1. "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын.
2. "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 542-құжат) мынадан өзгерiс енгiзілсiн:
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығына сәйкес бiржолғы төлемдi алуға арналған құжаттарды уақытында ресiмдей алмаған" деген сөздер алып тасталсын.