Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 377-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасында:
"министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың штат санын" деген сөздер "министрліктер мен агенттіктердің штат саны лимиттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Орталық атқарушы органдардың басшылары ведомстволардың штат санындағы өзгерістерді Мемлекет басшысымен не оның уәкілеттік беруімен Республиканың Президенті Әкімшілігімен келіссін.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті