Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2005 ж., N 39, 555-құжат; 2006 ж., N 35, 373-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы
ережеде
:
8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) валюталық интервенцияны жүзеге асырады;";
13-тармақта:
1) тармақшада "және шетел банктерінде Қазақстан Республикасы резиденттерінің шоттар ашу тәртібінің" деген сөздер алып тасталсын;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі мәміле паспорттарын ресімдеудің бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
5) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар береді және берудің, беруден бас тартудың, қолданылуын тоқтатудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) валюталық операцияларды тіркеу, валюталық операциялар туралы хабарлау және шетелдік банктерде шоттар ашу тәртібін белгілейді, тіркеу куәліктерін және хабарлау куәліктерін береді;";
6) тармақша "және валюталық мониторинг жүргізеді" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада "; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға" деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақшада "және бухгалтерлік есеп стандарттары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы" деген сөздер "туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) арнайы қаржы компаниялары орындауға міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";
11) тармақшада:
"қымбат металдардың" деген сөздерден кейін "және қымбат металдардан жасалған монеталардың" деген сөздермен толықтырылсын;
"жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің банктік шоттары жөніндегі тапсырмалары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейф операциялары; төлем карточкаларын шығару;", "чек кітапшаларын шығару;" деген сөздер алып тасталсын;
", сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару мен пайдалану тәртібін айқындайды;" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшада "бухгалтерлік есептің стандарттарын" деген сөздер "қаржылық есептіліктің стандарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың 3) тармақшасында "және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін (валюта мониторингін)" деген сөздер алып тасталсын;
23-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру, қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру туралы шешімдер қабылдау;";
28-тармақтың 14) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі берген лицензияларды қайта ресімдеу және бұрын берілген лицензиялардың телнұсқаларын беру туралы шешім қабылдайды.";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің
құрылымында
1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:
"14-1. Тәуекел-менеджмент басқармасы".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті