"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 184-құжат; N 48, 591-құжат; 2005 ж., N 6, 49-құжат; N 20, 239-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымындағы:
"Ахуалдық орталық"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті