн мұндай тәртiп Қазақстан Республикасының заңымен немесе бекiтiлген халықаралық шарттарымен өзара келiсiм негiзiнде көзделген.

      4. Осы қаулы түпкiлiктi және Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_   73-бабы 4-тармағымен көзделген жағдайды ескерiп, шағымдануға жатпайды.
      Конституциялық Кеңестің қорытынды шешiмiне сол бәз-бiр конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың қайтара өтiнiш беруi заңмен көзделмеген.
      Конституциялық Кеңестің қорытынды қаулысы оның негiзгi қаулысының мазмұны мен мақсатынан бөлiп алғысыз және онымен бiр мезгiлде қолданылады.

      5. Осы қаулы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Жаршысында" жариялансын.

       Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

      

О ходатайствах Верховного Суда Республики Казахстан и Генерального прокурора Республики Казахстан в отношении постановления Конституционного Совета Республики Казахстан "Об официальном толковании пункта 2 статьи 13 и пункта 1 статьи 75 Конституции Республики Казахстан" от 15 февраля 2002 года

Дополнительное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 12 апреля 2002 года N 1/2. Отменено нормативным постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года N 1 .

       Сноска. Дополнительное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 12 апреля 2002 года N 1/2 отменено нормативным постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года  N 1  .

