"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі салалардағы Қазақстан-Ливан ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Бейрут қаласында (Ливан Республикасы) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті