Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы келісімге Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі Қайрат Қуатұлы Әбусейітовке қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы келісімге хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
(РҚАО-ның ескертуі: Хаттаманың жобасының мәтіні берілмеген. қараңыз. P030194 )