Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағын ресми түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 2 нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
      өтініш субъектінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Г.В.Кимнің,
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Қ.Сәрпековтің,
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х.Баймолдинаның,
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А.Қасымовтың,
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Н.Кравченконың,
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілі – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А.Сәрсембаевтың,
      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А.Калюжныйдың,
      «Заңгерлер әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестіктің президенті Ө.Қ.Қопабаевтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
      Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Н.В.Белоруковтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, сарапшылар: заң ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры Е.М.Абайділдиновтің; заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетінің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының профессоры Қ.К.Айтқожиннің; заң ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры Ж.Д.Бұсырмановтың; Қазақ-гуманитарлық заң университетінің Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Ф.Ударцевтің қорытындыларын талдап, конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарымен танысып, бірқатар шет елдердің заңнамасы мен практикасын зерделеп шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2015 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.
      Бұл конституциялық нормаға түсіндірме берген кезде өтініш субъекті мынадай сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
      «1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағы Қазақстан Республикасы Президентінің Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы сөзсіз құқығын қарастыра ма?
      2. Елбасының Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына Қазақстан Республикасы Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастыра ма?».
      Негізгі Заңның нормаларын өтініш нысанасына қатысты талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.
      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық, ол билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар (Конституцияның 3-бабының 1-3-тармақтары).
      Бұл конституциялық ережелер демократияның тікелей және өкілді нысандарының қатынастарын, Қазақстан Республикасы азаматының мемлекет ісін басқаруға тікелей және өз өкілдері арқылы қатысу құқығын қоса отырып, оның мәртебесін, сондай-ақ Республиканың жоғары мемлекеттік органдарының мақсатын, құрылу тәртібін, функцияларын, құзыреті мен жауапкершілігін, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік механизміндегі өзара қарым-қатынасын кейіннен Негізгі Заңда бекіту және реттеу үшін халық билігінің тұтас жүйесінің саяси-құқықтық бастауларын жасайды.
      Республика Президенті жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы сайлайтын бірден-бір дара тұлға, Қазақстан халқының ең жоғары өкілі. Сол арқылы Республика Президентін сайлау – оған мемлекеттегі жоғарғы билікті берудің нысаны болып табылады. Сайлау қорытындылары бойынша Мемлекет басшысы Қазақстанды басқаруға, ел ішінде және халықаралық қатынастарда халықтың атынан өкілдік етуге және оның мүддесін білдіруге мандат алады.
      Мемлекеттің басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы бола отырып, Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы жалпы халық сайлаған Президенттің халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі ретіндегі мәртебесін бекітеді, оған мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету міндетін жүктейді (40-бап).
      Республика Президентінің шешімдері мен іс-әрекеті, оның ішінде Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізу, Конституцияның Кіріспесінде және «Жалпы ережелер» деп аталатын І бөлімінде, сондай-ақ өзге де ережелері мен нормаларында тұжырымдалған мақсаттар мен құндылықтарға қол жеткізуге және оларды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Бұлардың қатарында Республика қызметінің түбегейлі принциптері – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу (1-баптың 2-тармағы).
      2. Негізгі Заңның 41-бабының нормаларымен Президенттің сайлауын ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық бастаулары жүйелі түрде регламенттелген. Өзінің жиынтығында және басқа конституциялық нормалармен өзара әрекеттесе келе, олар, тұтас алғанда Республика Президентінің сайлауында халық билігі жүйесінің қызмет істеуін қамтамасыз ете отырып, Мемлекет басшысын сайлаудың қағидаттарын айқындайды, сайлау процесі субъектілерінің қызметін реттейді.
      Республика Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағымен Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі деп көзделген. Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауы Негізгі Заңның 41-бабының 3-тармағымен белгіленген мерзімнен тыс өткізіледі және ол Республика Президентінің шешіміне тікелей байланысты. Оны тағайындау үшін Конституцияда белгіленген құқықтық шектеулер жоқ.
      Осылайша, Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау Негізгі Заңның 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес Республика Президентінің айрықша құзыретіне жатады. Бұл конституциялық құқықтылыққа қандай да болсын шарттар мен шектеулер қойылмаған және оны Мемлекет басшысы жеке-дара жүзеге асырады.
      3. Конституцияның 41-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 51-бабына сай (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық заң), Республика Президентінің кезекті сайлауы мерзімі жағынан Парламенттің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс. Бұл Президент және Парламент сайлауының уақыты жағынан ара-жігін ажыратуға және сол арқылы, мемлекеттік биліктегі тепе-теңсіздіктің алдын алуға және толыққанды сайлау науқанын өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Сондықтан, Президенттің және Парламенттің кезекті сайлауын өткізу мерзімдерінің тұспа-тұс келуі Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау үшін конституциялық негіздердің бірі болуы мүмкін.
      Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау үшін құқықтық негіз жасайтын Конституцияның 41-бабының 3-1-тармағы, Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізудің тәртібі мен мерзімі туралы мәселені шешуді конституциялық заң деңгейіне бере отырып, бұл сайлаудың мерзімі жағынан Парламенттің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келуіне жол берілмейтіндігі туралы қағиданы қамтымайды.
      Сайлау туралы конституциялық заң, өз кезегінде, «Президенттiң кезектен тыс сайлауы осы Конституциялық заңда Президенттiң кезектi сайлауы үшiн белгiленген қағидаларға сәйкес өткiзiледi», деп айқындайды (66-1-бап). Яғни, Сайлау туралы конституциялық заң Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудің тәртібіне айтарлықтай ерекшелік енгізбейді және бұл сайлауға, Президенттің кезекті сайлауы сияқты, сайлау процесін реттейтін жалпы қағидалар қолданылуға тиіс.
      Қазіргі уақытта заңдық күші сақталып отырған, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 1 және 3-тармақтарын және 94-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы» 2005 жылғы 19 тамыздағы № 5 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулысынан, Негізгі Заңның 41-бабының 1 және 3-тармақтары жалпы сипатқа ие екені және Мемлекет басшысының барлық сайлауына қатысты екені келіп шығады.
      Осылайша, Конституцияда белгіленген қағидалар, Республика Президентінің сайлауы кезекті бола ма, кезектен тыс бола ма, оған тәуелсіз, барлық сайлау үшін бірыңғай. Республика Президентінің кезекті және кезектен тыс сайлауының құқықтық табиғаты, өткізілу тәртібі және құқықтық салдары тұтастай алғанда бірдей және сайлауды тағайындау субъектілері мен өткізу мерзімдері бойынша ғана ерекшеленеді.
      Осы конституциялық нормаларды жүйелі түрде талдауды, Конституциялық Кеңестің аталған нормативтік қаулысында оларды ресми түсіндіруді және Сайлау туралы конституциялық заңның 66-1-бабының конституциялық-құқықтық мағынасын негізге алып, олардың Конституцияның жалпы ережелерімен және принциптерімен қисынды түрдегі байланысы мен қабаттастығын назарға ала отырып, Конституциялық Кеңес Республика Президентінің кезекті сайлауының мерзімі жағынан Парламенттің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келуіне жол бермейтін Конституцияның 41-бабы 3-тармағының ережесі Президенттің кезектен тыс сайлауына да қолданылады және бұл жағдай сайлауды тағайындағанда ескерілуге тиіс деп пайымдайды.
      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және  41-бабы1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 3-1-тармағының нормасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Президенттің кезектен тыс сайлауын жеке-дара тағайындауға айрықша құқығы бар деп түсінген жөн.
      2. Елбасының Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына Республика Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастырмайды.
      Мұндай сайлау тағайындау туралы шешім қабылдағанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-тармағында қарастырылған, Республика Президентінің сайлауы мерзімі жағынан Қазақстан Республикасы Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс деген қағида ескерілуі керек.
      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.
      4. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы                              И.РОГОВ.

Об официальном толковании пункта 3-1 статьи 41 Конституции Республики Казахстан

Нормативное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 2

      Конституционный совет Республики Казахстан в составе председателя Рогова И. И., членов совета Бахтыбаева И. Ж., Белорукова Н. В., Жаилгановой А. Н., Малиновского В. А., Нурмагамбетова А. М., Стамкулова У. М. с участием:
      представителя субъекта обращения – депутата Сената Парламента Республики Казахстан Кима Г. В.,
      представителя Мажилиса Парламента Республики Казахстан – депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан Сарпекова Р. К.,
      представителя Правительства Республики Казахстан – заместителя министра юстиции Республики Казахстан Баймолдиной З. Х.,
      представителя Верховного суда Республики Казахстан – председателя надзорной судебной коллегии по уголовным делам Верховного суда Республики Казахстан Касимова А. А.,
      представителя Генеральной прокуратуры Республики Казахстан – заместителя Генерального прокурора Республики Казахстан Кравченко А. Н.,
      представителя Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан – члена Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан Сарсембаева М. А.,
      представителя Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан – руководителя Национального центра по правам человека Калюжного В. А.,
      президента Республиканского общественного объединения «Юристы за справедливые выборы» Копабаева О. К.
      рассмотрел в открытом заседании обращение председателя Сената Парламента Республики Казахстан Токаева К. К. об официальном толковании пункта 3-1 статьи 41 Конституции Республики Казахстан.
      Заслушав сообщение докладчика – члена Конституционного совета Республики Казахстан Белорукова Н. В., выступления участников заседания, проанализировав заключения экспертов: Абайдельдинова Е. М. – доктора юридических наук, профессора кафедры международного права юридического факультета Евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева; Айтхожина К. К. – доктора юридических наук, профессора кафедры конституционного и международного права Гуманитарного университета транспорта и права имени Д. А. Кунаева; Бусурманова Ж. Д. – доктора юридических наук, профессора кафедры теории и истории государства и права, конституционного права юридического факультета Евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева; Ударцева С. Ф. – директора Научно-исследовательского института правовой политики и конституционного законодательства Казахского гуманитарно-юридического университета, доктора юридических наук, профессора, ознакомившись с другими материалами конституционного производства, изучив законодательство и практику ряда зарубежных стран, Конституционный совет Республики Казахстан

установил:

      В Конституционный совет Республики Казахстан 19 февраля 2015 года поступило обращение председателя Сената Парламента Республики Казахстан об официальном толковании пункта 3-1 статьи 41 Конституции Республики Казахстан.
      При даче толкования данной конституционной нормы субъект обращения просит ответить на следующие вопросы:
      «1. Содержит ли норма пункта 3-1 статьи 41 Конституции Республики Казахстан безусловное право Президента Республики Казахстан назначить внеочередные президентские выборы?
      2. Предусматривает ли Конституция Республики Казахстан какие-либо условия и ограничения при принятии Главой государства решения о назначении внеочередных президентских выборов?».
      Проанализировав нормы Основного закона применительно к предмету обращения, Конституционный совет исходит из следующего:
      1. В Республике Казахстан единственным источником государственной власти является народ, который осуществляет власть непосредственно через республиканский референдум и свободные выборы, а также делегирует осуществление своей власти государственным органам. Право выступать от имени народа и государства принадлежит Президенту, а также Парламенту Республики в пределах его конституционных полномочий (пункты 1-3 статьи 3 Конституции).
      Данные конституционные положения закладывают политико-правовые начала целостной системы народовластия для последующего закрепления и регулирования в Основном законе отношений непосредственной и представительной форм демократии, статуса гражданина Республики Казахстан, включая его право участвовать в управлении делами государства непосредственно и через своих представителей, а также предназначения, порядка формирования, функций, компетенции и ответственности высших государственных органов Республики, их взаимоотношений в механизме сдержек и противовесов.
      Президент Республики выступает единственным персонифицированным высшим представителем народа Казахстана, избираемым совершеннолетними гражданами Республики на основе всеобщего, равного и прямого избирательного права при тайном голосовании. Тем самым выборы Президента Республики являются формой наделения его верховной властью в государстве. По их итогам Глава государства получает мандат на руководство Казахстаном, представление народа и его интересов внутри страны и в международных отношениях.
      Являясь Главой государства, его высшим должностным лицом, Президент Республики определяет основные направления внутренней и внешней политики государства. Конституция Республики Казахстан закрепляет статус всенародно избранного Президента как символа и гаранта единства народа и государственной власти, незыблемости Конституции, прав и свобод человека и гражданина, возлагает на него обязанность обеспечения согласованного функционирования всех ветвей государственной власти и ответственности органов власти перед народом (статья 40).
      Решения и действия Президента Республики, в том числе назначение и проведение внеочередных президентских выборов, должны быть направлены на достижение целей и обеспечение ценностей, сформулированных в Преамбуле и Разделе I «Общие положения», а также других положениях и нормах Конституции. В их числе основополагающие принципы деятельности Республики – общественное согласие и политическая стабильность, экономическое развитие на благо всего народа, казахстанский патриотизм, решение наиболее важных вопросов государственной жизни демократическими методами, включая голосование на республиканском референдуме или в Парламенте (пункт 2 статьи 1).
      2. Нормами статьи 41 Основного закона системно регламентированы правовые начала организации и проведения президентских выборов. В своей совокупности и взаимодействии с другими конституционными нормами они определяют принципы избрания Главы государства, регулируют деятельность субъектов избирательного процесса, обеспечивая в целом функционирование системы народовластия на выборах Президента Республики.
      Пунктом 3-1 статьи 41 Конституции предусмотрено, что внеочередные президентские выборы назначаются решением Президента Республики и проводятся в порядке и сроки, установленные Конституционным законом. Внеочередные выборы Главы государства проводятся вне установленного пунктом 3 статьи 41 Основного закона срока и они прямо связаны с решением Президента Республики. Их назначение не имеет правовых ограничений, зафиксированных в Конституции.
      Таким образом, назначение внеочередных президентских выборов в соответствии с пунктом 3-1 статьи 41 Основного закона входит исключительно в компетенцию Президента Республики. Это конституционное правомочие не обременено какими-либо условиями и ограничениями и реализуется Главой государства единолично.
      3. Согласно пункту 3 статьи 41 Конституции и статье 51 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года № 2464 «О выборах в Республике Казахстан» (далее – Конституционный закон о выборах) очередные выборы Президента Республики не могут совпадать по срокам с выборами нового состава Парламента. Это позволяет разграничить по времени президентские и парламентские выборы и тем самым предотвратить дисбаланс государственной власти и обеспечить проведение полноценных избирательных кампаний.
      Поэтому совпадение сроков проведения очередных президентских и парламентских выборов может являться одним из конституционных оснований для назначения внеочередных выборов Президента.
      Пункт 3-1 статьи 41 Конституции, создающий правовую основу для назначения внеочередных президентских выборов, не содержит правила о недопустимости совпадения по срокам этих выборов с выборами нового состава Парламента, передавая решение вопроса о порядке и сроках проведения внеочередных президентских выборов на уровень Конституционного закона.
      Конституционный закон о выборах в свою очередь определяет, что «внеочередные президентские выборы проводятся в соответствии с правилами, установленными настоящим Конституционным законом для очередных выборов Президента» (статья 66-1). То есть Конституционный закон о выборах не вводит существенных особенностей в порядок проведения внеочередных выборов Президента Республики и на них, как и на очередные президентские выборы, должны распространяться общие правила, регулирующие избирательный процесс.
      Из сохраняющего в настоящее время юридическую силу нормативного постановления Конституционного совета Республики Казахстан от 19 августа 2005 года № 5 «Об официальном толковании пунктов 1 и 3 статьи 41 и пункта 1 статьи 94 Конституции Республики Казахстан» следует, что пункты 1 и 3 статьи 41 Основного закона носят общий характер и относятся ко всем случаям выборов Главы государства.
      Таким образом, правила, установленные в Конституции, едины для всех выборов Президента Республики, независимо от того, являются они очередными или внеочередными. Правовая природа, порядок проведения и правовые последствия очередных и внеочередных выборов Президента Республики в целом идентичны и отличаются лишь субъектами назначения выборов и сроками их проведения.
      Исходя из системного анализа указанных конституционных норм, их официального толкования в названном нормативном постановлении Конституционного совета и конституционно-правового смысла статьи 66-1 Конституционного закона о выборах, принимая во внимание их логическую связь и сопряженность с общими положениями и принципами Конституции, Конституционный совет полагает, что правило пункта 3 статьи 41 Конституции, не допускающее совпадения по срокам очередных выборов Президента Республики с выборами нового состава Парламента, распространяется и на внеочередные президентские выборы, и это обстоятельство должно учитываться при их назначении.
      На основании изложенного, руководствуясь подпунктом 4) пункта 1 статьи 72 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 3 статьи 17, статьями 31-3337 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 2737 «О Конституционном совете Республики Казахстан», Конституционный совет Республики Казахстан

постановляет:

      1. Норму пункта 3-1 статьи 41 Конституции Республики Казахстан следует понимать таким образом, что Президент Республики Казахстан имеет исключительное право единолично назначать внеочередные президентские выборы.
      2. Конституция Республики не предусматривает какие-либо условия и ограничения при принятии Главой государства решения о назначении внеочередных президентских выборов.
      При принятии решения о назначении таких выборов подлежит учету предусмотренное пунктом 3 статьи 41 Конституции Республики Казахстан правило о недопустимости совпадения по срокам выборов Президента Республики с выборами нового состава Парламента Республики Казахстан.
      3. Согласно пункту 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан нормативное постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан.
      4. Опубликовать настоящее нормативное постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

      Председатель
      Конституционного совета
      Республики Казахстан                       И. РОГОВ