Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5 қаулысына түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшi туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 25 тамыздағы N 9 Қосымша қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

      Орталық сайлау комиссиясының хатшысы В.К.Фоостың,
      Республика Бас Прокурорының орынбасары А Қ.Дауылбаевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Pecпубликасы Конституциясы  52-бабының  3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5  қаулысына  түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны - Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К.Котовты және қарауға қатысып отырғандардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны  анықтады:
      Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының  35-бабы , 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Конституциясы  52-бабының  3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5  қаулысына  қосымша түсiндiрме беру туралы өтiнiшпен Конституциялық Кеңеске жүгiнiп, ол қарауға қабылданған.
      Құқық қолдану қызметiндегi қиыншылыққа байланысты Орталық сайлау комиссиясы, Парламент депутатының мандаты соттың оған қатысты күшiне енген айыптау үкiмiмен сыйыспайтындығы туралы жоғарыда аталған қаулының уәждемелiк бөлiгiнiң және Парламент Палатасының мұндай депутатты мандаттан айыру туралы қаулы қабылдамауы "депутаттық өкiлеттiк сақталуына немесе қалпына келтiрiлуiне әкеп соқпайды" делiнетiн Кеңестiң осы қаулысының қаулы алу бөлiгiнiң 2-тармағы ережелерiне қосымша түсiндiрме берудi өтiнедi. Осыдан келiп мынадай сұрақтар қойылады:
      - соттың айыптау үкiмiнiң күшiне енуi депутатты осы сәттен бастап өкiлеттiктен айыруға автоматты түрде әкеп соқтырады дегендi бiлдiре ме;
      - дәл осындай жағдайда сотталғандық фактiсiнiң Мәжiлiс депутаттығына тiркелген кандидат мәртебесiмен құқықтық-сыйыспаушылығы туындай ма;
      - егер Парламент депутаттығына кандидат ретiндегi азаматқа қатысты соттың айыптау үкiмi өзiнiң заңдық күшiне енген болса, онда Конституциядан және Конституциялық Кеңестiң қаралып отырған осы қаулысынан тиiстi сайлау комиссиясының азаматты Парламент депутаттығына кандидат ретiнде тiркеу туралы шешiмiнiң күшiн жою қажеттiлiгi мен мiндеттiлiгi келiп шығады ма.
      Өтiнiште қойылған сұрақтарды талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаған қосымша түсiндiрме беру қажет деп есептейді.

      1. "Қазақстан Республикасы Конституциясы  52-бабының  3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5  қаулысында  құқық қолданушының назары Конституцияның  52-бабы , 5-тармағы нормасының өктемдік сипатына ерекше аударылған болатын, бұл Парламент депутатына қатысты соттың айыптау үкiмiнiң күшiне енуі секілдi заңдық фактi болған кезде депутаттық өкiлеттiктен сөзсiз айрылуды бiлдiредi. Бұдан, Конституциялық Кеңес мұндай жағдайларда Парламент палаталарының тиiстi қаулылар қабылдауы мiндеттi емес деп есептейді деген пiкiр туындамауы керек. Керiсiнше, Кеңес бұл қаулыда, "Конституцияның  52-бабы , 5-тармағында көрсетiлген негіз бойынша Палатаның депутатты өз мандатынан айыру туралы шешiм қабылдаудан бас тартуы, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайтыны туралы  12-бабы , 1-тармағы 13) тармақшасының талаптарын орындауға кедергі болады", - деп атап көрсетедi.
      Конституцияның  52-бабы , 5-тармағы нормасының тiкелей қолданылуын ескере отырып, Парламент депутатына қатысты айыптау үкiмi заңдық күшiне енген кезде Парламент палаталары заңдық тұрғыда қажеттi қаулылар қабылдамаған жағдайда депутаттық өкiлеттiк сақталмайды немесе қалпына келмейдi. Қаулының уәждемелік бөлiгiнде Кеңес бiржақты атап өткенiндей, бұл нормада Конституция депутат мандатының соттың күшiне енген айыптау үкiмiмен құқықтық сыйыспаушылығын белгiлейдi.

      2. Конституция Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарын сайлау тәртiбін айқындау мәселелерiн конституциялық заң аясына жатқызады (Конституцияның 51-бабының 5-тармағы).
      Азаматтардың бәсең сайлау құқығын iске асыруын реттейтiн Конституция нормаларына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заң  соттың заңдық күшiне енген айыптау үкiмiнiң Парламент депутаттығына кандидат мәртебесiмен құқықтық сыйыспаушылығы принципiн бекiттi. Бұл Конституциялық заңның 4-бабының 4-тармағында мынадай мiндеттi талап белгiленген: "Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергілiктi өзін-өзі басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде тiркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiп бойынша алып тасталмаған адамды тiркеуге болмайды". Конституциялық заңның бұл ережесiнің Конституция нормаларына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнiші бойынша Конституциялық Кеңестiң тексеру нысаны болған еді. Кеңес 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 5  қаулымен  бұл Конституциялық заңның 4-бабы, 4-тармағының жоғарыда аталған талабын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп тапты.
      Азаматтардың бәсең сайлау құқық субъектiлiгiн iске асыру мүмкiндiгiне Конституциялық заңның жоғары талап қоюы, Негiзгi Заң солардың мүддесін ескеpe отырып азаматтардың құқықтарын шектеуге жол беретін конституциялық құндылықтарды қорғауға бағытталған. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы" Кеңестiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 5  қаулысында  атап өтiлгенiндей, азаматтарға қойылатын бұл талап негiздi.
      Конституциялық Кеңес құқықтық танымдардың мынадай табиғатына, яғни, соттың айыптау үкiмiнсiз соттылық туындамайтынына назар аударады. Дәл сондай-ақ, соттың заңдық күшiне енген айыптау үкiмi нәтижесiнде адамның оған әуел-бастан ие болмай тұрып "өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы" да объективтi түрде бола алмайды. Соттылық - айыптау үкiмiнiң салдары.
      Конституциялық заңның  4-бабы , 4-тармағының Парламент депутаттығына сайлануға үмiткерге, сондай-ақ бәсең сайлау құқығын iс асырушы өзге де субъектiлерге қоятын талабының мәнi - соттылық болу фактiсi, бұл заңдық мән-жайдың қашан анықталғандығы не табылғандығы немесе қашан ол процессуалдық туындағаны оған қатыссыз. Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, жоғарыда аталған норманың "уақытына қарай" деген шарты, бәсең сайлау құқығын iске асырушы азамат үшiн соттылықтың сайлау процесiнiң қай сатысына дейiн құқықтық салдарсыз өтелуi немесе алып тасталуы мүмкiн екендiгiн ғана көрсетедi.
      Парламент депутаттығына кандидат болып тiркелу уақытына қарай өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылық, соның нәтижесiнде туындайтын оның мәртебесiмен құқықтық сыйыспаушылықтың шарты ретiнде, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның  4-бабы , 4-тармағына сай тiркелу мүмкiндiгін жоққа шығарып қана қоймай, оған қатысты соттың айыптау үкiмi күшiне енгенге дейiн - Парламент депутаттығына кандидат болып тiркелген азаматтың бұл сипаттан айрылуын да көздейдi.
      Қолданылып жүрген конституциялық құқықтың нормалары Парламент депутаттығына кандидат болып тiркелген азаматтың сайлау процесiнiң кез келген сатысында қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн екенiн және соның салдары ретiнде - оның сотты болуы мүмкiн екенiн жоққа шығармайды. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның  47-бабының  3-тармағында: "Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн ... қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сондай-ақ оларды Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз тiкелей қылмыс үстiнде ұсталғаннан және ауыр қылмыс жасағаннан басқа реттерде ұстауға болмайды", - делiнген. Бұдан келiп шығатыны, соттылық Парламент депутаты болып сайланғаннан кейiн де туындауы мүмкiн. Осы сипатта тiркелгеннен кейiн Парламент депутатына, оған қатысты соттың айыптау үкiмi күшiне енген кезде, Конституцияның  52-бабы , 5-тармағының нормасы қолданылады. Кеңестiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5  қаулысында  дәл осы туралы айтылады. Сол арқылы, соттың күшiне енген айыптау үкiмiнiң нәтижесiнде соттылық болу фактiсiнiң депутаттық мандатпен құқықтық сыйыспаушылық принципi қолданылып жүрген конституциялық құқықтың ережелерiнде формальдi-заңдық түрде аяқталған болады.

      3. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заң  "Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға кандидат жауап бермеген жағдайда" округтік сайлау комиссиясының Парламент депутаттығына кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюы мүмкiн екенiн көздейдi (Конституциялық заңның  89-бабы , 6-тармағының 3) тармақшасы).
      Орталық сайлау комиссиясы сондай-ақ "партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Конституцияда және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға жауап бермеген жағдайда" партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiм қабылдайды (Конституциялық заңның  89-бабы , 9-тармағының 4) тармақшасы).
      Конституциялық заңның 4-бабы, 4-тармағының талабы Парламент депутаттығына кандидаттарға, оның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, қойылатын талаптap қатарына жатады.
      Осы шарт болғанда азаматтың Парламент депутаттығына тiркелген кандидат болу мүмкiндiгiнен айрылуы, немесе сайлау процесiнiң кейiнгi бiр сатыларында ол сотты болса немесе соттылығы табылған жағдайда оның бұл сипатта тiркелгендiгi жойылуы, сайлау комиссиясының Парламент депутаттығына кандидатты тiркеудiң күшiн жою туралы шешiм қабылдауы қажет екенiн жоққа шығармайды. Бұл заң жүзiнде азаматтың Парламент депутаттығына кандидат мәртебесiн жоғалтқан сәтiн ресми анықтау үшiн қажет, бұның азамат үшiн және сайлау науқаны үшiн құқықтық салдары болады.
      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының  35-бабы , 1-тармағының 1) тармақшасын, 2 және 3-тармақтарын және 41-бабын басшылыққа алып,  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:

      1. "Қазақстан Республикасы Конституциясы  52-бабының  3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5  қаулысының  қаулы алу бөлiгi 2-тармағының ережесi, депутатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңдық күшiне енген жағдайда Парламент палаталарына оны мандатынан айыру туралы қаулы қабылдау шарт емес дегендi бiлдiрмейдi, деп түсiндiрiлсiн. Парламент Палатасының мұндай қаулы қабылдаудан бас тартуы Қазақстан Республикасы Конституциясының  52-бабы , 5-тармағы нормасының тiкелей қолданылуын бұзу болады.

      2. Бәсең сайлау құқығын iске асыруға қойылатын талаптар туралы конституциялық нормалар мен ережелердi, Парламент депутаттығына кандидат болып тiркелген азаматқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңдық күшiне енген жағдайда бұл заңдық фактiнiң Парламент депутаттығына кандидат мәртебесiмен құқықтық сыйыспаушылығы орын алады, деп түсiнген жөн.

      3. Конституция нормаларының, Конституциялық Кеңес қаулыларының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заң  нормаларының мазмұны мен мағынасынан келiп туындайтыны, егер Парламент депутаттығына кандидатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңдық күшiне енген болса, онда тиiстi сайлау комиссиясы сайлау процесiнiң "кез келген сатысында оны тiркеу туралы" шешiмнiң күшiн жоюға тиiс.

      4. Осы қаулы түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабы , 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, шағымдануға жатпайды.
      Конституциялық Кеңестiң қосымша қаулысы оның негiзгi қаулысының мазмұны мен мақсатынан ажыратып алғысыз және онымен бiр уақытта қолданылады.

      5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

      

О ходатайстве Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан об истолковании постановления Конституционного Совета Республики Казахстан от 12 мая 2003 года N 5 "Об официальном толковании пунктов 3 и 5 статьи 52 Конституции Республики Казахстан"

Дополнительное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 25 августа 2004 года N 9

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Рогова И.И., членов Совета Абишева Х.А., Балтабаева К.Ж., Котова А.К., Омарханова К.А. с участием:
      секретаря Центральной избирательной комиссии Фооса В.К.,
      заместителя Генерального Прокурора Республики Даулбаева А.К.,
      рассмотрел в открытом заседании ходатайство Центральной избирательной комиссии об истолковании постановления  Конституционного Совета от 12 мая 2003 года N 5 "Об официальном толковании пунктов 3 и 5 статьи 52  Конституции Республики Казахстан".
      Изучив имеющиеся материалы, заслушав докладчика - члена Конституционного Совета Котова А.К. и выступления участников рассмотрения, Конституционный Совет Республики Казахстан установил:
      Центральная избирательная комиссия в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 35  Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан" обратилась в Конституционный Совет с ходатайством о дополнительном истолковании постановления  Конституционного Совета от 12 мая 2003 года N 5 "Об официальном толковании пунктов 3 и 5 статьи 52  Конституции Республики Казахстан", которое принято к рассмотрению.
      В связи с затруднением в правоприменительной деятельности Центральная избирательная комиссия ходатайствует о дополнительном истолковании положений мотивировочной части вышеназванного постановления о несовместимости мандата депутата Парламента со вступившим в силу обвинительным приговором суда в отношении него и пункта 2 постановляющей части этого постановления Совета о том, что непринятие Палатой Парламента постановления о лишении такого депутата мандата "не влечет сохранения или восстановления депутатских полномочий". Из чего ставятся такие вопросы:
      - означает ли, что вступление в силу обвинительного приговора суда автоматически влечет лишение депутата полномочий с этого момента;
      - возникает ли при аналогичной ситуации правовая несовместимость факта судимости со статусом зарегистрированного кандидата в депутаты Мажилиса;
      - следует ли из Конституции и рассматриваемого постановления Конституционного Совета необходимость и обязательность отмены решения соответствующей избирательной комиссии о регистрации гражданина в качестве кандидата в депутаты Парламента, если в отношении последнего вступил в законную силу обвинительный приговор суда.
      Проанализировав поставленные в ходатайстве вопросы, Конституционный Совет считает необходимым дополнительно разъяснить следующее.

      1. В постановлении  Конституционного Совета от 12 мая 2003 года N 5 "Об официальном толковании пунктов 3 и 5 статьи 52  Конституции Республики Казахстан" особо обращалось внимание правоприменителя на императивный характер нормы пункта 5 статьи 52  Конституции, что означает безусловную утрату депутатских полномочий при наступлении такого юридического факта, как вступление в силу обвинительного приговора суда в отношении депутата Парламента. Из этого не следует, что Конституционный Совет считает необязательным принятие в таких случаях палатами Парламента соответствующих постановлений. Напротив, Совет в этом постановлении указывает, что "уклонение Палаты от принятия постановления о лишении депутата своего мандата по основанию, указанному в пункте 5 статьи 52  Конституции, станет препятствием к исполнению требований подпункта 13) пункта 1 статьи 12  Конституционного закона "О выборах в Республике Казахстан" о назначении Центральной избирательной комиссией Республики Казахстан выборов депутатов Парламента вместо выбывших".
      Исходя из прямого действия нормы пункта 5 статьи 52  Конституции, в случае непринятия палатами Парламента юридически необходимых постановлений при вступлении в законную силу обвинительного приговора в отношении депутата Парламента, сохранения или восстановления депутатских полномочий не происходит. В данной норме, как однозначно констатируется Советом в мотивировочной части постановления, Конституция устанавливает правовую несовместимость мандата депутата со вступившим в силу обвинительным приговором суда.

      2. Конституция относит вопросы определения порядка выборов депутатов Парламента Республики Казахстан к сфере конституционного закона (пункт 5 статьи 51 Конституции).
      В соответствии с нормами Конституции, регулирующими осуществление гражданами пассивного избирательного права, Конституционный закон  "О выборах в Республике Казахстан" закрепил принцип правовой несовместимости вступившего в законную силу обвинительного приговора суда со статусом кандидата в депутаты Парламента. В пункте 4 статьи 4 этого Конституционного закона установлено обязательное требование: "Не подлежит регистрации в качестве кандидата в Президенты Республики Казахстан, в депутаты Парламента Республики Казахстан, в том числе по партийным спискам, маслихатов, а также кандидатом в члены органов местного самоуправления лицо, имеющее судимость, которая ко времени регистрации не погашена или не снята в установленном законом порядке". Соответствие нормам Конституции этого положения Конституционного закона было предметом проверки Конституционного Совета по обращению Президента Республики Казахстан. Постановлением  от 9 апреля 2004 года N 5 Совет признал вышеназванное требование пункта 4 статьи 4 этого Конституционного закона соответствующим Конституции.
      Повышенные требования Конституционного закона к возможности осуществления гражданами пассивной избирательной правосубъектности направлены на защиту тех конституционных ценностей, в интересах которых Основной Закон допускает ограничения прав граждан. Эти требования, как отмечается в постановлении  Совета от 9 апреля 2004 года N 5 "О проверке Конституционного закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" на соответствие Конституции Республики Казахстан", обоснованы.
      Конституционный Совет обращает внимание на ту природу правовых вещей, что без обвинительного приговора суда не возникает судимости. Так же, как объективно не может быть "не погашенной или не снятой судимости" без изначального ее обретения лицом в итоге вступившего в законную силу обвинительного приговора суда. Судимость - следствие обвинительного приговора.
      Сутью требования пункта 4 статьи 4  Конституционного закона к претенденту на избрание депутатом Парламента, а также к другим субъектам, осуществляющим пассивное избирательное право, является факт наличия судимости как таковой безотносительно того, когда было установлено или обнаружено это юридическое обстоятельство или когда оно процессуально возникло. По мнению Конституционного Совета, условие вышеуказанной нормы - "ко времени регистрации" - лишь показывает до какой стадии избирательного процесса судимость может быть погашена или снята без правовых последствий для гражданина, осуществляющего пассивное избирательное право.
      Не снятая или не погашенная ко времени регистрации кандидатом в депутаты Парламента судимость, как условие наступающей в результате этого правовой несовместимости с его статусом, не только исключает, согласно пункту 4 статьи 4  Конституционного закона "О выборах в Республике Казахстан", возможность быть зарегистрированным, но и предполагает утрату этого качества гражданином, который был зарегистрирован кандидатом в депутаты Парламента до вступления в силу обвинительного приговора суда в отношении него.
      Нормы действующего конституционного права не исключают вероятность привлечения к уголовной ответственности гражданина, зарегистрированного кандидатом в депутаты Парламента, на любой стадии избирательного процесса и, как следствие, - возникновения у него судимости. Конституционный закон  "О выборах в Республике Казахстан" говорит в пункте 3 статьи 47: "Кандидаты в Президенты, депутаты Парламента со дня их регистрации и до опубликования итогов выборов, а также до их регистрации в качестве Президента, депутата Парламента без согласия Центральной избирательной комиссии не могут быть... привлечены к уголовной ответственности, а также задержаны, кроме случаев задержания непосредственно на месте преступления и совершения тяжкого преступления". Из этого следует, что возникновение судимости возможно и после избрания депутатом Парламента. К депутату Парламента после его регистрации в этом качестве применяется норма пункта 5 статьи 52  Конституции, когда в отношении него вступил в силу обвинительный приговор суда. Об этом и говорится в постановлении  Совета от 12 мая 2003 года N 5. Тем самым принцип правовой несовместимости факта наличной судимости в результате вступившего в силу обвинительного приговора суда с депутатским мандатом в положениях действующего конституционного права получает формально-юридическую завершенность.

