"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру туралы

Қазақстан Ресмпубликасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, Н.В.Белоруков, С.Ф.Бычкова, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
      өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Т.Рүстемовтің,
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қ.Ахметовтың,
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовтың,
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілі - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.К.Фоостың қатысуымен,
      өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттарының "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасы  Заңының  қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
      Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі
      А.М. Нұрмағамбетовтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі   мынаны

анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2007 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 47 депутаты қол қойған, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-ІІІ Қазақстан Республикасы  Заңының  (бұдан әрі - Заң) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтініш келіп түсті.
      Республиканың Конституциясына мемлекеттік билік органдары арасындағы өзара қарым-қатынастарға, оларды қалыптастыру тәртібіне және өзге де бірқатар мәселелерге қатысты өзгерістер мен толықтыруларды енгізген Заңның қабылдануы Конституциялық Кеңеске жүгінуге себеп болған.
      Өтініш субъектісі Заңның  2-бабы  1-тармағының ережелерін ескере отырып, Конституцияның Парламент пен оның Палаталарының өкілеттігін, оларды қалыптастыру тәртібін айқындайтын нормаларына ресми түсіндірме беруді және осы орайда мынадай сұрақтарға жауап қайтаруды сұрайды:

      "1) Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика Парламентінің қазіргі құрамына жаңа конституциялық өкілеттіктерді алуға және іске асыруға мүмкіндік бере ме және егер беретін болса, қандай бөлігінде және Парламент Палаталарының екеуіне де ме;
      2) Парламент Мәжілісі Конституцияның жаңа тиісті нормаларын жедел қолданысқа енгізу мақсатында өзін-өзі тарату туралы дербес мәлімдеуге құқылы ма, егер олай болмаса, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісін тарату жөніндегі өзінің конституциялық өкілеттігін пайдалануға құқылы ма;
      3) қазіргі сайланған Парламент Мәжілісін тарату "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-ІІІ Қазақстан Республикасы
Заңының  2-бабында  көзделген, Конституцияның Парламент депутаттары
сияқты лауазымды адамдарға өкілеттік берудің жаңа тәртібін белгілеу
мүмкіндігін белгілейтін және көздейтін нормаларын қолданысқа енгізу үшін негіз бола ма. Егер олай болса, төртінші сайланатын Парламент Мәжілісі сайланғаннан және төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының жұмысы басталғаннан кейін Республика Парламентіне жаңа конституциялық өкілеттіктер беріле ме".
      Конституциялық Кеңестің отырысы барысында өтініш субъектісінің өкілі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  21-бабы  2-тармағының 4) тармақшасына және  3-бабының  1) тармақшасына сәйкес мынаны түсіндіріп беруді сұрап, ауызша өтініш мәлімдеді: "Егер Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылатын болса, Сенаттың қазіргі қызмет істеп тұрған құрамы Мәжіліс уақытша болмаған кезеңде Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындауға хақылы ма?".
      Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндірген кезде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны негізге алды.

       1.  Заңмен, басқаларымен қатар, Конституцияның "Парламент" деп аталатын  IV бөліміне  Парламент Палаталарын қалыптастырудың жаңа
тәртібін, олардың депутаттарының санын ұлғайтуды, Парламент пен оның
Палаталарының өкілеттіктеріндегі өзгерістерді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
      Мәселен, Заңда Президенттің Парламент Мәжілісінің келісімімен Премьер-Министрді қызметке тағайындау, Мәжілістің және Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіру рәсімі белгіленіп, Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Сенаттың Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау жөніндегі құқығы бекітіледі.
      Заңның 2 және 3-баптарында Конституцияның осы көрсетілген ережелерін қолданысқа енгізудің тәртібін айқындайтын нормалар берілген. Заңның  2-бабының  1-тармағына сай Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның Палаталары осы Заңда өздері үшін көзделген конституциялық өкілеттіктерді үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталған соң алады.
      Осы норма Парламент пен оның Палаталарының өздеріне Заңмен берілген жаңа конституциялық өкілеттіктер алу уақытын, - үшінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталу сәтін белгілейді. Осы көрсетілген сәт келгенге дейін Парламент пен оның Палаталары жаңа құқықтар мен міндеттер ала алмайды және оларды жүзеге асыра алмайды. Бұл сондай-ақ, лауазымды адамдарға өкілеттік берудің жаңа тәртібіне де қатысты болады, егер осы адамдардың орнын басу рәсіміне Парламенттің немесе оның Палаталарының қатысуы кіретін болса (келісім беру, тағайындау, сайлау), оның қолданысқа енгізілуі осы лауазымды адамдардың өкілеттік мерзімі аяқталуына немесе өкілеттіктерінің тоқтатылуына қарай көзделген (Заңның  2-бабының  2-тармағы).
      Бұл жазылғандар, Парламенттің және оның Палаталарының жаңа конституциялық өкілеттіктер алуын Заң үшінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталуымен байланыстыратынын айғақтайды. Демек, Парламент Мәжілісінің қазіргі қызмет істеп тұрған құрамы кезінде тұтас алғанда Парламент те, оның Палаталары да ешқандай бөлігінде жаңа өкілеттіктер ала алмайды және оларды жүзеге асыра алмайды.

       2.  Конституцияның  49-бабы  2 және 3-тармақтарының,  55-бабы  5) тармақшасының және  63-бабының  мазмұнынан, Парламент Мәжілісінің
өкілеттік мерзімі мынадай жағдайларда аяқталуы мүмкін екендігі келіп
шығады: конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталуы; Парламент немесе
Парламент Мәжілісі таратылған кезде өкілеттігі мерзімінен бұрын
тоқтатылуы.
      Республика Конституциясының  49-бабының  2-тармағында "Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезде аяқталады" деп белгіленген.
      Осы конституциялық ереже негізінде үшінші шақырылған Парламент Мәжілісінің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған күннен - 2004 жылғы 3 қарашадан басталды ("Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы N 1465  Жарлығы ) және жаңа (төртінші) шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталады.
      Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің таратылуы салдарынан Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Мәселен, Конституцияның  52-бабының  5-тармағында "Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайда тоқтатылады" деп көрсетілген. Бұл жазылғаннан келіп шығатыны, Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің таратылуы тұтас алғанда Парламент депутаттарының не Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын білдіреді.
      Конституцияның  63-бабы  1-тармағының жаңа редакциясына сәйкес Республика Президенті міндетті конституциялық рәсім сақталған кезде - Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрімен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін таратуға хақылы. Бұл, Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мәжілісін таратуға ерекше құқығы бар дегенді білдіреді. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде ғана таратуға болмайды (Конституцияның  63-бабының  2-тармағы).
      Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған кезде, Конституцияның  44-бабының  2) тармақшасына сай, Республика Президенті Республика Парламентіне және оның Палатасына кезектен тыс сайлау тағайындайды. Конституцияның  51-бабының  3-тармағында, Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі, деп белгіленген. Бұл ретте, кезектен тыс сайлау Парламент депутаттарына өкілеттік берудің жаңа тәртібіне сәйкес өткізілуге тиіс. Оларды сайлау (тағайындау) Парламент Сенаты мен Мәжілісінің саны жағынан құрамы өзгеруін ескере отырып іске асырылады.
      Үшінші шақырылған Парламент Мәжілісі таратылған жағдайда, Парламент Сенаты Заңның редакциясындағы Конституцияның  55-бабында  көзделген өкілеттіктерді алады. Атап айтқанда Сенат Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындайды. Төртінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен Парламент пен оның Палаталарына жаңа конституциялық өкілеттіктер толық көлемінде беріледі.

       3.  Конституцияға жасалған талдау көрсеткеніндей, оның нормалары өзін-өзі таратуды Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз ретінде көздемейді. Конституцияда жергілікті өкілді органдар - мәслихаттардың ғана өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдауы мүмкін екендігі белгіленген (Конституцияның  86-бабының  5-тармағы).
      Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің және оның Палаталары өкілеттігінің толық тізбесі берілген және оны заңдармен кеңейту мүмкіндігі көзделмеген (Конституцияның  53-бабының  8) тармақшасы,  55-бабының  6) тармақшасы,  56-бабы  1-тармағының 4) тармақшасы).
      Сонымен бірге, Парламент және оның Палаталары өздерінің конституциялық мәртебесі бойынша тұрақты түрде қызмет істейтін органдар болып табылады, олардың шешімдерін депутаттар Палаталардың бірлескен отырыстарында да, бөлек отырыстарында да дауыс беру арқылы қабылдайды. Депутаттардың Парламент жұмысына қатысуға міндетті екендігі, Парламентте жеке өзі ғана дауыс беруінің талап етілуі, дауыс беру құқығын басқа біреуге беруіне жол берілмеуі (Конституцияның  52-бабының  2-тармағы) шешім қабылдау үшін адам санының және депутаттардың тиісті дауыс санының жеткілікті болуы қажет екендігін көздейді, бұл Парламент пен оның Палаталары актілерінің заңдылығын айқындаушы фактор болып табылады. Әртүрлі жағдайларға қарай адам санының жеткілікті болмауы (депутаттардың орнынан түсуі, олардың мандатынан айрылуы және басқалары) Республика Президентінің Конституцияның  63-бабының  1-тармағына сәйкес Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы шешім қабылдауына себеп болуы мүмкін.
      Жазылғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының  72-бабы  1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  17-бабы  3-тармағының 1) тармақшасын,  31-33,   37-баптарын  және   41-бабы  1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып,  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

қаулы етеді:

       1.  Парламенттің және оның Палаталарының жаңа конституциялық өкілеттіктері, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының  2-бабының  1-тармағына сәйкес, үшінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі, Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталған кезде де, Республика Президенті оны таратып жіберген жағдайда өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде де олай істеу мүмкін болады.
      "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  үшінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін немесе Республика Президенті Парламентті немесе Парламент Мәжілісін таратқан кезде өкілеттігі тоқтатылғанға дейін Парламентке және оның Палаталарына жаңа конституциялық өкілеттіктер алып, оларды жүзеге асыруына мүмкіндік бермейді.

       2.  Республика Конституциясы өзін-өзі таратуды Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз ретінде көздемейді.

       3.  Қазақстан Республикасының Президенті  Конституцияға  сай Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрімен консультациялардан кейін, өз бастамасымен де, Парламент депутаттарының өтініші бойынша да Парламентті немесе Парламент Мәжілісін таратуға хақылы.

       4.  Үшінші сайланған Парламент Мәжілісі таратылған жағдайда Парламент депутаттарына өкілеттік берудің жаңа тәртібін белгілейтін конституциялық нормалар қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте Конституцияның  55-бабының  5) тармақшасына сай Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Парламент Мәжілісінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындайды.

       5.  Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабының  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді,
шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей
міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабының
4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.

       6.  Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

      

Об официальном толковании норм Конституции Республики Казахстан в связи с принятием Закона Республики Казахстан от 21 мая 2007 года N 254-III "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан"

Нормативное Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 18 июня 2007 года N 7

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Рогова И.И., членов Совета Абишева Х.А., Балтабаева К.Ж., Белорукова Н.В., Бычковой С.Ф., Нурмагамбетова A.M., Стамкулова У.М. с участием:
      представителя субъекта обращения - депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан Рустемова Н.Т.,
      представителя Сената Парламента Республики Казахстан - депутата Сената Парламента Республики Казахстан Ахметова К.,
      представителя Правительства Республики Казахстан - вице-Министра юстиции Республики Казахстан Куставлетова Д.Р.,
      представителя Генеральной прокуратуры Республики Казахстан - заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан Даулбаева А.К.,
      представителя Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан - заместителя Председателя Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан Фооса В.К.
      рассмотрел в открытом заседании обращение группы депутатов Парламента Республики Казахстан об официальном толковании норм Конституции Республики Казахстан в связи с принятием  Закона  Республики Казахстан от 21 мая 2007 года N 254-III "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан".
      Заслушав сообщение докладчика - члена Конституционного Совета Нурмагамбетова A.M., выступления участников заседания, изучив материалы конституционного производства, Конституционный Совет Республики Казахстан

                                      установил :

      В Конституционный Совет Республики Казахстан 7 июня 2007 года поступило обращение, подписанное 47 депутатами Мажилиса Парламента Республики Казахстан, об официальном толковании норм Конституции Республики Казахстан в связи с принятием  Закона  Республики Казахстан от 21 мая 2007 года N 254-III "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан" (далее - Закон).
      Поводом для обращения послужило принятие  Закона , которым внесены изменения и дополнения в  Конституцию  Республики, касающиеся взаимоотношений между органами государственной власти, порядка их формирования и ряда других вопросов.
      Субъект обращения просит дать официальное толкование норм  Конституции , определяющих полномочия Парламента и его Палат, порядок их формирования с учетом положений пункта 1  статьи 2  Закона, предусмотрев при этом ответы на следующие вопросы:
      "1) дает ли  Конституция  Республики Казахстан возможность нынешнему составу Парламента Республики приобрести и реализовать новые конституционные полномочия и если дает, то в какой части и обеим ли Палатам Парламента;
      2) вправе ли Мажилис Парламента в целях ускоренного введения в действие новых соответствующих норм  Конституции  самостоятельно объявить о самороспуске, а если нет, то вправе ли Глава государства использовать свое конституционное полномочие по роспуску Мажилиса Парламента;
      3) будет ли роспуск Мажилиса Парламента действующего созыва основанием для введения в действие норм  Конституции , устанавливающих и предусматривающих возможность установления нового порядка наделения полномочиями таких должностных лиц, как депутаты Парламента, что предусмотрено  статьей 2  Закона Республики Казахстан от 21 мая 2007 года N 254-III "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан". И если да, то наделяется ли новыми конституционными полномочиями Парламент Республики после избрания Мажилиса Парламента четвертого созыва и начала работы первой сессии Парламента Республики Казахстан четвертого созыва".
      В ходе заседания Конституционного Совета представитель субъекта обращения в соответствии с  подпунктом 4)  пункта 2 и  подпунктом 1)  пункта 3 статьи 21 Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 2737 "О Конституционном Совете Республики Казахстан" заявил устное ходатайство с просьбой разъяснить: "вправе ли действующий состав Сената выполнять функции Парламента Республики Казахстан по принятию конституционных законов и законов в период отсутствия Мажилиса, если полномочия Мажилиса прекратятся досрочно?".
      При толковании норм  Конституции  Республики Казахстан Конституционный Совет Республики Казахстан исходит из следующего.

       1 . Законом внесены, наряду с другими, изменения и дополнения в нормы  Конституции , предусматривающие новый порядок формирования Палат Парламента, увеличение численности их депутатов, изменения в полномочиях Парламента и его Палат.
      Так, устанавливаются процедуры назначения Президентом Премьер-Министра с согласия Мажилиса Парламента, выражения Мажилисом и Парламентом вотума недоверия Правительству, закрепляется правомочие Сената по выполнению функций Парламента Республики по принятию конституционных законов и законов в период временного отсутствия Мажилиса, вызванного досрочным прекращением его полномочий.
      Статьи  2__  и  3__  Закона содержат нормы, определяющие порядок введения в действие указанных положений  Конституции . Согласно  пункту 1  статьи 2 Закона Парламент Республики Казахстан и его Палаты приобретают предусмотренные для них конституционные полномочия после истечения срока полномочий Мажилиса Парламента Республики Казахстан третьего созыва.
      Данная норма устанавливает время приобретения Парламентом и его Палатами новых конституционных полномочий, предоставленных им Законом, - момент истечения срока полномочий Мажилиса Парламента третьего созыва. До наступления указанного момента приобретение и реализация Парламентом и его Палатами новых прав и обязанностей исключаются. Это относится также и к новому порядку наделения полномочиями должностных лиц, введение в действие которого предусмотрено по мере истечения или прекращения срока их полномочий ( пункт 2  статьи 2 Закона), если процедура замещения таких должностей включает участие Парламента или его Палат (дача согласия, назначение, избрание).
      Изложенное свидетельствует, что приобретение Парламентом и его Палатами новых конституционных полномочий Закон связывает с истечением срока полномочий Мажилиса Парламента третьего созыва. Следовательно, при действующем составе Мажилиса Парламента, как Парламент в целом, так и его Палаты не могут приобрести и реализовать новые полномочия ни в какой части.

       2 . Из содержания пунктов 2 и 3  статьи 49 , подпункта 5)  статьи 55  и  статьи 63  Конституции следует, что истечение срока полномочий Мажилиса Парламента возможно при следующих обстоятельствах: окончание конституционного срока полномочий; досрочное прекращение полномочий при роспуске Парламента или Мажилиса Парламента.
      Пунктом 2  статьи 49  Конституции Республики установлено, что "полномочия Парламента начинаются с момента открытия его первой сессии и заканчиваются с началом работы первой сессии Парламента нового созыва".
      На основании данного конституционного положения полномочия Мажилиса Парламента третьего созыва начались со дня открытия его первой сессии - 3 ноября 2004 года ( Указ  Президента Республики Казахстан от 1 ноября 2004 года N 1465 "О созыве первой сессии Парламента Республики Казахстан третьего созыва") и заканчиваются с началом работы первой сессии Парламента нового (четвертого) созыва.
      Досрочное прекращение полномочий Мажилиса Парламента возможно вследствие роспуска Парламента или Мажилиса Парламента. Так, в пункте 5  статьи 52  Конституции указано, что "полномочия депутатов Парламента и Мажилиса Парламента прекращаются в случаях роспуска соответственно Парламента или Мажилиса Парламента". Из изложенного вытекает, что роспуск Парламента или Мажилиса Парламента означает досрочное прекращение полномочий депутатов Парламента в целом либо Мажилиса Парламента.
      В соответствии с новой редакцией пункта 1  статьи 63  Конституции Президент Республики вправе распустить Парламент или Мажилис Парламента при соблюдении обязательной конституционной процедуры - проведение консультаций с председателями Палат Парламента и Премьер-Министром Республики Казахстан. Это означает, что Президент Республики обладает исключительным правом роспуска Парламента или Мажилиса Парламента. Парламент и Мажилис Парламента не могут быть распущены только в период чрезвычайного или военного положения, в последние шесть месяцев полномочий Президента, а также в течение одного года после предыдущего роспуска (пункт 2  статьи 63  Конституции).
      При роспуске Парламента или Мажилиса Парламента, согласно подпункту 2)  статьи 44  Конституции, Президент Республики назначает внеочередные выборы в Парламент Республики и его Палаты. Пункт 3  статьи 51  Конституции устанавливает, что внеочередные выборы депутатов Парламента или Мажилиса Парламента проводятся в течение двух месяцев со дня досрочного прекращения полномочий Парламента или Мажилиса Парламента. При этом внеочередные выборы должны проходить в соответствии с новым порядком наделения полномочиями депутатов Парламента. Их избрание (назначение) осуществляется с учетом изменений количественного состава Сената и Мажилиса Парламента.
      В случае роспуска Мажилиса Парламента третьего созыва Сенат Парламента приобретает полномочия, предусмотренные в  статье 55  Конституции в редакции Закона. В частности, Сенат выполняет функции Парламента Республики по принятию конституционных законов и законов в период временного отсутствия Мажилиса, вызванного досрочным прекращением его полномочий. В полном объеме новыми конституционными полномочиями Парламент и его Палаты наделяются с начала работы первой сессии Парламента четвертого созыва.

       3 . Анализ Конституции показывает, что ее нормы не предусматривают самороспуск как основание досрочного прекращения полномочий Парламента или Мажилиса Парламента. Конституция устанавливает возможность принятия решения о самороспуске только местными представительными органами - маслихатами (пункт 5  статьи 86 ).
      Конституция Республики Казахстан содержит исчерпывающий перечень полномочий Парламента и его Палат и не предусматривает возможность его расширения законами (подпункт 8)  статьи 53 , подпункт 6)  статьи 55 , подпункт 4) пункта 1  статьи 56  Конституции).
      Вместе с тем, Парламент и его Палаты по своему конституционному статусу являются постоянно действующими органами, решения которых принимаются депутатами путем голосования как на совместном, так и в раздельном заседаниях Палат. Обязательность участия депутатов в работе Парламента, требование личного голосования в Парламенте, недопустимость передачи права голоса (пункт 2  статьи 52  Конституции) предполагают необходимость наличия кворума и соответствующего количества голосов депутатов для принятия решения, что является определяющим фактором легитимности актов Парламента и его Палат. Отсутствие кворума в силу различных обстоятельств (отставка депутатов, утрата ими мандата и другие) может стать мотивом для принятия Президентом Республики решения о роспуске Парламента или Мажилиса Парламента в соответствии с пунктом 1  статьи 63  Конституции.
      На основании изложенного, руководствуясь подпунктом 4) пункта 1  статьи 72  Конституции Республики Казахстан,  подпунктом 1)  пункта 3 статьи 17,  статьями 31 -33,  37_  и  подпунктом 2)  пункта 1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 2737 "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан

                                    постановляет:

       1 . Новые конституционные полномочия Парламента и его Палат в соответствии с  пунктом 1  статьи 2 Закона Республики Казахстан от 21 мая 2007 года N 254-III "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан" вводятся в действие с момента истечения срока полномочий Мажилиса Парламента третьего созыва, которое возможно как при окончании конституционного срока полномочий, так и при досрочном прекращении полномочий в случаях роспуска Парламента или Мажилиса Парламента Президентом Республики.
       Закон  Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан" не предоставляет возможность Парламенту и его Палатам прибрести и реализовать новые конституционные полномочия до окончания срока полномочий Мажилиса Парламента третьего созыва, или до прекращения его полномочий в случае роспуска Президентом Республики Парламента или Мажилиса Парламента Республики Казахстан.

       2 Конституция  Республики не предусматривает самороспуск как основание досрочного прекращения полномочий Парламента или Мажилиса Парламента Республики Казахстан.

       3 . Президент Республики Казахстан согласно  Конституции  вправе распустить Парламент или Мажилис Парламента после консультаций с председателями Палат Парламента и Премьер-Министром как по собственной инициативе, так и по обращению депутатов Парламента Республики Казахстан.

       4 . В случае роспуска Мажилиса Парламента третьего созыва вводятся в действие конституционные нормы, устанавливающие новый порядок наделения полномочиями депутатов Парламента. При этом согласно подпункту 5)  статьи 55  Конституции Сенат Парламента Республики Казахстан выполняет функции Парламента по принятию конституционных законов и законов в период временного отсутствия Мажилиса Парламента, вызванного досрочным прекращением его полномочий. В полном объеме новыми конституционными полномочиями Парламент и его Палаты наделяются с начала работы первой сессии Парламента четвертого созыва.

       5 . В соответствии с пунктом 3  статьи 74  Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4  статьи 73  Конституции Республики Казахстан.

       6 . Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

       Председатель
       Конституционного Совета
       Республики Казахстан