"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30
наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес қаулы
етемін:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік активтер бойынша
құрылған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына азайтылған 2001 жылғы таза
кірісі:
1) жарғылық капиталды толықтыруға - 4 534 357,0 мың теңге;
2) резервтік капиталды толықтыруға - 4 147 872,0 мың теңге;
3) республикалық бюджет кірісіне - 10 399 464,0 мың теңге жіберілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.