"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 44, 424-құжат):
кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заң күшi бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы " деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:
бүкiл мәтiн бойынша "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау округтерiн құрады, олардың бiрыңғай нөмiрлерiн белгiлейдi және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;";
5) тармақшада:
"іс-әрекетiне" деген сөзден кейiн "(әрекетсiздiгiне)" деген сөзбен толықтырылсын;
"саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi; сайлау жүйелерi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада:
"оларды жасау тәртiбiн," деген сөздерден кейiн "сондай-ақ қорғалу дәрежесiн," деген сөздермен толықтырылсын;
"дауыс беруге арналған жәшiктер мен" деген сөздер "мөлдiр материалдан жасалған, дауыс беруге арналған жәшiктердiң нысанын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Президенттi және Парламент пен мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшада:
"адамдары мен бастамашыл топтарын" деген сөздер "адамдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
мемлекеттiк тiлдегі мәтiнде "хабар" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
9) тармақша ", ақпарат бюллетенiн мерзiмдi шығарып тұрады;" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшада ", сондай-ақ Конституцияның 51-бабының 2-тармағына сәйкес олар қайта сайланған жағдайда Сенат депутаттарының сайлауын" деген сөздер алынып тасталсын;
16) тармақшада:
"органдарының мүшелерiн" деген сөздер "органдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"олардың қызметiне" деген сөздер "олардың қызметінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкестiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының
бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгінедi;";
мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми web-сайтына сайлау заңдары жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткiзу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
17-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тiзiлiмiн жүргiзедi;
17-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелерiне оны қолдануды үйретедi;
17-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;";
18) және 19) тармақшалар алып тасталсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттіктердi жүзеге асырады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Орталық сайлау комиссиясы аппараты қызметкерлерiнiң мемлекеттік қызмет өтеуiнiң шарттары мемлекеттік қызмет туралы, еңбек туралы заңнамада, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленедi.";
2) Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді) Жарлығымен.