Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы N 1/2 Қаулысына Қарсылығы туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестiң Қаулысы 1997 жылғы 17 наурыздағы N 1/3

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төраға Ю.А.Ким, Кеңес мүшелерi Н.И.Акуев, О.Қ.Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Ғ.Темiрболатов, В.Д.Шопиннiң қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығы 38-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының негiзiнде жабық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы Қазақ КСР-iнiң Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 310-бабын конституциялық емес деп тануға қатысты N 1/2 Қаулысына Қарсылығын қарап, ұйғарды:
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Маңғыстау облыстық сотының өтiнiшi бойынша 1997 жылғы 24 ақпандағы N 1/2 Қаулысымен Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу Кодексiнiң 115 және 310 баптарын конституциялық емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында тұжырымдалған адам және азамат құқығына қысым жасайды деп таныған болатын.
      1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Конституциялық Кеңестiң аталған Қаулысында Қазақ КСР-iнiң Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 310-бабына қатысты оны конституциялық емес деп танығанына Қарсылығы келiп түстi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қарсылығында Қазақ КСР-iнiң АIЖК-нiң 310-бабын конституциялық емес деп танудың сенiмсiз екенiн, осыған байланысты Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 3) тармақшасындағы келтiрiлген норма бланкеттi болып табылатынын, яғни соттылықты белгiлейтiн нақты заңға сiлтеме бары туралы пiкiр айтылған болатын.
      АIЖК-нiң 310-бабында көрсетiлгендей, екiншi сатыдағы соттың төменгi соттың iстi бiрiншi сатыда қарауы үшiн өз өндiрiсiне қабылдауын қайталап бұзуы Конституцияны бұзу болып табылмайды, өйткенi заң бойынша iстiң жаңа соттылығы қарастырылып отыр. Мұндай жағдайда тараптардың келiсiмi талап етiлмейдi, яғни сотты болушылықтың өзгермейтiн қағидасын сақтау қамтамасыз етiледi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қарсылық бiлдiруiн қараудың нәтижесiнде АIЖК-нiң 310-бабының конституциялық емес жөнiндегi Конституциялық Кеңестiң шешiмi Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көрсетiлген Қарсылық бiлдiрудi жеңу үшiн қажеттi дауыс санын ала алмады. Яғни, Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 24 ақпандағы АIЖК-нiң 310-бабын конституциялық емес деп тану жөнiндегi N 1/2 қаулысы Конституцияның 73-бабы 4-тармағының нормасына сәйкес қабылданбады деп табылады.
      Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 73-бабы 4-тармағын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ Жарлығының 38-бабы 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы 10 наурыздағы Қарсылық бiлдiруiн жеңе алмауға байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы "Маңғыстау облыстық сотының Қазақ КСР АIЖК-нiң 115 және 310 баптарының Конституцияға сәйкес еместiгiн тану жөнiндегi өтiнiшi (ұсынысы) туралы" N 1/2 қаулысының

Қазақ КСР АIЖК-нiң 310-бабын конституциялық емес деп тану бөлiгi 
қабылданбады деп табылсын.
     2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 24 
ақпандағы N 1/2 қаулысы Қазақ КСР АIЖК-нiң 310-бабын конституциялық емес 
деп тануды қоспағанда оны қабылдаған күн 1997 жылғы 24 ақпанынан бастап 
күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы
     Конституциялық Кеңесiнiң
     Төрағасы
      
      


О Возражении Президента РК на Постановление Конституционного Совета РК N 1/2 от 24 февраля 1997 г.

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 17 марта 1997 года N 1/3

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Кима Ю.А. и членов Совета Акуева Н.И., Ихсанова У.К., Мамонова В.В., Темирбулатова С.Г., Шопина В.Д., рассмотрев в закрытом заседании на основании пункта 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан и подпункта 1) пункта 2 статьи 38 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан" Возражение Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан N 1/2 от 24 февраля 1997 года в части признания статьи 310 Гражданского процессуального кодекса Казахской CCP неконституционной
      у с т а н о в и л:
      Постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан N 1/2 от 24 февраля 1997 года, принятым по обращению Мангистауского областного суда, статьи 115 и 310 Гражданского процессуального кодекса (ГПК) Казахской ССР признаны неконституционными как ущемляющие права человека и гражданина, закрепленные в подпункте 3) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан.
      В Конституционный Совет Республики Казахстан 12 марта 1997 года поступило Возражение Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на указанное Постановление Конституционного Совета в части признания статьи 310 Гражданского процессуального кодекса Казахской ССР неконституционной.
      В Возражении Президента Республики Казахстан высказано мнение о неубедительности признания неконституционной статьи 310 ГПК Казахской ССР в связи с тем, что норма, содержащаяся в подпункте 3) пункта 3 статьи 77 Конституции, является бланкетной, то есть имеется отсылка к конкретному закону, устанавливающему подсудность дел. Предусмотренная статьей 310 ГПК обязанность суда второй инстанции при повторной отмене решения нижестоящего суда принять дело к своему производству для рассмотрения в первой инстанции не является нарушением Конституции, поскольку фактически законом предусматривается новая подсудность дела, а в таком случае не требуется согласие сторон, то есть соблюдение принципа неизменяемости подсудности обеспечивается.
      В результате рассмотрения Возражения Президента Республики Казахстан решение Конституционного Совета о неконституционности ст.310 ГПК не получило предусмотренного пунктом 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан количества голосов, необходимого для преодоления Возражения. Следовательно, Постановление Конституционного Совета N 1/2 от 24 февраля 1997 года в части признания статьи 310 ГПК неконституционной в соответствии с нормой пункта 4 статьи 73 Конституции считается непринятым.
      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан и пунктом 3 статьи 38 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет
      ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ввиду непреодоления Возражения Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева от 10 марта 1997 года Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан N 1/2 от 24 февраля 1997 года "Об обращении (представлении) Мангистауского областного суда о признании статей 115 и 310 ГПК Казахской ССР не соответствующими Конституции" в части признания статьи 310 ГПК Казахской ССР

неконституционной считать непринятым.
     2. Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан
N 1/2 от 24 февраля 1997 года, за исключением признания
неконституционной статьи 310 ГПК Казахской ССР, вступает в действие
со дня его принятия - с 24 февраля 1997 года.

     Председатель