Қазақстан Республикасының Польша Республикасымен дипломатиялық қатынасын нығайту мақсатында қаулы етемін:
1. Варшава қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісінің шетел
валютасымен есептелінетін лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасының
Венгрия Республикасындағы Елшісінің лауазымдық жалақысына теңелген
мөлшерде белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Польша Республикасындағы
Қазақстан Республикасы Елшілігінің штат кестесі мен шығыстарының сметасын
анықтасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.