Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, төрағалық етушi - Кеңес мүшесi А.К.Котов және Кеңес мүшелерi Қ.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
      өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Республика Әдiлет вице-министрi С.Н.Баймағамбетовтiң,
      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқық басқармасының сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiм меңгерушiсi М.А.Пақырдiновтiң,
      Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйiшевтiң,
      Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
      Республика Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Г.Н.Әбдiқалықованың қатысуымен,
      өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы  79-бабының  1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
      Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашыны - Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ә.Омархановты, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлiн және отырысқа қатысушыларды тыңдап,  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi  мынаны  анықтады:

      Республика Конституциялық Кеңесiне Республика Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы  79-бабының  1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түсiп, онда мынадай сұрақтардың жауабын ескеру сұралған:
      1) Конституцияның  79-бабының  1-тармағындағы "соттар тұрақты судьялардан тұрады" деген тұжырымға қарай отырып, Қазақстан Республикасының судьялары өмiрлiк тағайындала ма (сайлана ма)?
      2) "Судьялардың өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi мүмкiн" деген нормаға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының  79-бабы  1-тармағында көзделген ереже зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты жұмыстан шығару туралы қолданыстағы заңды судьяларға қолдануға жол бередi деп түсiнуге бола ма?
      Қазақстан Республикасы Конституциясының  79-бабы  1-тармағының нормасын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты түсiндiрген кезде  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi  мынаны ескердi.

      1. Республика Конституциясының  75-бабының  1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады". Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1  қаулысында  бұл орайда "мемлекеттiк билiктiң сот тармағын бiлдiретiн органдар ретiнде, соттар ғана сот төрелiгiн жүзеге асырады" делiнген. Сот билiгiнiң жария-құқықтық мiндеттерiн орындайтын судьяның, өз кәсiби қызметi ретiнде сот төрелiгiн жүзеге асыруының ерекшелiгi оның айрықша құқықтық мәртебесiн алдын-ала айқындап тұрады, ол мәртебе Негiзгi Заңмен белгiленiп, кепiлдiк берiледi ( 77,   79,   80,   82-баптар ).
      Судья мәртебесi оған әркiмнiң құқықтары мен бостандықтарын шын мәнiнде қорғау үшiн Конституциямен және заңдармен жүктелген өкiлеттiктiң тәуелсiз де әдiл атқарылуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды (Конституцияның  76   және  77-баптары 13-баптың  2-тармағы). Сондықтан Негiзгi Заң судья мәртебесiн регламенттеудiң айрықша, сот қызметiнiң мiндеттерiмен, принциптерiмен және ерекшелiктерiмен, сот төрелiгiн жүзеге асырудың жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мақсатымен шарттас ережелерiн (талаптарын) белгiлейдi.
      Мәселен, Конституцияда судьяның құқықтық жағдайының түбегейлi белгiлерiнiң бiрi - оның тұрақтылығы белгiленген ("соттар тұрақты судьялардан тұрады",  79-баптың  1-тармағы), бұл оның сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгiн қамтамасыз етедi және судьяның өз өкiлеттiгiн қызметке тағайындалған (сайланған) уақыттан бастап ол тоқтатылған уақытқа дейiн тұрақты негiзде жүзеге асыруын көздейдi. Бұл ретте, судьяларға өкiлеттiк берудiң Конституцияның 82-бабында көзделген ерекше тәртiбi, сондай-ақ бұл өкiлеттiктiң тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi (Конституцияның  79-бабының  1-тармағы), судья жағдайының құқықтық тұрақтылығына кепiл болып табылады. Дәл осындай құқықтық позициялар Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қолданыстағы  қаулысында  бар.
      Негiзгi Заңда судьяның мәртебесi оған өмiр бойы тиесiлi деген ереже жоқ. Конституция нормаларынан және де судьяның өмiр бойы өз лауазымын иеленiп, өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру құқығы, сондай-ақ мемлекеттiң бұл үшiн оған конституциялық-құқықтық кепiлдiктер беру мiндеттемесi келiп туындамайды.

      2. Конституция судья лауазымына үмiткерлерге ( 79-баптың  3-тармағы), судьяларға өкiлеттiк беру тәртiбiне ( 82-бап ) және олардың қызметте болуына ( 77-бап 79-баптың  2 және 4-тармақтары) ерекше талап қояды. Бұл ретте Негiзгi Заңның нормалары судья өкiлеттiгiн тоқтату негiздерiнiң арнайы тiзбесiн көздемейдi.
      Сонымен бiрге, Негiзгi Заңның кейбiр нормаларына жасалған талдау, судьяны қызметтен босату мүмкiн болатын мән-жайлар туындаған кезде оларды айқындап алуға мүмкiндiк бередi, өйткенi оның мәртебесi мынадай өзге қызметтермен: өкiлдi мемлекеттiк органның депутаты болып сайланумен; оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен; кәсiпкерлiкпен айналысумен; коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды ( 79-баптың  4-тармағы). Одан тыс, Конституцияның жекелеген ережелерiнен судьяның өз лауазымын одан әрi иеленуiне мүмкiндiк бермейтiн мынадай өзге де негiздер келiп шығады: Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы ( 79-баптың  3-тармағы); қайтыс болуы және соттың өлген деп тануы, өйткенi адамның жалпы құқықсубъектiлiгi жоғалады ( 13-баптың  1-тармағы); Негiзгi Заңның   23-бабы  2-тармағының талаптарын бұзуы.
      Судьяның өкiлеттiгiн тоқтатудың және оны қызметтен босатудың белгiлi бiр негiздерi келiп туындайтын Конституция ережелерiнiң ең жоғары заңдық күшi болады және олар тiкелей қолданылады (Негiзгi Заңның  4-бабының  2-тармағы). Алайда жоғарыда атап өтiлген негiздер мейлiнше толық болып табылмайды. Конституцияның  79-бабының  1-тармағында "судьяның өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы... мүмкiн", - деп атап көрсетiлген. Бұл орайда, судьяның өкiлеттiгiн конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша ғана емес, заңда көзделген негiздер бойынша да тоқтату мүмкiн екенiн назарда ұстаған жөн (Конституцияның  75-бабының  2, 3 және 4-тармақтары,  77-бабының  1 және 2-тармақтары,  79-бабының  1-тармағы,  82-бабының  5-тармағы).
      Заңда, судьяның өкiлеттiгiн тоқтатудың конституциялық нормалардан келiп шығатын негiздерiнен басқа, оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты қызметтен босатуды қоса алғанда, өкiлеттiгiн тоқтатудың өзге де негiздерi белгiленуi мүмкiн. Бұл құқықтық позиция Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3  нормативтiк қаулысының  ережелерiмен үйлеседi, ол қаулыда былай делiнген: "...Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты сайлайды, ал жергiлiктi соттардың судьяларын шектеулi жасқа жеткенге дейiн белгiленбеген мерзiмге Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды".
      Судья лауазымында болудың ең жоғары жасын белгiлеу оның кәсiби қызметiнiң ерекшелiгiне, сот билiгiнiң жұмыс iстеу мiндеттерi мен принциптерiне байланысты. Ол судьяның тәуелсiздiгi туралы конституциялық принциптi шектеу деп бағалана алмайды, өйткенi, зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты қызметiнен босатылған судья, одан әрi сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiгiн атқармайды. Конституциялық Кеңес бұдан азаматтың конституциялық құқықтарын кемсiтудi таппайды, өйткенi судья мәртебесi жеке бастың артықшылығы болып табылмайды. Өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату негiздерi барлық судьялар үшiн ортақ әрi тең болып табылады және заңдық күшi жағынан заңнан төмен емес нормативтiк құқықтық актiлермен регламенттеледi.
      Осылайша, судья мәртебесiнiң тұрақты сипаты туралы конституциялық ереже оның иеленiп отырған лауазымында өмiр бойы отыруын бiлдiрмейдi, ол судьяның өкiлеттiгi тек конституциялық және өзге де заңдарда белгiленетiн негiздер бойынша ғана тоқтатылуы мүмкiн екенiн көздейдi.
      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының  72-бабы  1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының  31-33 37-баптарын  және  41-бабы  1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып,  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:

       1.  "Соттар тұрақты судьялардан тұрады..." деген бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының  79-бабы  1-тармағының нормасын, судьялар, мемлекет атынан белгiленбеген мерзiмге сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiк берiлген, мемлекеттiң кәсiби лауазымды адамдары болып табылады. Олар конституциялық заңда және өзге де заңдарда көзделетiн негiздер бойынша және сол тәртiппен өкiлеттiгi тоқтатылғанға дейiн, судья лауазымында болудың бүкiл уақыты iшiнде ауыстырылмайды, - деп түсiнген жөн.

