"Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының Түсіндірмесі

"Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығына
ТҮСІНДІРМЕ

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар-2025) бекітілді.

      Стратегиялық жоспар-2025 Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаты ретінде айқындалып, әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына кіру жолындағы "Қазақстан-2050" ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудағы мемлекет дамуының орта мерзімді жоспары болып табылады. Ол Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының орнын басады, ал оның жоспарлы іске асырылуы ұлттық экономиканың нақты көлемінің үштен біріндей өсуін қамтамасыз етті, сондай-ақ жаһандық қаржылық дағдарыстың салдарын бәсеңдетті.

      Құжаттың басты мақсаты – 2025 жылға дейін ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған экономиканың сапалы және орнықты дамуына қол жеткізу.

      Стратегиялық жоспар-2025-тің негізіне экономикалық өсудің жаңа моделі салынған, ол бәсекелестіктің артуы, жеке сектордың көшбасшылық рөлі мен еліміздің өңірлері дамуының әлеуетін іске асыру жағдайында адами капиталды дамыту мен жеке қаражатты тарту, күрделілік пен өнімділікті арттыру есебінен экспортқа бағытталған өндіруді ынталандыруға негізделген.

      Бұл үшін құжатта елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде болатын жүйелі реформаларды жүргізу, сондай-ақ институционалдық жаңғыртуға байланысты шаралар қабылдау көзделген.

      Стратегиялық жоспар-2025-тің негізі – Стратегия-2050-дің негізгі ережелерін іске асыруды қамтамасыз ететін 7 жүйелі реформа мен 7 басым саясаттың үйлесімі. 7х7 жоспардың формуласы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуі үшін даму мен тұрақтылықтың теңгерімін қамтамасыз етеді.

      Жеті жүйелі реформа ел өмірінің барлық негізгі аспектілерін қамтиды: "Жаңа адами капитал", "Технологиялық жаңарту мен цифрландыру", "Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес", "Сыбайлас жемқорлықсыз құқықтық мемлекет", "Мықты өңірлер мен урбандалу", "Қоғамдық сананы жаңғырту", "Мемлекеттік сектор өзгерістер көшбасшысы ретінде".

      Стратегиялық жоспар-2025-ті іске асыру мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, өңірлерді дамыту бағдарламалары, ұлттық холдингтер мен компаниялардың стратегиялары арқылы, сондай-ақ қолданылатын жобалық басқару аясында іске асырылатын болады.

      Жоспарда 2021 және 2025 жылдары қол жеткізілуге тиіс мақсатты нәтижелерді көрсететін өзекті ұлттық индикаторлардың негізі қаланған.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің

Стратегиялық әзірлемелер

және талдау орталығы

КОММЕНТАРИЙ к Указу Президента Республики Казахстан от 15 февраля 2018 года № 636 "Об утверждении Стратегического плана развития Республики Казахстан до 2025 года и признании утратившими силу некоторых указов Президента Республики Казахстан"

Комментарий Центра стратегических разработок и анализа Администрации Президента Республики Казахстан.

      Указом Президента Республики Казахстан "Об утверждении Стратегического плана развития Республики Казахстан до 2025 года и признании утратившими силу некоторых указов Президента Республики Казахстан" от 15 февраля 2018 года № 636 принят Стратегический план развития Республики Казахстан до 2025 года (далее – Стратегплан-2025).

      Стратегплан-2025 определен ключевым документом Системы государственного планирования и представляет собой среднесрочный план развития государства в реализацию долгосрочной Стратегии "Казахстан-2050" на пути вхождения в 30-ку развитых стран мира. Он приходит на смену Стратегическому плану развития Казахстана до 2020 года, планомерная реализация которого обеспечила увеличение реального объема национальной экономики более чем на треть, а также нивелировала последствия глобального финансового кризиса.

      Главная цель документа – добиться до 2025 года качественного и устойчивого роста экономики, направленного на повышение уровня жизни людей, сопоставимого со странами ОЭСР.

      В основу Стратегплана-2025 заложена новая модель экономического роста, базирующаяся на стимулировании экспортоориентированного производства за счет повышения производительности и сложности, развития человеческого капитала и привлечения частных средств в условиях роста конкуренции, лидирующей роли частного сектора и реализации потенциала развития регионов страны.

      Для этого документом предусмотрены проведение системных реформ, которые будут осуществляться в экономике и социальной жизни страны, а также принятие мер, связанных с институциональной модернизацией.

      Основа Стратегплана-2025 – это сочетание 7 системных реформ и 7 приоритетных политик, обеспечивающих реализацию основных положений Стратегии "Казахстан-2050". Формула Плана 7х7 создаст баланс стабильности и развития для достижения Казахстаном глобальной конкурентоспособности.

      Семь системных реформ охватывают все ключевые аспекты жизни страны: "Новый человеческий капитал", "Технологическое обновление и цифровизация", "Конкуренция и конкурентоспособный бизнес", "Правовое государство без коррупции", "Сильные регионы и урбанизация", "Модернизация общественного сознания", "Госсектор как лидер изменений".

      Стратегплан-2025 будет реализован через госпрограммы, стратегические планы государственных органов, программы развития территорий, стратегии национальных холдингов и компаний, а также в рамках применяемого проектного управления.

      Планом заложены ключевые национальные индикаторы, отражающие целевые результаты, которые должны быть достигнуты к 2021 и 2025 годам.

      Центр стратегических разработок и анализа
Администрации Президента Республики Казахстан