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Хитрина Ю.А., членов Совета Абишева Х.А., Балтабаева К.Ж., Бычковой С.Ф., Есенжанова А., Котова А.К. и Омарханова К.А., с участием: 
      председателя коллегии по гражданским делам Верховного Суда Республики Казахстан Раимбаева С.И.; 
      заместителя Генерального прокурора Республики Казахстан Жукенова А.Т., 
      рассмотрел ходатайства Верховного Суда Республики Казахстан "Об истолковании постановления Конституционного Совета Республики Казахстан от 15 февраля 2002 года N 1  S020001_  "Об официальном толковании пункта 2 статьи 13 и пункта 1 статьи 75 Конституции Республики Казахстан" и Генерального прокурора Республики Казахстан "О вынесении дополнительного постановления по обращению Премьер-Министра Республики Казахстан об официальном толковании пункта 2 статьи 13 и пункта 1 статьи 75  K951000_  Конституции Республики Казахстан". 
      Изучив имеющиеся материалы, заслушав докладчика - члена Конституционного Совета Котова А.К., выступления участников рассмотрения, Конституционный Совет Республики Казахстан установил: 
      В Конституционный Совет Республики Казахстан 5 марта 2002 года поступили ходатайства Верховного Суда и Генерального прокурора Республики Казахстан, общим предметом которых является просьба об истолковании некоторых положений ранее принятого постановления Конституционного Совета  S020001_  "Об официальном толковании пункта 2 статьи 13 и пункта 1 статьи 75 Конституции Республики Казахстан". 
      Представители Верховного Суда и Генеральной прокуратуры Республики Казахстан являлись участниками заседания по обращению Премьер-Министра Республики Казахстан, итогом которого стало вышеназванное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 15 февраля 2002 года. Согласно подпункту 1) пункта 1 статьи 35 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона,  U952737_  "О Конституционном Совете Республики Казахстан", участники заседания могут обращаться с ходатайствами в Конституционный Совет об истолковании им положений итогового решения Конституционного Совета Республики Казахстан. 
      При этом, согласно пункту 2 статьи 35 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона,  U952737_  "О Конституционном Совете Республики Казахстан", дополнительное решение не должно противоречить действительному содержанию, смыслу и назначению предыдущего постановления. 
      В соответствии с пунктом 2 статьи 26 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона,  U952737_  "О Конституционном Совете Республики Казахстан" Совет объединил связанные между собой ходатайства и принял их к рассмотрению. 
      Проанализировав поставленные вопросы и приводимые в ходатайствах доводы, Конституционный Совет находит, что в них практически излагаются просьбы участников конституционного производства изменить правовые позиции Совета сообразно их пониманию действующего гражданского и гражданско-процессуального законодательства (статей 158 и 159  K941000_  ГК, статей 153, 247 и 249  K990411_  ГПК). Ставятся также вопросы, выходящие за пределы обращения Премьер-Министра Республики Казахстан, по которому было принято постановление Конституционного Совета. 
      В первом случае, согласно ходатайству Верховного Суда, подразумевается толкование статей 158 и 159  K941000_  Гражданского кодекса и статей 153, 247 и 249  K990411_  Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан с целью восполнения и изменения правового регулирования отношений признания и принудительного исполнения государством решений третейских судов. Во втором случае, по ходатайству Генерального прокурора, предлагается признать подпункт 5) статьи 249 Гражданского процессуального кодекса неконституционным. 
      Верховным Судом Республики Казахстан со своей стороны ставится вопрос о разъяснении понимания Конституционным Советом в мотивировочной части его постановления от 15 февраля 2002 года соответствующего положения в отношении подпункта 5) статьи 249  K990411_  Гражданского процессуального кодекса. 
      В связи с возможным затруднением в применении постановления Конституционного Совета от 15 февраля 2002 года Генеральным прокурором ставится вопрос о сфере его применения, в частности, когда по спорам имеются решения международных или иностранных арбитражей, признаваемых Республикой Казахстан в силу ее международных договоров. 
      Конституционный Совет в ходе конституционного производства и в итоговом постановлении от 15 февраля 2002 года особо обращал внимание на то, что изменение объема и смысла правового регулирования деятельности третейских судов, равно как и вопрос о принудительном исполнении государством их решений, находится в сфере усмотрения законодателя и в компетенцию Конституционного Совета Республики Казахстан не входит. Установленные существующими нормами  K941000_  Гражданского и  К990411_  Гражданского процессуального кодексов основания и порядок передачи на рассмотрение и разрешение внутриказахстанских имущественных споров в третейских судах не подлежат истолкованию Конституционным Советом в дополнительном решении и могут быть изменены только Парламентом Республики Казахстан в порядке, предусмотренном Конституцией и Законом  Z980213_  "О нормативных правовых актах". 
      Ходатайство Генерального прокурора о признании подпункта 5) статьи 249  K990411_  Гражданского процессуального кодекса не соответствующим  K951000_  Конституции также не может быть удовлетворено Конституционным Советом. В соответствии с пунктом 2 статьи 72 и статьей 78 Конституции Республики Казахстан конституционность введенных в действие законов рассматривается Конституционным Советом по обращениям судов и при наличии условий, предусмотренных статьей 78 Конституции. 
      Кроме того, в ходатайствах Верховного Суда и Генерального прокурора перед Конституционным Советом ставятся вопросы об уточнении в постановлении от 15 февраля 2002 года усматриваемого из обоих ходатайств разночтения понятия "каждый" при толковании пункта 2 статьи 13  K951000_  Конституции о праве на судебную защиту прав и свобод в его субъектном отношении. При этом Верховный Суд и Генеральный прокурор полагают, что между постановлением Конституционного Совета от 15 февраля 2002 года N 1 по обращению Премьер-Министра Республики Казахстан и его постановлением от 16 февраля 2000 года N 1/2  S000001_  по обращению Костанайского областного суда в этой части возникает противоречие. 
      Рассмотрев доводы Верховного Суда и Генерального прокурора Республики Казахстан, Конституционный Совет разъясняет следующее. В мотивировочной части постановления от 16 февраля 2000 года N 1/2  S000001_  Совет употребляет понятия "человек" и "гражданин", которые использует статья 78  K951000_  Конституции для установления предмета, а также оснований и порядка обращения судов в Конституционный Совет. Перенесение положения мотивировочной части постановления Конституционного Совета от 16 февраля 2000 года N 1/2 на пункт 2 статьи 13 Конституции и тем более на весь ее второй раздел логически несостоятельно и необоснованно. 
      Постановления Конституционного Совета от 15 февраля 2002 года N 1  S020001_  и от 16 февраля 2000 года N 1/2  S000001_  не противоречат друг другу. Они имели разный повод для обращения соответствующих субъектов в Конституционный Совет. В одном случае - за официальным толкованием корреспондирующих норм Конституции, в другом - за признанием  P930356_  "Типового положения о третейском суде для разрешения экономических споров" между хозяйствующими субъектами неконституционным. 
      На основании изложенного и руководствуясь подпунктом 1) пункта 1 статьи 35 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона,  U952737_  "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан постановляет: 
      1. Разъяснить, что терминологический оборот "граждан и юридических лиц" в постановлении Конституционного Совета от 15 февраля 2002 года употребляется в значении "участники гражданских правоотношений". 
      2. Отметить, что Конституционный Совет в мотивировочной части указанного постановления, где речь идет о подпункте 5) статьи 249  K990411_  Гражданского процессуального кодекса, имел в виду существующий порядок обращения в государственный суд, который установлен этой нормой для участников гражданских правоотношений, заключивших договор о передаче спора на разрешение третейского суда. 
      3. В сферу применения постановления Конституционного Совета Республики Казахстан  S020001_  "Об официальном толковании пункта 2 статьи 13 и пункта 1 статьи 75 Конституции Республики Казахстан" от 15 февраля 2002 года N 1 не входят отношения признания и исполнения решений международных и иностранных арбитражей, для которых порядок предусмотрен законом или ратифицированными международными договорами Республики Казахстан на началах взаимности. 
      4. Настоящее постановление окончательно и обжалованию не подлежит, с 

 

учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73   K951000_   Конституции 

Республики Казахстан.

     Вторичное принесение ходатайств на итоговое решение Конституционного 

Совета одними и теми же участниками законом не предусмотрено.

     Дополнительное постановление Конституционного Совета неотъемлемо от 

содержания и назначения его основного постановления и применяется 

одновременно с ним.

     5. Опубликовать настоящее постановление в "Вестнике Конституционного

Совета Республики Казахстан".

     

     Председатель

     Конституционного Совета

     Республики Казахстан 

     

(Специалисты: Умбетова А.М.,

              Абрамова Т.М.)