       2.  "Судьяның өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы... мүмкiн" деген бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының  79-бабы  1-тармағының нормасы, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және оны қызметтен босату негiздерi, соның iшiнде ең жоғары (зейнеткерлiк) жасқа жетуiне байланысты, конституциялық заңмен және өзге де заңдармен айқындалатынын бiлдiредi.

       3.  Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабының  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабының  4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

       4.  Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

      Төрағалық етуші -
      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесiнiң мүшесі

      

Об официальном толковании пункта 1 статьи 79 Конституции Республики Казахстан

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 23 июня 2004 года N 6

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе председательствующего-члена Совета Котова А.К. и членов Совета Абишева Х.А., Балтабаева К.Ж., Бычковой С.Ф., Омарханова К.А. с участием:
      представителя субъекта обращения - вице-Министра юстиции Республики Баймаганбетова С.Н.,
      заведующего отделом по вопросам судебной системы Государственно-правового управления Администрации Президента Республики Казахстан Пакирдинова М.А.,
      судьи Верховного Суда Республики Баишева Ж.Н.,
      заместителя Генерального Прокурора Республики Даулбаева А.К.,
      вице-Министра труда и социальной защиты населения Республики Абдыкаликовой Г.Н.
      рассмотрел в открытом заседании обращение Премьер-Министра Республики Казахстан об официальном толковании пункта 1 статьи 79  Конституции Республики Казахстан.
      Изучив материалы конституционного производства, заслушав докладчика - члена Конституционного Совета Омарханова К.А., представителя субъекта обращения и участников заседания, Конституционный Совет Республики Казахстан

установил:

      В Конституционный Совет Республики поступило обращение Премьер-Министра Республики об официальном толковании пункта 1 статьи 79  Конституции Республики Казахстан, в котором содержится просьба предусмотреть ответы на вопросы:

      1) следует ли из формулировки, содержащейся в пункте 1 статьи 79  Конституции "суды состоят из постоянных судей", что судьи Республики Казахстан назначаются (избираются) пожизненно?

      2) следует ли понимать, что предусмотренное пунктом 1 статьи 79  Конституции положение, согласно которому "полномочия судьи могут быть прекращены или приостановлены исключительно по основаниям, установленным законом", допускает применение к судьям норм действующего законодательства об увольнении в связи с достижением пенсионного возраста?

      При толковании норм пункта 1 статьи 79  Конституции Республики Казахстан применительно к поставленным в обращении вопросам Конституционный Совет Республики Казахстан исходит из следующего.

      1. В соответствии с пунктом 1 статьи 75  Конституции Республики "правосудие в Республике Казахстан осуществляется только судом". В постановлении  Конституционного Совета от 15 февраля 2002 года N 1 по этому поводу сказано, что "только суды как органы, представляющие судебную ветвь государственной власти, осуществляют правосудие". Специфика осуществления правосудия как профессиональной деятельности судьи, выполняющего публично-правовые задачи судебной власти, предопределяет его особый правовой статус, который устанавливается и гарантируется Основным Законом (статьи 77, 79, 80, 82) .

      Статус судьи призван обеспечивать независимое и беспристрастное исполнение возложенных на него Конституцией  и законами полномочий для действительной защиты прав и свобод каждого ( статьи 76  и 77,  пункт 2 статьи 13  Конституции). Поэтому Основной Закон устанавливает особые правила (требования) регламентации статуса судьи, обусловленные задачами, принципами и особенностями судебной деятельности, целью обеспечения поддержания высокого уровня осуществления правосудия.

      Так, Конституцией установлен один из основополагающих признаков правового положения судьи - его постоянство ("суды состоят из постоянных судей", пункт 1 статьи 79 ), который обеспечивает независимость при отправлении им правосудия и предполагает осуществление судьей своих полномочий на постоянной основе со времени назначения (избрания) на должность до времени их прекращения. При этом гарантией правовой стабильности положения судьи является особый порядок наделения судей полномочиями, предусмотренный статьей 82  Конституции, а также их приостановление или прекращение не иначе как по основаниям, установленным законом (пункт 1 статьи 79  Конституции). Аналогичные правовые позиции содержатся в действующем постановлении  Конституционного Совета от 6 марта 1997 года N 3.

      Основной Закон не содержит положений о пожизненной принадлежности судье его статуса. Не вытекают из норм Конституции  и право судьи занимать свою должность и осуществлять свои полномочия пожизненно, а также обязанность государства предоставить ему для этого конституционно-правовые гарантии.

      2. Конституция устанавливает особые требования к кандидатам на должность судьи (пункт 3 статьи 79 ), к порядку наделения судей полномочиями ( статья 82 ) и пребыванию их в должности ( статья 77 , пункты 2 и 4 статьи 79 ). При этом нормы Основного Закона не предусматривают специальный перечень оснований прекращения полномочий судьи.

      Вместе с тем, анализ некоторых норм Основного Закона позволяет определить обстоятельства, при наступлении которых судья может быть освобожден от должности, поскольку его статус несовместим с иной деятельностью: избрание депутатом представительного государственного органа; занятие иной оплачиваемой должности, кроме преподавательской, научной или иной творческой деятельности; осуществление предпринимательской деятельности; вхождение в состав руководящего органа или наблюдательного совета коммерческой организации (пункт 4 статьи 79 ). Кроме того, из отдельных положений Конституции вытекают и другие основания, делающие невозможным дальнейшее пребывание судьи в должности: прекращение гражданства Республики Казахстан (пункт 3 статьи 79 ); смерть и признание судом умершим, поскольку утрачивается общая правосубъектность лица (пункт 1 статьи 13 ); нарушение требований пункта 2 статьи 23  Основного Закона.

      Положения Конституции, из которых вытекают определенные основания прекращения полномочий судьи и освобождения его от должности, обладают высшей юридической силой и имеют прямое действие (пункт 2 статьи 4  Основного Закона). Однако вышеупомянутые основания не являются исчерпывающими. В пункте 1 статьи 79  Конституции указано, что "полномочия судьи могут быть прекращены... исключительно по основаниям, установленным законом". При этом следует иметь в виду, что прекращение полномочий судьи возможно по основаниям, предусмотренным не только конституционным законом, но и законом (пункты 2, 3 и 4 статьи 75 , пункты 1 и 2 статьи 77 , пункт 1 статьи 79 , пункт 5 статьи 82  Конституции).

      В законе могут быть установлены, кроме тех, которые вытекают из конституционных норм, и иные основания прекращения полномочий судьи, включая освобождение его от занимаемой должности вследствие достижения пенсионного возраста, установленного законодательством Республики. Эта правовая позиция согласуется с положениями нормативного постановления  Конституционного Совета от 6 марта 1997 года N 3, в котором сказано, что "... судьи Верховного Суда Республики Казахстан избираются Сенатом Парламента Республики Казахстан, а судьи местных судов назначаются Президентом Республики Казахстан на неопределенный срок, до достижения предельного возраста".

      Установление предельного возраста для нахождения на должности судьи обусловлено спецификой его профессиональной деятельности, задачами и принципами функционирования судебной власти. Оно не может оцениваться как ограничение конституционного принципа независимости судьи, поскольку судья, освобожденный от должности по достижении пенсионного возраста, в дальнейшем не осуществляет полномочий по отправлению правосудия. Конституционный Совет не усматривает в этом дискриминации конституционных прав гражданина, так как статус судьи не является личной привилегией. Основания прекращения полномочий и освобождения от должности являются общими и равными для всех судей и регламентируются нормативными правовыми актами, обладающими юридической силой не ниже закона.

      Таким образом, конституционное положение о постоянном характере статуса судьи не означает пожизненное пребывание его на занимаемой должности, что предполагает прекращение полномочий судьи не иначе как по основаниям, устанавливаемым в конституционных и иных законах.

      На основании изложенного, руководствуясь подпунктом 4) пункта 1 статьи 72  Конституции Республики Казахстан, статьями 31- 33, 37  и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41  Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан применительно к поставленным в обращении вопросам

постановляет:

      1. Норму пункта 1 статьи 79  Конституции Республики Казахстан в части "суды состоят из постоянных судей..." следует понимать так, что судьи являются профессиональными должностными лицами государства, наделенными полномочиями по осуществлению правосудия от его имени на неопределенный срок. Они несменяемы в течение всего времени пребывания на должности судьи до прекращения полномочий по основаниям и в порядке, предусматриваемым конституционным законом и иными законами.

      2. Норма пункта 1 статьи 79  Конституции Республики Казахстан в части "полномочия судьи могут быть прекращены... исключительно по основаниям, установленным законом" означает, что основания прекращения полномочий судьи и освобождения его от должности, в том числе в связи с достижением предельного (пенсионного) возраста, определяются конституционным законом и иными законами.

      3. В соответствии с пунктом 3 статьи 74  Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73  Конституции Республики Казахстан.

      4. Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

      Председательствующий -
      член Конституционного Совета
      Республики Казахстан