"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңының
9-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Мыналар:
1) Алматы облысының Талдықорған ауданы - Ескелді ауданы;
2) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданы - Бөкей ордасы ауданы болып
қайта аталсын.
2. Мына атаулардың орыс тіліндегі транскрипциясы:
1) Ақтөбе облысындағы Челкарский район - Шалкарский район;
2) Ақтөбе облысындағы город Челкар - город Шалкар;
3) Батыс Қазақстан облысындағы Джаныбекский район - Жанибекский район
деп өзгертілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.