      3. Конституционный закон  "О выборах в Республике Казахстан" предусматривает возможность отмены окружной избирательной комиссией решения о регистрации кандидата в депутаты Парламента в случае "несоответствия кандидата требованиям, предъявляемым к нему Конституцией и настоящим Конституционным законом" (подпункт 3) пункта 6 статьи 89 ). Центральная избирательная комиссия также принимает решение об исключении лица, включенного в партийный список, из этого списка в случае "несоответствия лица, включенного в партийный список, требованиям, предъявляемым к кандидату Конституцией и настоящим Конституционным законом" (подпункт 4) пункта 9 статьи 89 ).
      К требованиям, предъявляемым к кандидату в депутаты Парламента, в том числе по партийным спискам, относится требование пункта 4 статьи 4 Конституционного закона.
      Утрата гражданином возможности при наличии этого условия быть зарегистрированным кандидатом в депутаты Парламента или аннулирование состоявшейся его регистрации в этом качестве, в случае возникновения или обнаружения судимости на более поздних стадиях избирательного процесса, не исключает необходимость принятия избирательной комиссией решения об отмене регистрации кандидата в депутаты Парламента. Юридически это необходимо для официального установления момента утраты гражданином статуса кандидата в депутаты Парламента, что имеет правовые последствия для него и для избирательной кампании.
      На основании изложенного, руководствуясь подпунктом 1) пункта 1, пунктами 2 и 3 статьи 35  и статьей 41 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан постановляет:

      1. Разъяснить, что положение пункта 2 постановляющей части постановления  Конституционного Совета Республики Казахстан от 12 мая 2003 года N 5 "Об официальном толковании пунктов 3 и 5 статьи 52  Конституции Республики Казахстан" не означает, что палатам Парламента Республики не обязательно принимать постановление о лишении депутата мандата в случае вступления в законную силу обвинительного приговора суда в отношении него. Уклонение Палаты Парламента от принятия такого постановления станет нарушением ею прямого действия нормы пункта 5 статьи 52  Конституции Республики Казахстан.

      2. Конституционные нормы и положения о требованиях к осуществлению пассивного избирательного права надлежит понимать так, что при вступлении в законную силу обвинительного приговора суда в отношении гражданина, зарегистрированного кандидатом в депутаты Парламента, наступает правовая несовместимость этого юридического факта со статусом кандидата в депутаты Парламента.

      3. Из содержания и смысла норм Конституции, постановлений Конституционного Совета и норм Конституционного закона  "О выборах в Республике Казахстан" следует, что решение о регистрации кандидата в депутаты Парламента подлежит отмене соответствующей избирательной комиссией на любой стадии избирательного процесса, если в отношении него вступил в законную силу обвинительный приговор суда.

      4. Настоящее постановление окончательно и обжалованию не подлежит, с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73  Конституции Республики Казахстан.
      Дополнительное постановление Конституционного Совета неотъемлемо от содержания и назначения его основного постановления и применяется одновременно с ним.

      5. Опубликовать настоящее постановление на государственном и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

 
      Председатель
 Конституционного Совета
  Республики Казахстан