Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті