Қазақ КСР-сы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы Маңғыстау облыстық сотының өтiнiшi (ұсынысы) туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестiң Қаулысы 1997 жылғы 24 ақпандағы N 1/2

      Құрамында Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А.Ким және Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И.Акуев, О.Қ.Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Н. Сәбiкенов, С.Ғ.Темiрболатов, В.Д.Шопин қатысқан ашық отырыста "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын Конституцияға сәйкес емес деп тану жөнiндегi Маңғыстау облыстық сотының өтiнiшiн (ұсынысын) қарай келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мыналарды анықтады:
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына ресми түсiндiрме беру және Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын Конституцияға қарама-қайшы деп тану жөнiнде Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Н.К.Чиняев ұсыныс жасады.
      Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы қаңтардың 27-сiндегi қаулысымен Маңғыстау облыстық соты төрағасының ұсынысының Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын Конституцияға қарама-қайшы деп тану жөнiндегi бөлiгi ғана iс жүргiзуге қабылданды. Ал Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiштi (ұсынысты) iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартылды, себебi соттар Конституция нормаларына ресми түсiндiрме беру мәселесi бойынша Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасайтын субъектiлер қатарына жатқызылмайды.
      Баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi О.Қ.Ықсановтың хабарламасын тыңдай келiп, Конституциялық Кеңестiң сұрауы бойынша келiп түскен жадығаттармен, атап айтқанда, Республикасының Жоғарғы Соты және Бас прокуратурасының қорытындысымен таныса келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Маңғыстау облыстық соты төрағасының Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшiн қанағаттандыруға болады деп тапты.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес, егер сот адам мен азаматтың Конституцияда бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қолданылуға тиiстi заң немесе басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қысымшылық жасайды деп тапса, Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасауға құқықты.
      Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өз өтiнiшiн былай деп дәлелдейдi: бiрiншiден, бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде азаматтық iстi қарауға өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдауға облыстық сотқа мүмкiндiк беретiн Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң аталған нормалары Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасымен үйлеспейдi, екiншiден, азаматтардың құқығына қысымшылық жасайды, себебi, ұсыныста айтылғандай азаматтар "сот шешiмiне шағымданудың бiрнеше сатысынан" айырылады, яғни қабылданған шешiмге облыстық сотта кассациялық, қадағалау тәртiптерiнде шағымдана алмайды.
      Маңғыстау облыстық сотының өтiнiшiндегi Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарының Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 3-тармақшасының нормасына сәйкес еместiгi жөнiндегi дәлелдерi көңiлге қонымды.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес ешкiмге оның өз келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды. Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114-бабымен соттардың қай санатқа жататындығына қарамастан, өздерiне қарасты азаматтық iстер аудандық (қалалық) соттардың қарауына жатқызылған. Iстi қарау үшiн оны бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде жоғары тұрған соттың iс жүргiзуге өзiнiң қабылдауы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114-бабында белгiленген топтық соттылықты өзгерту дегендi бiлдiрмейдi. Әйтсе де, АIЖК 115 және 310-баптары iстi жоғары тұрған соттың, атап айтқанда, облыстық соттың iс жүргiзуге қабылдауы iс бойынша тараптардың келiсiмiн алуға байланысты болмайды, сөйтiп, жоғарыда аталған ешкiмге, оның өз келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылықты өзгертуге болмайды деген конституциялық норма бұзылады.
      Көрсетiлген осындай жағдайларда, қаралып отырған АIЖК баптары Конституцияға сәйкес деп танылуы мүмкiн емес, себебi Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында көзделген субъектiнiң құқығына қысымшылық жасайды.
      Конституцияның 74-бабының 2-тармағына сәйкес адам мен азаматтың Конституцияда бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысымшылық жасайды деп танылған заңдар және басқа нормативтiк құқықтық актiлер жойылды және қолданылуға жатпайды.
      АIЖК-iнiң 310-бабына сәйкес бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде жоғары тұрған сот азаматтық iстi өзiне iс жүргiзуге өз инициативасымен емес, төменгi сот шешiмiнiң екiншi рет бұзылуына байланысты заң бұйрықтарын орындау мақсатында қабылданғанда, бұл жағдай АIЖК-iнiң аталған бабын конституциялық емес деп тануға ықпал ете алмайды. 310-бапта жазылған ереже Қазақ КСР-сының АIЖК-iне басқа құқықтар мен бостандық қатарында, ешкiмге оның өз келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды деген принциптi бекiтiп берген Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы қабылданғанға дейiн енгiзiлген болатын. Конституцияның 92-бабының 4-тармағына сәйкес, Конституция күшiне ену сәтiндегi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы заңдарының Конституцияға қарама-қайшы келмейтiндерi қолданылады. Конституцияның жоғары заңдық күшi бар және Республиканың барлық аумағында тiкелей қолданылады. Егер жоғары тұрған сот (екiншi инстанциядағы - сатыдағы) төменгi тұрған сот шешiмiнiң бiрнеше рет бұзылуына байланысты iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдауды тиiмдi деп таныса, ол соттылықты өзгертуге тараптардың келiсiмiн алуға тиiстi.
      АIЖК-iнiң 115 және 310-баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi Маңғыстау облыстық сотының ұсынысы тағы да мынадай жағдайлармен дәлелденедi: азаматтық iстi облыстық сот iс жүргiзуге қабылдағанда азаматтар "сот шешiмiне шағымданудың бiрнеше сатысынан" айырылады, яғни қабылданған шешiмге облыстық сотта кассациялық, қадағалау тәртiптерiнде шағымдана алмайды. Егер тараптардың бұған келiсiмi болған жағдайда, ұсыныстың бiрiншi инстанция (саты) бойынша азаматтық iстердi облыстық соттардың қарау мүмкiндiгiнен айыратын дәлелдерiмен Конституциялық Кеңес келiсе алмайды.
      Қазақстан Республикасының Конституциясы 13-бабының 2-тармағында әр адамның және азаматтың өз құқығы мен бостандығының сот арқылы қорғалу құқығын мойындай отырып, сот шығарған қаулылардың қайта қаралу тәртiбiн белгiлемейдi. Қолданылып жүрген iс жүргiзу заңдары бойынша, соның iшiнде, Қазақ КСР АIЖК бойынша, тек заңда белгiленген тәртiппен мерзiм сақтала отырып берiлген кассациялық шағым (сондай-ақ кассациялық наразылық) iстi кассациялық инстанцияның (сатының) мiндеттi түрiнде қарауына әкелiп соғады. Кассациялық шағым iстi бiрiншi инстанция (саты) бойынша қарайтын Жоғарғы Соттан басқа кез-келген соттың шешiмiне жасалуы мүмкiн, бiрақ бiр рет қана.
      Демек, iстi бiрiншi инстанция (саты) бойынша облыстық соттың қарағанынан iстi кассациялық инстанцияның бұл жағдайда Республиканың Жоғарғы Соты мiндеттi түрде қарауына әкелiп соғатын кассациялық шағым беру құқығынан тараптар айырылмайды. Тек қана iстi бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде Жоғарғы Сот қараған жағдайда, қабылданған шешiмге кассациялық шағым жасауға немесе наразылық бiлдiруге жол берiлмейдi, бұл шағым жасауға берiлген құқыққа қысымшылық жасау деп қаралып, мiндеттi түрде шешiмдi тексеруге әкелiп соқтырар елдi. Дегенмен, Маңғыстау облыстық сотының ұсынысында Қазақ КСР АIЖК-i 116-бабының конституциялылығы талас тудырмайды, сондықтан да бұл бапты Конституциялық Кеңес қарамайды.
      Егер, кассациялық шағым түсуiне байланысты бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот шешiмi жойылмаған болса, ол шешiм iстi жоғарғы тұрған сот қараған кезден заңды күшiне енедi. (Қазақ КСР АIЖК-iнiң 205-бабы.) Бұдан кейiн шешiм тек өкiлеттi лауазымды адамдар наразылық бiлдiрген жағдайда ғана соттың қадағалау тәртiбiнде қайта қаралуы мүмкiн. Заңды күшiне енген шешiмге өздiгiнен шағым берiлуi оны мiндеттi түрде қайта қарауға соқтырмайды. Сонымен, бiрiншi инстанция (саты) бойынша iстi облыстық сот қараған кезде жоғары тұрған инстанция (саты) санының қысқартылуынан iске қатысушы адамдардың мүддесiне ешқандай қысымшылық жасалмайды, себебi iстi мiндеттi түрде қарауға әкелiп соқтыратын облыстық соттың шешiмiне кассациялық шағым жасау құқығынан олар айырылмайды, ал заңды күшiне енгiзiлген шешiмдердi соттық - қадағалаушы инстанциялардың (сатылардың) мiндеттi түрде қайта қарауын олар талап ете алмайды.
      Демек, азаматтық iстi бiрiншi инстанция бойынша облыстық соттың қарауына, бiл iс үшiн белгiленген соттылықтың өзгертiле отырып қаралуына iске қатысушы адамдардың (тараптардың) келiсiмi алынған жағдайда iстiң мұндай қаралуын олардың Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында бекiтiлген құқықтарына қысымшылық жасау деп қарауға болмайды.
      Жоғарыда баяндағандар негiзiнде және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31-33, 37-39-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес қаулы етедi:
      1. Қазақ КСР-сының 1963 жылғы желтоқсанның 28-iнде қабылданған Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң (АIЖК) 115 және 310-баптары адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында бекiтiлген құқығына қысымшылық жасаушы бап ретiнде конституциялық емес деп танылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 39-бабының 2-тармағына сәйкес адамның және азаматтың Конституция бекiткен құқығы мен бостандығына қысымшылық жасайды деп, соған байланысты конституциялық емес деп танылған заңдар заңдылық күштерiн жояды

және қолданылуға жатпайды. Мұндай заңға негiзделген сот және басқа құқық 
қорғау органдарының шешiмдерi орындалуға жатпайды.
     3. Қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық 
аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және үзiлдi-кесiлдi болып табылады, 
шағымдануға жатпайды.

     Қазақстан Республикасы
     Конституциялық Кеңесiнiң
     Төрағасы
      
      


Об обращении (представлении) Мангистауского областного суда о признании статей 115 и 310 ГПК Казахской ССР, не соответствующими Конституции

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 24 февраля 1997 года N 1/2

      Конституционный Совет Республики Казахстан в состава Председателя Конституционного Совета Ким Ю.А. и членов Конституционного Совета Акуева Н.И., Ихсанова У.К., Мамонова В.В., Сабикенова С.Н., Темирбулатова С.Г., Шопина В.Д., рассмотрев 24 февраля 1997 года в открытом заседании в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан", обращение (представление) Мангистауского областного суда о признании статей 115 и 310 ГПК Казахская ССР, не соответствующими Конституции,
      у с т а н о в и л:
      В Конституционный Совет Республики Казахстан обратился председатель Мангистауского областного суда Чиняев Н.К. с представлением об официальном толковании подпункта 3) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан о признании статей 115 и 310 ГПК Казахская ССР, противоречащими Конституции.
      Постановлением Конституционного Совета от 27 января 1997 года представление председателя Мангистауского областного суда было принято к производству только в части признания статей 115 и 310 ГПК Казахской ССР, противоречащими Конституции. В части же официального толкования подпункта 3) пункта 3 статьи 77 Конституции в принятии обращения (представления) к производству было отказано ввиду того, что суды не отнесены к числу субъектов обращения в Конституционный Совет по вопросу официального толкования норм Конституции.
      Заслушав сообщение докладчика - члена Конституционного Совета Ихсанова У.К., ознакомившись с поступившими по запросу Конституционного Совета материалами, в частности, заключениями Верховного Суда и Генеральной прокуратуры Республики, Конституционный Совет Республики Казахстан находит, что представление председателя Мангистауского областного суда о признании статей 115 и 310 ГПК Казахской ССР неконституционными подлежит удовлетворению.
      В соответствии со статьей 78 Конституции Республики Казахстан суд обязан обратиться в Конституционный Совет с представлением, если он усмотрит, что закон или иной нормативный правовой акт, подлежащий применению, ущемляет закрепленные Конституцией права и свободы человека и гражданина. Свое представление о признании неконституционными статей 115 и 310 ГПК Казахской ССР председатель Мангистауского областного суда обосновывает тем, что названные нормы ГПК, позволяющие областному суду принять гражданское дело к своему производству для рассмотрения его в качестве суда первой инстанции, во-первых, не согласуются с подпунктом 3) пункта 3 статьи 77 Конституции, во-вторых, ущемляют права граждан, поскольку они лишаются, как сказано в представлении, "нескольких стадий обжалования решения суда", то есть не смогут обжаловать принятое решение в кассационном, надзорном порядке в областном суде.
      Приведенные в обращении Мангистауского областного суда доводы о несоответствии статей 115 и 310 ГПК Казахской ССР норме подпункта 3) пункта 3 статьи 77 Конституции являются убедительными.
      Согласно подпункту 3) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан, никому не может быть без его согласия изменена подсудность, предусмотренная для него законом. Статьей 114 ГПК гражданские дела, подведомственные судам, независимо от их категории, отнесены к подсудности районных (городских) судов. Принятие же вышестоящим судом дела к своему производству для рассмотрения его в качестве первой инстанции означает не что иное, как изменение установленной статьей 114 ГПК родовой подсудности. Однако статьи 115 и 310 ГПК не обуславливают принятие дела к производству вышестоящего, в частности, областного суда получением на это согласия сторон по делу и тем самым нарушают вышеназванную конституционную норму о том, что никому не может быть без его согласия изменена подсудность, предусмотренная для него законом.
      При указанных обстоятельствах рассматриваемые статьи 115 и 310 ГПК не могут быть признаны соответствующими Конституции, поскольку они ущемляют права субъекта, предусмотренные подпунктом 3) пункта 3 статьи 77 Конституции.
      Согласно же пункту 2 статьи 74 Конституции законы и иные нормативные правовые акты, признанные ущемляющими закрепленные Конституцией права и свободы человека и гражданина, отменяются и не подлежат применению.
      То обстоятельство, что в соответствии со статьей 310 ГПК вышестоящий суд принимает гражданское дело к своему производству в качестве суда первой инстанции не по своей инициативе, а во исполнение предписания закона в связи с повторной отменой решения нижестоящего суда, не может влиять на признание названной статьи ГПК неконституционной. Правило, содержащееся в статье 310, было включено в ГПК Казахской ССР до принятия Конституции Республики Казахстан 1995 года, закрепившей в числе других прав и свобод принцип, согласно которому никому не может быть без его согласия изменена подсудность, предусмотренная для него законом. Согласно же пункту 4 статьи 92 Конституции действующее на момент вступления в силу Конституции законодательство Республики Казахстан применяется в части, не противоречащей ей. Конституция имеет высшую юридическую силу и прямое действие на всей территории Республики. Если вышестоящий суд (суд второй инстанции) в связи с неоднократной отменой решения нижестоящего суда признает целесообразным принять дело к своему производству, он должен получить на изменение подсудности согласие сторон.
      Представление Мангистауского областного суда о признании статей 115 и 310 ГПК неконституционными мотивируется также тем, что с принятием гражданского дела к производству областного суда граждане лишаются "нескольких стадий обжалования решения суда", то есть не могут обжаловать принятое решение в кассационном и надзорном порядке в областном суде. С указанными доводами представления, исключающими возможность рассмотрения гражданских дел областными судами по первой инстанции при наличии на это согласия сторон, Конституционный Совет согласиться не может.
      Конституция Республики Казахстан, признавая в пункте 2 статьи 13 за каждым человеком и гражданином право на судебную защиту своих прав и свобод, не определяет порядок пересмотра вынесенных судом постановлений. По действующему процессуальному законодательству, в том числе по ГПК Казахской ССР, только подача кассационной жалобы (а также кассационного протеста) с соблюдением установленных законом порядка и срока влечет обязательное рассмотрение дела кассационной инстанцией. Кассационная жалоба может быть принесена на решение любого суда, кроме Верховного, рассматривавшего дело по первой инстанции, но только один раз.
      Следовательно, от того, что дело рассматривалось по первой инстанции областным судом, стороны не лишаются права на подачу кассационной жалобы, влекущей обязательное рассмотрение дела кассационной инстанцией, в данном случае Верховным Судом Республики. Только лишь при рассмотрении дела Верховным Судом в качестве суда первой инстанции кассационное обжалование и опротестование принятого решения не допускается, что можно было бы рассматривать как ущемление права на подачу жалобы, влекущей обязательную проверку решения. Однако в представлении Мангистауского областного суда конституционность статьи 116 ГПК Казахской ССР не оспаривается и потому Конституционным Советом данная статья не рассматривается.
      Если решение суда первой инстанции в связи с принесением кассационной жалобы не отменено, оно вступает в законную силу по рассмотрении дела вышестоящим судом (ст. 205 ГПК Казахской ССР). После этого решение может быть пересмотрено в порядке судебного надзора только в случае принесения уполномоченными должностными лицами протеста. Сама по себе подача жалобы на решение, вступившее в законную силу, не влечет его обязательного пересмотра. Таким образом, сокращение числа вышестоящих инстанций в случае рассмотрения дела по первой инстанции областным судом не может никоим образом ущемлять интересы участвующих в деле лиц, поскольку права на кассационное обжалование решения областного суда, влекущее обязательное рассмотрение дела, они не лишаются, а требовать обязательного пересмотра судебно-надзорными инстанциями решений, вступивших в законную силу, они не могут.
      Следовательно, рассмотрение гражданского дела областным судом по первой инстанции при условии, что на такое рассмотрение с изменением установленной для этого дела подсудности получено согласие участвующих в деле лиц (сторон), не может расцениваться как ущемление их прав, закрепленных подпунктом 3) пункта 3 статьи 77 Конституции.
      На основании изложенного и руководствуясь статьями 31-33, 37-39 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет
      п о с т а н о в л я е т :
      1. Статьи 115 и 310 Гражданского процессуального кодекса (ГПК) Казахской ССР, принятого 28 декабря 1963 года, признать неконституционными, как ущемляющие права человека и гражданина, закрепленные в подпункте 3) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан.
      2. В соответствии с пунктом 2 статьи 39 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан" законы, признанные ущемляющими закрепленные Конституцией права и свободы человека и гражданина, и в силу этого неконституционные, утрачивают юридическую силу и не подложат применению. Решения судов и иных

правоприменительных органов, основанные на таком законе,
исполнению не подлежат.
     3. Постановление вступает в силу со дня принятия, является
общеобязательным на всей территории Республики и окончательным,
обжалованию не подлежит.

     Председатель