Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1234 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн құқықтық жағдайларды жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Шетелдiк инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 18, 156-құжат; 2000 ж., N 17, 168-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ереже қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2003 жылғы 24 қарашадағы 
N 1234 Жарлығына    
Қосымша         

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
1998 жылғы 30 маусымдағы 
N 3985 Жарлығымен   
Бекітілген       

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Шетелдiк инвесторлар кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

      3. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Кеңестiң жұмыс органы жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.

      5. Кеңестiң алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында оның шешiмдерiмен Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтары құрылады.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

      6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      1) мына мәселелер жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу:
      Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негiзгi бағыттарын айқындау;
      Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
      Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;
      экономиканы әртараптандыру, өнеркәсiптiк секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнестi дамыту үшiн қолайлы инвестициялық және құқықтық жағдайлар жасау;
      Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдiк экономикалық процестерге ықпалдастыру;
      Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестицияларды тарту стратегиясы;
      Қазақстан Республикасының халықаралық мәнi бар iрi инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын iске асыру;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша инвестициялық саясаттың өзге де маңызды мәселелерiн қарау және талқылау болып табылады.

3. Кеңестiң құрамы

      7. Қазақстан Республикасының Президентi Кеңестiң төрағасы болып табылады.

      8. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң инвестиция мәселелерiн қадағалайтын көмекшiсi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi және Кеңестiң жұмыс органының бiрiншi басшысы Кеңестiң тұрақты мүшелерi болып табылады.

      9. Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымдық тұлғалары кiре алады.

      10. Кеңестiң шетелдiк тараптан құрамы осы Ережеде белгiленген тәртiппен халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының (бұдан әрi - халықаралық ұйымдар) өкiлдерi, шетелдiк компаниялардың бipiншi басшылары нeмece олардың opынбасарлары қатарынан құрылады.

      11. Кеңестiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

4. Кеңеске мүшелiкке өтiнiмдер беру және
оларды қарау тәртібi

      12. Кеңестiң құрамына қабылдану үшiн халықаралық ұйымдардың, шетелдiк компаниялардың өкiлдерi (бұдан әрi - үмiткерлер) жұмыс органына осы Ережеге қосымшада белгiленген нысан бойынша өтiнiм бередi.

      13. Халықаралық ұйымдардың және шетелдiк компаниялардың, олар ұсынған үмiткерлердiң Қазақстан Республикасының экономикасына жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс iстейтiн инвесторлар үшiн кемiнде 100 миллион АҚШ долларына және экономиканың өзге де секторларындағы инвесторлар үшiн кемiнде 25 миллион АҚШ долларына баламалы сомада тiкелей инвестициялар салуы Кеңестiң мүшелiгiне қабылдану үшiн негiзгi өлшем болып табылады.
      Қазақстан Республикасының экономикасында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және инвестициялық процестердi жандандыру жөнiндегi жұмысқа белсендi қатысатын халықаралық және өзге де ұйымдардың, банктердiң өкiлдерi де Кеңестiң мүшелерi бола алады.

      14. Кеңестiң мүшесiне қабылдау туралы өтiнiмдердi қарау кезiнде жұмыс органы, сондай-ақ:
      1) жұмыс топтарының қызметiне қатысуын;
      2) халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның тәжiрибесi мен iскерлiк беделiн;
      3) Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтiк саласын дамыту үшiн халықаралық ұйым немесе шетелдiк компания қызметiнiң маңыздылығын;
      4) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк мiндеттерiн шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасының аумағындағы демеушiлiк және қайырымдылық қызметiн;
      5) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтi стратегиялық кеңейтуге дайындығын;
      6) шетелдерде Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджiн арттыру жөнiндегi жұмысқа қатысуын;
      7) Қазақстан Республикасында тiркелген өнеркәсiптiк және iскерлiк қауымдастықтардың, мемлекеттер елшiлiктерiнiң ұсынымдарын ескередi.

      15. Өзге де тең жағдай кезiнде инвестициялық қызметтi экономиканың шикiзат емес секторларында жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар мен шетелдiк компанияларға артықшылық берiледi.

5. Шетелдiк мүшенiң Кеңесте болу мерзiмi

      16. Шетелдiк мүше үшiн Кеңесте болу мерзiмi 3 жылды құрайды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша осы Ереженiң 22-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, кезектi үш жылдық кезеңге ұзартылуы мүмкін.

6. Кеңестiң шетелдiк мүшелерiн алмастыру

      17. Кеңестiң шетелдiк мүшелерiнiң үштен бiрiн алмастыру (жаңа мүшелермен ауыстыру) осы Ережеде белгiленген тәртiппен жылына бiр реттен жиi емес жүзеге асырылады.
      Алмастырудың мақсаты Кеңестi өзiне жүктелген мiндеттердi тиiмдi орындауға барынша ықпал ететiн құрамда ұстау болып табылады.
      Кеңестiң шетелдiк мүшесiн сол халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның өкiлдерiмен ауыстыру алмастыру болып табылмайды.

      18. Алмастыру жұмыс органының ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

      19. Алмастыру туралы мәселенi қарау үшiн жұмыс органы Кеңесте тұратын халықаралық ұйымдардан/шетелдiк компаниялардан қажеттi ақпаратты сұрата алады.

      20. Жұмыс органы алмастыру туралы мәселенi қарау мақсатында Кеңестiң шетелдiк мүшелерiн алмастыру жөнiндегi топ (бұдан әрi - топ) құрады.
      Топтың құрамын құру тәртiбiн жұмыс органы айқындайды.

      21. Топтың ұсынымдарын ескере отырып, жұмыс органы Қазақстан Республикасының Президентiне Кеңестiң құрамы бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.

7. Шетелдiк мүшенi Кеңестiң құрамынан шығару үшiн
негiздемелер

      22. Шетелдiк мүшенi Кеңестiң құрамынан шығару үшiн:
      1) Кеңестiң шетелдiк мүшесiнiң Кеңестегi өз қызметiн тоқтату туралы жазбаша өтiнiшi;
      2) Кеңестiң шетелдiк мүшесi өкiлi болып табылатын халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтi тоқтатуы;
      3) Кеңестiң құрамында болу мерзiмiнiң аяқталуы;
      4) шетелдiк мүшенiң немесе ол өкiлi болып табылатын шетелдiк компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетелдiк инвесторлар этикасының кодексi туралы 2000 жылғы 8 желтоқсандағы декларацияны сақтамауы негiздеме болып табылады.

8. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтары

      23. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының қызметiне жалпы басшылық етудi олардың қазақстандық және шетелдiк тараптарынан тең төрағалар жүзеге асырады.
      Бiрлескен жұмыс тобының қазақстандық тарапынан тең төраға министрлiк немесе ведомство басшысы орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды тұлға бола алады.
      Бiрлескен жұмыс тобының шетелдiк тарапынан тең төраға тек басшыларының бiрi Кеңестiң мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның қазақстандық өкiлдiгiнiң басшысы ғана бола алады.

      24. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының iс-шаралар жоспарларын бiрлескен жұмыс топтарының тең төрағалары бекiтедi.

      25. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының құрамы жалпы отырыстарда бекiтiледi.

      26. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының құрамына Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, халықаралық ұйымдардың, бiрлескен кәсiпорындардың, қазақстандық және шетелдiк компаниялардың өкiлдерi кiре алады.

      27. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының жұмысына қатысу алмастыру құқығынсыз жүзеге асырылады.

9. Кеңестiң жұмыс тәртiбi

      28. Кеңестiң жалпы отырыстары Кеңес төрағасы белгiлейтiн мерзiмдерде жылына кемiнде екi рет өткiзiледi.
      Кеңестiң жалпы отырыстары Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқанда құқылы.

      29. Кеңестiң жалпы отырыстарының аралығындағы кезеңде Премьер-Министрдiң инвестициялық саясат мәселелерiн қадағалайтын орынбасарының төрағалық етуiмен Кеңестiң аралық отырыстары өткiзiледi.
      Аралық отырыстарға Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары басшыларының орынбасарынан төмен емес деңгейiндегi өкiлдерi, Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының тең төрағалары, сондай-ақ Кеңестiң шетелдiк мүшелерiнiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкiлдерi қатысады.
      Аралық отырыстарда соңғы жалпы отырыс шешiмдерiнiң орындалу қорытындылары, Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтары қызметiнiң нәтижелерi, келесi жалпы отырысқа дайындық, шетелдiк инвесторлардың ағымдағы проблемалары және өзге де мәселелер талқыланады.

      30. Кеңестiң жалпы және аралық отырыстарына Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарының өкiлдерi, сондай-ақ оның құрамына кiрмейтiн халықаралық ұйымдар мен шетелдiк компаниялардың өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.

      31. Кеңестiң жалпы және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша Кеңестiң шетелдiк мүшелерiнiң ұсынымдары ескерiле отырып хаттама қабылданады.

