Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын; 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында төраға Ким Ю.А. және Кеңес мүшелерi Акуев Н.И., Ықсанов О.Қ., Мамонов В.В., Сабикенов С.Н., Темiрболатов С.Ғ., Шопин В.Д. бар, өтiнiш жасаушы субъекттiң - Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi - Президент Әкiмшiлiгiнiң заң шығару және сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiмнiң аға сарапшысы А.Ж.Төкеевтiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi К.А.Калпаковтың, Қазақстан Республикасының қылмыстық-iс жүргiзу бойынша заң шығару маманы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық Университетiнiң "Сот iсi" кафедрасының доцентi, заң ғылымының кандидаты Е.Е.Ерешевтiң қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығы 17-бабының 3-тармағы

      1) тармақшасының негiзiнде Республика Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбiр нормаларын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнуiн ашық мәжiлiсте қарап, ұйғарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 1997 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтан Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбiр нормаларын ресми түсiндiру туралы оны түсiндiру үшiн Конституциялық Кеңеске төмендегiдей мәселелердi ұсынған өтiнуi келiп түстi.

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген құқықтарға қатысты нормативтi қаулылар шығару құқығы бар ма? Сол тұрғыдан алғанда, Жоғарғы Сот Конституцияның сот тәжiрибесi жөнiндегi кейбiр ережелерiне түсiнiк бере ала ма?

      2. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген басқа да нормативтi құқықтық актiлерге қандай нормативтiк құқықтық актiлер жатады?

      3. Соттылық туралы қылмыстық-iс жүргiзу және азаматтық iс жүргiзу кодекстерiнiң қандай нормаларын Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 3) тармақшасында белгiленген тиiстi конституциялық принципке сәйкес келедi деп тануға болады? Жоғарыда тұрған сот iс жүргiзу заңын басшылыққа ала отырып, өз өндiрiсiне төменгi соттың қарауына жататын кез-келген iстi алуға, сондай-ақ iстi басқа сотқа беруге құқықты ма? Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 122-бабында көрсетiлген жағдайда, сот iс соттылығын өзгерте ала ма?

      4. Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағында белгiленген жақтардың тең құқықтық принципi тұрғысынан алғанда прокурорларға iс жүргiзудiң басқа жақтарынан гөрi үлкен iс жүргiзу құқығы берiлген заңдылық конституциялық болып табыла ма?

      5. Прокуратура Конституцияның 83-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiре ала ма? Осыған байланысты прокуратураның сот шешiмiне наразылық бiлдiру құқығы көрсетiлген өкiлеттiкте қамтыла ма?

      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 29.05.2024 № 45-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.

      6. Прокуратурадан басқа өзге де мемлекеттiк органдар сотта қылмыстық қудалау мәселесi бойынша (мәселен, Мемлекеттiк тергеу комитетi) мемлекет мүддесiн бiлдiре ала ма?

      7. Ант берген соттар институтын құру туралы ұсыныс соттардың тұрақты судьялардан тұратындығы белгiленген Конституцияның 79-бабының 1-тармағындағы талаптарға қайшы келмей ме?

      Аталған өтiну бойынша баяндамашы Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ғ.Темiрболатовты, өтiну субъектiсiнiң өкiлi А.Ж.Төкеевтi және маман Е.Е.Ерешевтi тыңдап және келiп түскен конституциялық өндiрiс материалдарын талқылай келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi өтiну субъектiсi - Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев қойған мәселенi, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң өтiнуде көрсетiлген Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы 1-тармағын, 77-бабының 3-тармағы 3) тармақшасын және 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын түсiндiру кезiндегi құзырын ескерiп, мыналарды атап көрсетедi:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 1-тармағының ережесiне сәйкес, Жоғарғы Соттың заңды (оның нормаларын) қолдану мәселелерi жөнiндегi соттарға берген түсiндiрулерi бар ондай қаулысы ғана нормативтi ретiнде қаралады және онда субъектiлердiң сот iсiн жүргiзу саласындағы нақты ережесi тұжырымдалады. Республиканың барлық соттары үшiн мiндеттi болып табылатын мұндай нормативтi қаулы Қазақстан Республикасының Конституцияны қоса алғанда, сот тәжiрибесiнде қолданатын заң нормаларын мәселелерi бойынша шығарылады. Бұл жерде Жоғарғы Сот 72-бапқа сәйкес Конституция нормаларын ресми түсiндiру Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң құзырына жататындығын ескеруi тиiс.

      4-баптың 2-тармағына сәйкес, Республика Конституциясының жоғары тiкелей заң күшi бар және ол Республиканың барлық аумағында қолданылады. Бұл конституциялық ережеге сәйкес, соттардың iстi қарағанда барлық қажеттi жағдайда Республика Конституциясын тiкелей күшi бар акт ретiнде қолданғандары жөн.

      Конституцияның 4-бабының 1-тармағы Жоғарғы Соттың нормативтi қаулыларын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығына жатқызғандықтан, ал осы баптың 2-тармағы Конституцияның үстемдiгiн және оның нормаларының тiкелей күшi бар екендiгiн бекiткендiктен, Жоғарғы Сотың Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Жарлығының 28 және 31-баптарын басшылыққа алып, Конституция нормаларын қолдану мәселелерi бойынша сот тәжiрибесiне қатысты нормативтi қаулылар шығаруға құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасының 4-бабының 1-тармағында былай деп бекiтiлген: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады" Қазақстан Республикасының қолданылатын құқығы бұл жерде өкiлеттi субъектiлер белгiленген тәртiппен қабылдаған нормативтi құқықтық актiлердегi құқық нормалары жүйесi ретiнде қаралып отыр.

      Конституцияның бұл бабының тармағында көрсетiлгендерге сәйкес, басқа да нормативтi құқықтық актiлерге құқық нормалары бар мына актiлер жатады: халықтың республикалық референдумда қабылдаған шешiмдерi, Республика Президентiнiң 1995, 1996 жылдары шығарған, заң күшi, соның iшiнде конституциялық күшi бар Жарлықтары сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған заң күшi бар жарлықтары, Президенттiң Жарлықтары, Республика Парламентiнiң, оның Палаталарының және Үкiметтiң қаулылары, министрлiктердiң және мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық, атқару органдарының актiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Жарлығының 23 және 24-баптарына сәйкес салааралық үйлестiрудi, басқа да атқару және өкiм ететiн қызметтi, арнайы атқару және бақылау-қадағалау қызметiн жүзеге асыратын ведомстволардың актiлерi, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерi, өзiн-өзi басқару органдарының шешiмдерi, сондай-ақ заңда оларды шығару көрсетiлген.

      Егер көрсетiлген барлық нормативтi құқықтық актiлер өзгертiлмеген, толықтырылмаған, бұзылмаған болса, олар қолданылатын құқық құрамына кiредi.

      3. Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 3) тармақшасы сот әдiлдiгiн жүзеге асырудың конституциялық принципiнiң бiрiн сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуға тиiс: "Өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды".

      Iс жүргiзу заңымен әртүрлi санаттағы iстердiң соттылығын анықтағанда өзiндiк ерекшелiгi, күрделiлiгi, iстiң қоғамдық мәнi, оны тез және тиiмдi шешудiң қажеттiлiгi ескерiледi. Қылмыстық-iс жүргiзу немесе Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiнiң нормаларында көрсетiлгендей Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 3) тармақшасының негiзiнде iс бойынша жақтардың келiсiмiнсiз iстiң соттылығын өзгертуге болмайды.

      Бұл Республиканың барлық аумағында тiкелей қолданылатын конституциялық нормалар мен заңдардың және басқа да нормативтi құқықтық актiлердiң нормалардан үстемдiгiн белгiлейтiн 4-баптың 2-тармағының конституциялық нормаларынан туындайды.

      Адамға және оның iсiне заңда көрсетiлгенге сәйкес келмейтiн, оның бұған келiсiмi жоқ кезде сотты болушылығын анықтауды Негiзгi Заңның 77-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының конституциялық нормасын бұзу ретiнде қарау керек.

      Iс жүргiзу заңының сотты болушылық туралы, оның iшiнде жоғары тұрған соттың төменгi сотта сотталатын өз өндiрiсiне кез-келген iстi қабылдау құқығын қарастыратын, сондай-ақ iстi бiр соттан екiншiсiне берудiң нақты нормалары Конституцияның 78-бабының талаптарына сәйкес жiберiлетiн соттардың ұсыныстары бойынша олардың Конституцияға сәйкестiгiне қарай Конституциялық Кеңесте қаралуы мүмкiн.

      4. Процеске жақтар болып тек азаматтар ғана емес, өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн орындай отырып, жақтардың немесе үшiншi адамның мүдделерiн қамтамасыз ететiн лауазымды тұлғалар да қатыса алады. Мұндай лауазымды тұлғаның бiрi сотта мемлекет мүддесiн бiлдiретiн прокурор болып табылады. Прокурор жақтардың бiреуi және соттағы мемлекет мүддесiн бiлдiрушi өкiл ретiнде Конституция негiзiнде қабылданған iс жүргiзу заңы бойынша iс жүргiзу құқығын иеленедi.

      Конституцияның 14-бабы 1-тармағында көрсетiлген норма iс жүргiзу заңында бекiтiлген прокурордың iс жүргiзу өкiлеттiгi аумағын айқындамайды. Конституцияның 83-бабы 1-тармағы прокурор сотта мемлекет мүддесiн бiлдiру мiндетiн жүктейдi, бұл оның iс жүргiзу өкiлеттiгi аясын кеңейтедi.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08 N 9 Қаулысымен.
      5. Алып тасталды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағында бекiтiлген және "Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады" деп белгiленген нормасын Конституциялық түрде айқындалған прокурордың (прокуратура) қызметiнiң негiзгi бағыты деп түсiну керек. Прокуратура органдары қызметiнiң басқа бағыты көрсетiлген аталғандай нормасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Жарлығында бекiтiлген.

      Қазақстан Республикасының Конституциясында және ағымдағы заң актiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi туралы" Жарлықтарында сотта мемлекет мүдделерiн жүзеге асыратын басқа орган көрсетiлмеген.

      7. Күші жойылды - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08 N 9 Қаулысымен.

      Келтiрiлгендердiң негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституцияның 72-бабы 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 1-тармағын, 14-бабы 1-тармағын, 77-бабы, 3-тармағы 3) тармақшасын, 79-бабы 1-тармағын және 83-бабы 1-тармағын ресми түсiндiруге байланысты Қаулы еттi:

      1. Жоғарғы Соттың нормативтi қаулыларының қолданылып жүрген құқыққа жатқызуды белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 1-тармағының нормасын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты заңдардың нормаларын, оның iшiнде сот тәжiрибесiне қатысты Конституция нормаларын қолдану мәселелерi жөнiндегi нормативтiк қаулыларды шығаруға өкiлеттi деп түсiну керек.

      2. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген құқық нормалары бар басқа нормативтi актiлерге мынадай актiлер жатады: республикалық референдумда қабылданған актiлер, Республика Президентiнiң 1995, 1996 жылдары шығарған конституциялық заңдар мен заңдардың күшi бар Жарлықтары, сондай-ақ заң күшi бар, Қазақстан Республикасы Конституцияның 61-бабының 2-тармағымен қабылданған жарлықтар, Президенттiң Жарлықтары, Парламенттiң, оның Палаталары мен Республика Үкiметiнiң қаулылары, министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық, атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Жарлығының 23 және 24-баптарына сәйкес салааралық үйлестiрудi, басқа да атқарушылық және өкiм шығару қызметiн, арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау қызметiн жүзеге асыратын ведомстволардың актiлерi, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың шешiмдерi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының шешiмдерi, сондай-ақ басылуы заңмен белгiленетiн актiлер.

      3. Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы нормасын жоғары тұрған соттың төменгi сот iсiн өз өндiрiсiне қабылдауы, сондай-ақ соттай алушылықтың өзгеруiне байланысты iсi сотта қаралатын тұлғаның келiсiмi бар кезде ғана мүмкiн деп түсiнуi керек.

      4. Прокурор да басқа сот iсiн жүргiзуге қатысушылар сияқты тиiстi заңға сәйкес iс жүргiзу құқығын иеленедi. Конституцияның 14-бабының 1-тармағының нормалары прокурор құқығы аумағына әсер етпейдi.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08 N 9 Қаулысымен.
      5. Алып тасталды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      6. 83-баптың 1-тармағындағы конституциялық нормадан мемлекет мүддесiн сотта прокурор (прокуратура) ғана қорғайды деген ұғым туады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08 N 9 Қаулысымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 2004.06.18 N 7 Қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы Президенттiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар ескерiлiп, ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңестiң
      Төрағасы

Об официальном толковании пункта 1 статьи 4, пункта 1 статьи 14, подпункта 3) пункта 3 статьи 77, пункта 1 статьи 79 и пункта 1 статьи 83 Конституции Республики Казахстан

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 6 марта 1997 года N 3.

      Сноска. Отменены положения данного постановления Конституционного Совета Республики Казахстан в части официального толкования пункта 1 статьи 79 Конституции Республики Казахстан по вопросу учреждения "института суда присяжных" - постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан от 18 июня 2004 г. N 7 .

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Кима Ю.А. и членов Совета Акуева Н.И., Ихсанова У.К., Мамонова В.В., Сабикенова С.Н., Темирбулатова С.Г., Шопина В.Д., с участием: представителя субъекта обращения Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева - старшего эксперта отдела по вопросам законодательства и судебной системы Администрации Президента Тукеева А.Ж., Министра юстиции Республики Казахстан Колпакова К.А., специалиста по уголовно-процессуальному законодательству, доцента КазГНУ имени Аль-Фараби Ерещева Е.Е, рассмотрев в открытом заседании на основании подпункта 4) пункта 1 статьи 72 Конституции Республики Казахстан, подпункта 1) пункта 3 статьи 17 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан" обращение Президента Республики Н.А. Назарбаева об официальном толковании отдельных норм Конституции Республики Казахстан,

      УСТАНОВИЛ:

      В Конституционный Совет Республики Казахстан 10 февраля 1997 года поступило обращение Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева об официальном толковании отдельных норм Конституции Республики, со следующим перечнем вопросов, предлагаемых Конституционному Совету для толкования:

      1. В соответствии с пунктом 1 статьи 4 Конституции Республики Казахстан Верховный Суд вправе издавать нормативные постановления, относящиеся к действующему праву в Республике Казахстан. Исходя из этого, может ли Верховный Суд давать разъяснения отдельных положений Конституции по вопросам судебной практики?

      2. Какие нормативные правовые акты относятся к иным нормативным правовым актам, указанным в пункте 1 статьи 4 Конституции?

      3. Какие нормы уголовно-процессуального и гражданского процессуального кодексов о подсудности следует признать соответствующими конституционному принципу, установленному подпунктом 3) пункта 3 статьи 77? Вправе ли вышестоящий суд, руководствуясь процессуальным законодательством, взять в свое производство любое дело, подсудное нижестоящему суду, а также передать дело в другой суд? Может ли суд в случаях, предусмотренных статьей 122 Гражданского процессуального кодекса Казахской ССР, изменить подсудность дел?

      4. Исходя из принципа равноправия сторон, установленного пунктом 1 статьи 14 Конституции Республики, является ли конституционным законодательное наделение прокуроров большими процессуальными правами нежели другие стороны процесса?

      5. В соответствии с пунктом 1 статьи 83 Конституции прокуратура опротестовывает законы и другие правовые акты, противоречащие Конституции и законам Республики Казахстан. В этой связи, охватывается ли указанным полномочием право прокуратуры опротестовывать судебные решения?

      Примечание ИЗПИ!
      См. Нормативное постановление Конституционного Суда РК от 29.05.2024 № 45-НП.

      6. Могут ли, кроме прокуратуры, другие государственные органы представлять интересы государства в суде по вопросам уголовного преследования (например, органы Государственного следственного комитета)?

      7. Не будет ли предложение об учреждении института суда присяжных противоречить требованиям пункта 1 статьи 79 Конституции, в котором установлено, что суды состоят из постоянных судей?

      Заслушав докладчика по данному обращению члена Конституционного Совета Темирбулатова С.Г., представителя субъекта обращения Тукеева А.Ж., Министра юстиции Республики Казахстан Колпакова К.А. и специалиста Ерешева Е.Е и обсудив представленные материалы конституционного производства, Конституционный Совет Республики Казахстан с учетом вопросов, поставленных субъектом обращения Президентом Республики Казахстан Н.А. Назарбаевым, а также компетенции Конституционного Совета при толковании пункта 1 статьи 4, пункта 1 статьи 14, подпункта 3) пункта 3 статьи 77, и пункта 1 статьи 79 и пункта 1 статьи 83 Конституции Республики Казахстан, исходит из следующего:

      1. В соответствии с положением пункта 1 статьи 4 Конституции Республики Казахстан в качестве нормативного может рассматриваться такое постановление Верховного Суда, в котором содержатся разъяснения судам по вопросам применения законодательства (его норм) и формулируются определенные правила поведения субъектов в сфере судопроизводства. Такое нормативное постановление, являющееся обязательным для всех судов республики, может издаваться только по вопросам применения в судебной практике норм законодательства, в том числе норм Конституции Республики Казахстан. При этом Верховный Суд должен исходить из того, что официальное толкование норм Конституции, в соответствии со статьей 72, отнесено к компетенции Конституционного Совета Республики Казахстан.

      Согласно пункту 2 статьи 4, Конституция Республики имеет высшую юридическую силу, прямое действие и применяется на всей территории Республики. В соответствии с этим конституционным положением судам при рассмотрении дел следует во всех необходимых случаях применять Конституцию Республики в качестве акта прямого действия.

      Поскольку пункт 1 статьи 4 Конституции относит нормативные постановления Верховного Суда к действующему праву Республики Казахстан, а пункт 2 этой же статьи закрепляет верховенство Конституции и прямое действие ее норм, то Верховный Суд вправе, руководствуясь статьями 28 и 31 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О судах и статусе судей в Республике Казахстан", издавать нормативные постановления по вопросам применения норм Конституции в судебной практике.

      2. В пункте 1 статьи 4 Конституции Республики Казахстан закреплено: "Действующим правом в Республике Казахстан являются нормы Конституции, соответствующих ей законов, иных нормативных правовых актов, международных договорных и иных обязательств Республики, а также нормативных постановлений Конституционного Совета и Верховного Суда Республики". Действующее право Республики Казахстан здесь рассматривается как система норм права, содержащихся в принятых правомочными субъектами в установленном порядке нормативных правовых актах.

      В соответствии с указанным пунктом данной статьи Конституции к иным нормативным правовым актам относятся следующие акты, содержащие нормы права: акты, принятые на республиканском референдуме, изданные Президентом Республики в 1995, 1996 годах указы, имеющие силу законов, в том числе конституционных, а также указы, имеющие силу законов, принятые в соответствии с пунктом 2 статьи 61 Конституции Республики Казахстан, указы Президента, постановления Парламента, его Палат и Правительства Республики, акты министерств и государственных комитетов, центральных исполнительных органов, не входящих в состав Правительства Республики Казахстан, а также ведомств, осуществляющих в соответствии со статьями 23 и 24 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Правительстве Республики Казахстан" межотраслевую координацию, иные исполнительные и распорядительные функции, специальные исполнительные и контрольнонадзорные функции, решения местных представительных и исполнительных органов, решения органов местного самоуправления, а также акты, издание которых предусматривается законодательством.

      Все указанные нормативные правовые акты включаются в состав действующего права, если они не изменены или отменены в установленном законом порядке.

      3. Подпункт 3) пункта 3 статьи 77 Конституции содержит один из конституционных принципов осуществления правосудия, которым должен руководствоваться суд при применении Закона: Никому не может быть без его согласия изменена подсудность, предусмотренная для него законом

      Определение подсудности для разной категории дел процессуальным законом учитывает специфическую особенность, сложность, общественную значимость дел, необходимость обеспечения быстрого и эффективного их разрешения. Изменение подсудности дел, предусмотренных для них нормами Уголовно-процессуального или Гражданского процессуального кодексов, на основании подпункта 3) пункта 3 статьи 77 Конституции без согласия сторон по делу не допускается.

      Это вытекает из конституционной нормы пункта 2 статьи 4, устанавливающей прямое действие конституционных норм на всей территории Республики и их приоритета над нормами законов и иных нормативных правовых актов.

      Случаи определения лицу и его делу подсудности, не совпадающей с той, которая для него предусмотрена законом, при отсутствии на это его согласия, следует рассматривать как нарушение конституционной нормы подпункта 3) пункта 3 статьи 77 Основного Закона.

      Конкретные нормы процессуального законодательства о подсудности, в том числе, предусматривающие право вышестоящего суда принять в свое производство любое дело, подсудное нижестоящему суду, а также передать дело из одного суда в другой того же уровня, могут быть рассмотрены Конституционным Советом на соответствие их Конституции по представлениям судов, направляемым в соответствии с требованиями статьи 78 Конституции.

      4. Сторонами в процессе участвуют не только граждане, но и должностные лица, которые выполняя свои профессиональные обязанности, представляют интересы сторон или третьих лиц. Одним из таких должностных лиц является прокурор, который в суде представляет интересы государства. Процессуальными правами прокурор, как одна из сторон и представитель интересов государства в суде, наделяется действующим законодательством, принимаемым на основе Конституции. <*>

      Норма Конституции, изложенная в пункте 1 статьи 14, не определяет объем процессуальных полномочий прокурора, установленный законодательством. Пункт 1 статьи 83 Конституции возлагает на прокурора обязанность представлять интересы государства в суде, что увеличивает объем его процессуальных полномочий.

      Сноска. Первый абзац пункта 4 мотивировочной части исключен нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 8 ноября 2007 года N 9.
      5. Исключен нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 17.04.2017 № 2.

      6. Норму Конституции Республики Казахстан, закрепленную в пункте 1 статьи 83 и устанавливающую, что "прокуратура представляет интересы государства в суде", следует понимать как конституционно определенное направление деятельности прокурора (прокуратуры). Конкретные полномочия прокурора по осуществлению представительства интересов государства в суде закреплены в Указе Президента Республики Казахстан "О Прокуратуре Республики Казахстан".

      В Конституции Республики Казахстан и в текущих законодательных актах - Указах Президента Республики Казахстан, имеющих силу закона, "О Прокуратуре Республики Казахстан" и "О Государственном следственном комитете Республики Казахстан" не указан иной орган, кроме прокуратуры, осуществляющий представление интересов государства в суде.

      7. (Пункт 7 мотивировочной части исключен нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 8 ноября 2007 года N 9.

      На основании изложенного, руководствуясь подпунктом 4) статьи 72 Конституции Республики Казахстан, статьями 33, 37, 38 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан в связи с официальным толкованием пункта 1 статьи 4, пункта 1 статьи 14, подпункта 3) пункта 3 статьи 77, пункта 1 статьи 79 и пункта 1 статьи 83 Конституции Республики Казахстан:

      п о с т а н о в и л:

      1. Норму пункта 1 статьи 4 Конституции Республики Казахстан, устанавливающую, что к действующему праву относятся нормативные постановления Верховного Суда, следует понимать таким образом, что Верховный Суд Республики Казахстан полномочен издавать нормативные постановления только по вопросам применения в судебной практике норм законодательства, в том числе и норм Конституции.

      2. К иным нормативным правовым актам, указанным в пункте 1 статьи 4 Конституции, относятся следующие акты, содержащие нормы права: акты, принятые на республиканском референдуме, изданные Президентом Республики в 1995, 1996 годах указы, имеющие силу законов, в том числе конституционных, а также указы, имеющие силу законов, принятые в соответствии с пунктом 2 статьи 61 Конституции Республики Казахстан, указы Президента, постановления Парламента, его Палат и Правительства Республики, акты министерств и государственных комитетов, центральных исполнительных органов, не входящих в состав Правительства Республики Казахстан, а также ведомств, осуществляющих, в соответствии со статьями 23 и 24 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Правительстве Республики Казахстан", межотраслевую координацию, иные исполнительные и распорядительные функции, специальные исполнительные и контрольно-надзорные функции, решения местных представительных и исполнительных органов, решения органов местного самоуправления, а также акты, издание которых предусматривается законодательством.

      3. Норму подпункта 3) пункта 3 статьи 77 Конституции следует понимать таким образом, что принятие к своему производству вышестоящим судом дела, подсудного нижестоящим, а также передача дела в другой суд того же уровня, влекущего изменение подсудности, возможно только при наличии согласия лица, дело которого рассматривается судом.

      4. Прокурор, как и все другие участники судебного процесса наделяется процессуальными правами действующим законодательством. Таким образом, нормы пункта 1 статьи 14 Конституции не определяют объем полномочий прокурора.

      Сноска. Предложение первое пункта 4 постановляющей части исключено нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 8 ноября 2007 года N 9.
      5. Исключен нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 17.04.2017 № 2.

      6. Из конституционной нормы пункта 1 статьи 83 вытекает, что представлять интересы государства в суде может прокурор (прокуратура).

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 8 ноября 2007 года N 9.
      7. (Пункт утратил силу - постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан от 18 июня 2004 года N 7 ).

      8. В соответствии пунктом 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия с учетом случаев, предусмотренных пунктами 2 и 3 статьи 38 Указа Президента, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан".

Председатель