Ескерту. Күші жойылды - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011.04.27 № 4 нормативтік қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төрағасы Ю.А.Кимнiң, Конституциялық Кеңес мүшелерi Н.И.Акуевтiң, О.Қ.Ықсановтың, В.В.Мамоновтың, С.Н.Сәбiкеновтың., С.Ғ.Темiрболатовтың, В.Д.Шопиннiң, өтiнiш жасаушы субъектi өкiлi, Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының депутаты А.Э.Мостовичтiң қатысуымен ашық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағы 4-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 17-бабы 3-тармағы, 1-тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы баяндамашы, Конституциялық Кеңестiң мүшесi Мамоновтың хабарламасын, сондай-ақ субъект өкiлi Парламент Сенатының депутаты А.Э.Мостовичтiң сөзiн тыңдап, қолдағы материалдарды зерттей келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi ҰЙҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 1997 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнулерi келiп түстi, өтiнуде сондай-ақ екi жылға сайланған Сенат депутаттары келесi мерзiмге қайта сайлана ала ма деген сұрақ қойылды.
Аталған нормаларды Конституциялық Кеңес мына тұрғыда түсiндiредi. Конституцияның аталған бабының 4-тармағы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының және Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттың сәйкес келуi талаптарын айқындайды. Олар Парламентке жүктелетiн мiндеттер сипаты тұрғысынан шарттастырылған.
Республика азаматтығында кемi бес жыл тұрған Қазақстан Республикасының азаматы Сенат депутаты бола алады. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы" заңына сәйкес азаматтық дегенiмiз адамның мемлекетпен оның өзара құқықтар мен мiндеттерi жиынтығын бiлдiретiн тұрақты саяси-құқықтың байланысы болып табылады. Сенат депутаттығына кандидат мемлекетпен осындай құқықтық өзара қарым-қатынаста Азаматтықты алу негiзiнен тыс кемi бес жыл тұруы керек. Азаматтықты дәлелдейтiн құжат төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа қабылдану нәтижесiнде Қазақстан Республикасы азаматтығын алған адамдар үшiн азаматтық жағдайының мерзiмi тиiстi адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығына қол қойылған күннен бастап есептеледi, ал туғандығы бойынша азаматтық жағдайы тууы туралы куәлiгi бойынша анықталады.
Сенат депутатының белгiленген 30 жасы тиiстi құжаттармен: төлқұжатпен, жеке басын анықтайтын куәлiкпен немесе тууы туралы куәлiкпен дәлелденедi.
Сенат депутатының жоғарғы бiлiмiнiң бар екендiгi Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 сәуiрдегi "Жоғары бiлiм туралы" Заңының 13-бабы талаптарына сәйкес дәлелденедi.
Сенат депутаты үшiн бес жылдық жұмыс стажын талап ету осы немесе басқа лауазымда, мамандығы бойынша немесе басқа кәсiпте жұмыс iстеп жүргенiн, еңбек стажының үзiлiссiз болған болмағанын шектемейдi.
Сенат депутаттығына кандидат үшiн Конституцияның аталған нормасы тиiстi облыс, республикалық мәнi бар қала немесе Республика астанасы аймағында кемi үш жыл тұрақты тұру шартын айғақтайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 16-бабы 1-тармағына сәйкес (жалпы бөлiмi) тұратын жерi ретiнде азаматтың тұрақты немесе басым тұратын елдi мекенi саналады. Азаматтың тұратын жерiн анықтауда оның зайыбының тұратын жерiнiң маңызы жоқ (Неке және отбасы Кодексiнiң 18-бабы 4-бөлiгi). Азаматтың тiркелген жерi басым көпшiлiгiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi Қаулысы бойынша Республика аумағында 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылатын ескi төлқұжат үлгiсiнде көрсетiлген азаматтың нақты мекен-жайының бiрден-бiр дәлелi болып табылады. Сондай-ақ мұндай дәлел азаматтың тұрақты тұратын жерi бойынша оған жеке басы куәлiгi берiле отырып тiркелген жерi болып табылады; онда берген орын, уақыты және есептен шығып, келуiне орай жеке басы жөнiнде жаңа куәлiк берiлетiн және есепке алынатын, тұрақты тұратын жерге көшкен кезде өзгеретiн осы құжатты берген орган жазылады.
Қандай да бiр азаматтың тұрақты тұратын жерiнде Сенаттың депутаты болып сайлануы тұрақты тұратын жерiн соған бола автоматты түрде өзгертуi емес. Сенат депутатының Парламенттегi өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа да сайланған, лауазымға тағайындалған адам сияқты (мәселен, консулдықтың, елшiлiктiң және т.б. қызметкерлерi) өзiнiң тұрақты тұратын жерi шегiнен тыс жердегi депутаттық өкiлеттiгi мiндеттерiн өзi уақытша тұратын жерде жүзеге асыруы болып табылады.
Ал екi жылға сайланған Сенат депутаттығына қайта дауысқа түсу мүмкiндiгiне келер болсақ, конституциялық нормада да, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Жарлығында да Сенатқа қайта сайлануға тыйым салынбаған. Мұндай жағдайда, егер Сенат депутаты өзiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде тұрақты тұратын жерiн өзгертсе, онда ол Сенатқа депутаттыққа кандидат болып қайта сайлануға құқығын жоғалтады, өйткенi ол жоғарыда көрсетiлген шартқа тиiстi облыстың аумағында, республикалық мәнi бар қала яки Республика астанасында кемiнде үш жыл тұрақты тұруы керектiгiне сәйкес келмейдi.
Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 4-тармағын ресми түсiндiруге байланысты қаулы еттi:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 4-тармағын азаматтық алу негiздерiне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы Сенат депутаты бола алады деп ұғыну керек. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар үшiн азаматтықта тұрған мерзiм Қазақстан Республикасы Президентiнiң тиiстi адамға азаматтық беру туралы жарлыққа қол қойған күннен есептеледi, ал тууы бойынша азаматтықта тұрғаны туралы куәлiкпен расталады.
Депутаттың көрсетiлген жасқа жеткенiн растайтын құжаттар төлқұжат, жеке басының куәлiгi, яки тууы туралы куәлiк болып табылады.
Сенат депутатының жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм туралы" 1993 жылғы 10 сәуiрдегi Заңының 13-бабындағы талаптарына сәйкес расталады.
Сенат депутатының жалпы жұмыс стажы еңбек заңы талаптарына сәйкес расталады.
Өкiлеттiк құзыры бар органдардың Сенат депутатын тұрақты тұратын орында тiркелген орны оның басым уақыт тұратын орны болып саналады, оған күнi, орны көрсетiлiп берiлген куәлiк және орган берген құжат дәлел болып табылады.
Егер екi жылға сайланған Сенат депутаттары өздерiнiң тұрақты тұратын орнын өзгертпесе, олардың Сенатқа сайлануға құқы бар, ал оны өзгерткен болса, ол бұл құқықтан айырылады, себебi бұл тиiстi облыстың аумағында, республикалық мәнi бар қала яки Республика астанасында кемiнде үш жыл тұруы көрсетiлген конституциялық талапқа сәйкес келмейдi.
2. Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi,
Республикалық барлық аумағына бiрдей жалпы мiндеттi болып табылады және
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"
Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда ол
түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.
Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесiнiң
Төрағасы