10. Кеңестiң жұмыс органы

      32. Кеңестiң жұмыс органы:
      1) Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының құрамы бойынша ұсыныстар әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзу;
      2) Кеңестiң бiрлескен және аралық отырыстарын ұйымдастыру және өткiзу;
      3) бiрлескен жұмыс топтарының қызметiн үйлестiру;
      4) Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының хаттамалық шешiмдерiн орындау мониторингiн жүргiзу;
      5) Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
      6) Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының қызметiн талдау, Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қарау, әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi функцияларды атқарады.

Қазақстан Республикасы    
Президентiнiң         
2003 жылғы 24 қарашадағы   
N 1234 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң жанындағы  
Шетелдiк инвесторлар    
кеңесi туралы ережеге   
Қосымша          

Кеңеске мүшелiкке қабылдау үшiн
ӨТIHIМ

      1. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның атауы
      _____________________________________________________________

      2. Почталық мекен-жайы: ____________________________________
      3. Шыққан елi: _____________________________________________
      4. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның қызметiне жалпы
      сипаттама (қызмет саласы, iскерлiк беделi)
      5. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның Қазақстан
      Республикасының өңiрлерiндегi жобалардың тiзбесiн қоса
      алғанда, Қазақстанда инвестициялық жобаларды iске асыруға
      қатысуы туралы ақпарат
      6. Қазақстан Республикасының экономикасына салынған тiкелей
      инвестициялардың көлемi
      7. Қазақстан аумағындағы жиынтық айналым, өндiрiс көлемi
      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне халықаралық
      ұйымның/шетелдiк компанияның қызметiнен түсетiн түсiмдер
      9. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның Қазақстан
      Республикасының әлеуметтiк мiндеттерiн шешуге қатысуы,
      Қазақстан Республикасының аумағындағы демеушiлiк және
      қайырымдылық қызмет
      10. Қазақстандық қызметкерлердiң саны
      11. Шетелдерде Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджiн
      арттыру жөнiндегi iс-шараларға қатысуы туралы ақпарат
      12. Үмiткердiң аты-жөнi: ____________________________________
      13. Лауазымы: _______________________________________________
      14. Кәсiптік қызметi: _______________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________

      15. Халықаралық ұйымда/шетелдiк компанияда жұмыс iстеу
      мерзiмi:
      ____________________________________________________________

      16. Қоса беріліп отырған құжаттар (Қазақстан Республикасы
      мемлекеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасында
      тіркелген өнеркәсіптік және іскерлік қауымдастықтардың,
      мемлекеттер елшіліктерінің кепілдеме хаттары): _____________

О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 30 июня 1998 года N 3985

Указ Президента Республики Казахстан от 24 ноября 2003 года N 1234

      В целях совершенствования правовых условий для эффективного функционирования Совета иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан постановляю:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 30 июня 1998 года N 3985 "Об образовании Совета иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., N 18, ст. 156; 2000 г., N 17, ст. 168) следующее изменение:
      Положение о Совете иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан, утвержденное вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению.

      2. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан

Приложение     
к Указу Президента 
Республики Казахстан
от 24 ноября 2003 года
N 1234       

Утверждено     
Указом Президента 
Республики Казахстан
от 30 июня 1998 года
N 3985       

Положение
о Совете иностранных инвесторов
при Президенте Республики Казахстан 1. Общие положения

      1. Совет иностранных инвесторов (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.
      2. Правовую основу деятельности Совета составляют Конституция и законы Республики Казахстан, акты Президента Республики Казахстан, иные нормативные правовые акты Республики Казахстан, а также настоящее Положение.
      3. Обеспечение деятельности Совета осуществляется Администрацией Президента Республики Казахстан и рабочим органом Совета.
      4. Рабочим органом Совета является Комитет по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан.
      5. Решениями Совета в целях реализации поставленных перед ним задач создаются совместные рабочие группы Совета.

2. Основные задачи Совета

      6. Основными задачами Совета являются:
      1) разработка рекомендаций и предложений по вопросам:
      определения основных направлений инвестиционной политики Республики Казахстан;
      улучшения инвестиционного климата в Республике Казахстан;
      совершенствования нормативной правовой базы Республики Казахстан об инвестициях;
      создания благоприятных инвестиционных и правовых условий для диверсификации экономики, индустриализации промышленного сектора, развития малого и среднего бизнеса;
      интеграции экономики Республики Казахстан в мировые экономические процессы;
      стратегии привлечения иностранных инвестиций в экономику Республики Казахстан;
      реализации крупных инвестиционных программ и проектов Республики Казахстан, имеющих международное значение;
      2) рассмотрение и обсуждение по поручению Президента Республики Казахстан иных важных вопросов инвестиционной политики.

3. Состав Совета

      7. Председателем Совета является Президент Республики Казахстан.
      8. Постоянными членами Совета являются по должности: Премьер-Министр Республики Казахстан, Председатель Национального Банка Республики Казахстан, помощник Президента Республики Казахстан, курирующий вопросы инвестиций, Министр иностранных дел Республики Казахстан, Министр индустрии и торговли Республики Казахстан, Министр финансов Республики Казахстан, Министр экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан и первый руководитель рабочего органа Совета.
      9. В состав Совета могут входить иные должностные лица Республики Казахстан, определяемые Президентом Республики Казахстан.
      10. Состав Совета с иностранной стороны формируется из числа представителей международных экономических и финансовых организаций (далее - международные организации), первых руководителей иностранных компаний или их заместителей в порядке, определяемом настоящим Положением.
      11. Персональный состав Совета утверждается Президентом Республики Казахстан.

4. Порядок подачи и рассмотрения заявок
на членство в Совете

      12. Для приема в состав Совета представители международных организаций, иностранных компаний (далее - претенденты) подают в рабочий орган заявку по форме, установленной приложением к настоящему Положению.
      13. Основным критерием для приема в члены Совета является вложение в экономику Республики Казахстан международными организациями и иностранными компаниями, представленными их претендентами, прямых инвестиций на сумму, эквивалентную не менее 100 миллионам долларов США, для инвесторов, работающих в сфере недропользования, и не менее 25 миллионам долларов США для инвесторов в иных секторах экономики.
      Членами Совета также могут быть представители международных и иных организаций, банков, активно участвующих в работе по формированию благоприятного инвестиционного климата и активизации инвестиционных процессов в экономике Республики Казахстан.
      14. При рассмотрении заявки о приеме в члены Совета рабочий орган также учитывает:
      1) участие в деятельности рабочих групп;
      2) опыт и деловую репутацию международной организации или иностранной компании;
      3) значимость деятельности международной организации или иностранной компании для развития экономики и социальной сферы Республики Казахстан;
      4) участие в решении социальных задач Республики Казахстан, спонсорскую и благотворительную деятельность на территории Республики Казахстан;
      5) готовность к стратегическому расширению инвестиционной деятельности в Республике Казахстан;
      6) участие в работе по повышению инвестиционного имиджа Республики Казахстан за рубежом;
      7) рекомендации промышленных и деловых ассоциаций, посольств государств, аккредитованных в Республике Казахстан.
      15. При прочих равных условиях предпочтение отдается международным организациям и иностранным компаниям, осуществляющим инвестиционную деятельность в несырьевых секторах экономики.

5. Срок пребывания иностранного члена в Совете

      16. Срок пребывания в Совете для иностранного члена составляет 3 года и по решению Президента Республики Казахстан может быть продлен, за исключением случаев, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 4) пункта 22 настоящего Положения, не более одного раза на очередной трехлетний период.

6. Ротация иностранных членов Совета

      17. Ротация (замена новыми членами) до одной трети иностранных членов Совета осуществляется не чаще одного раза в год в порядке, определяемом настоящим Положением.
      Целью ротации является поддержание Совета в составе, максимально способствующем эффективному выполнению возложенных на него задач.
      Замена иностранного члена Совета представителем той же международной организации или иностранной компании не является ротацией.
      18. Ротация осуществляется по решению Президента Республики Казахстан на основе предложений рабочего органа.
      19. Для рассмотрения вопроса о ротации рабочий орган может запрашивать у международных организаций или иностранных компаний, представленных в Совете, необходимую информацию.
      20. В целях рассмотрения вопроса о ротации рабочий орган создает группу по ротации иностранных членов Совета (далее - группа).
      Порядок формирования состава группы определяется рабочим органом.
      21. С учетом рекомендаций группы рабочий орган формирует предложения Президенту Республики Казахстан по составу Совета.

7. Основания для вывода иностранного члена
из состава Совета

      22. Основаниями для вывода иностранного члена из состава Совета являются:
      1) письменное обращение иностранного члена Совета о прекращении своей деятельности в Совете;
      2) прекращение международной организацией или иностранной компанией, представителем которой является иностранный член Совета, инвестиционной деятельности в Республике Казахстан;
      3) истечение срока пребывания в составе Совета;
      4) несоблюдение иностранным членом или иностранной компанией, представителем которой он является, законодательства Республики Казахстан, Декларации о кодексе этики иностранных инвесторов, работающих в Казахстане, от 8 декабря 2000 года.

8. Совместные рабочие группы Совета

      23. Общее руководство деятельностью совместных рабочих групп Совета осуществляют их сопредседатели с казахстанской и иностранной сторон.
      Сопредседателем совместной рабочей группы с казахстанской стороны может быть должностное лицо на уровне не ниже заместителя руководителя министерства или ведомства.
      Сопредседателем совместной рабочей группы с иностранной стороны может быть только глава казахстанского представительства международной организации или иностранной компании, один из руководителей которой является членом Совета.
      24. Планы мероприятий совместных рабочих групп Совета утверждаются сопредседателями совместных рабочих групп.
      25. Составы совместных рабочих групп Совета утверждаются на пленарных заседаниях.
      26. В составы совместных рабочих групп Совета могут входить представители государственных органов Республики Казахстан, международных организаций, совместных предприятий, казахстанских и иностранных компаний.
      27. Участие в работе совместных рабочих групп Совета осуществляется без права замены.

9. Порядок работы Совета

      28. Пленарные заседания Совета проводятся не менее двух раз в год в сроки, определяемые Председателем Совета.
      Пленарные заседания Совета правомочны при наличии не менее двух третей от общего числа членов Совета.
      29. В период между пленарными заседаниями Совета проводятся промежуточные заседания Совета под председательством Заместителя Премьер-Министра, курирующего вопросы инвестиционной политики.
      В промежуточных заседаниях принимают участие представители заинтересованных государственных органов Республики Казахстан на уровне не ниже заместителя руководителя, сопредседатели совместных рабочих групп Совета, а также постоянные представители иностранных членов Совета в Республике Казахстан.
      На промежуточных заседаниях обсуждаются итоги исполнения решений последнего пленарного заседания, результаты деятельности совместных рабочих групп Совета, подготовка к следующему пленарному заседанию, текущие проблемы иностранных инвесторов и иные вопросы.
      30. На пленарные и промежуточные заседания Совета могут быть приглашены представители заинтересованных государственных органов Республики Казахстан, а также представители международных организаций и иностранных компаний, не входящие в его состав.
      31. По итогам пленарных и промежуточных заседаний Совета с учетом рекомендаций иностранных членов Совета принимается протокол.

10. Рабочий орган Совета

      32. Рабочий орган Совета выполняет функции по:
      1) подготовке и внесению на рассмотрение Президенту Республики Казахстан предложений по составам Совета и его совместных рабочих групп;
      2) организации и проведению пленарных и промежуточных заседаний Совета;
      3) координации деятельности совместных рабочих групп;
      4) ведению мониторинга исполнения протокольных решений Совета и его совместных рабочих групп;
      5) разработке проектов нормативных правовых актов, касающихся деятельности Совета и его совместных рабочих групп;
      6) анализу деятельности Совета и его совместных рабочих групп, рассмотрению, разработке и реализации предложений по совершенствованию деятельности Совета и его совместных рабочих групп.

Приложение            
к Положению о Совете иностранных 
инвесторов при Президенте Республики
Казахстан, утвержденному Указом  
Президента Республики Казахстан  
от 24 ноября 2003 года N 1234   

                              Заявка
                    для приема в члены Совета

      1. Наименование международной организации/иностранной
компании:__________________________________________________________
      2. Почтовый адрес:___________________________________________
         __________________________________________________________
      3. Страна происхождения:_____________________________________
      4. Общая характеристика деятельности международной
организации/иностранной компании (сфера деятельности, деловая
репутация)
      5. Информация об участии международной
организации/иностранной компании в реализации инвестиционных
проектов в Казахстане, включая перечень проектов в регионах
Республики Казахстан
      6. Объем прямых инвестиций, вложенных в экономику Республики
Казахстан
      7. Совокупный оборот, объем производства на территории
Казахстана
      8. Поступления в государственный бюджет Республики Казахстан
от деятельности международной организации/иностранной компании
      9. Участие международной организации/иностранной компании в
решении социальных задач Республики Казахстан, спонсорская и
благотворительная деятельность на территории Республики Казахстан
      10. Численность казахстанских сотрудников
      11. Информация об участии в мероприятиях по повышению
инвестиционного имиджа Республики Казахстан за рубежом
      12. Ф.И.О. претендента:______________________________________
      13. Должность: ______________________________________________
      14. Профессиональная деятельность:___________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      15. Срок работы в международной организации/иностранной
компании:
___________________________________________________________________

      16. Прилагаемые документы (рекомендательные письма от органов
государственного управления Республики Казахстан, промышленных и
деловых ассоциаций, посольств государств, аккредитованных в
Республике Казахстан): ____________________________________________