Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 739 Жарлығы.

      2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін icкe асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Сыртқы барлау саласындағы өкілетті орган функцияларын жүктей отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі құрылсын (бұдан әpі - "Сырбар" қызметі).

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметі таратылсын.

      3. "Сырбар" қызметі:

      1) бip ай мерзімде "Сырбар" қызметі туралы ереженің жобасын, оның құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президентіне бекіту үшін ұсынсын;

      2) үш ай мерзімде ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;

      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша "Сырбар" қызметіне оның міндеттері мен функцияларының көлеміне сәйкес штат санын, ғимараттарды, құжаттарды, қаржылық, материалдық-техникалық құралдар мен өзге де мүлікті, сонымен катар барлау кадрларын дайындау жөніндегі арнайы оқу орнын беруді қамтамасыз етсін;

      2) үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе және осы Жарлық ережелерін ескере отырып, "Сыртқы барлау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

      3) "Сырбар" қызметімен бірлесіп Үкіметтің актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


О мерах по укреплению национальной безопасности Республики Казахстан и дальнейшему совершенствованию разведывательной деятельности

Указ Президента Республики Kазахстан от 17 февраля 2009 года № 739.

      В целях реализации основных положений Стратегии национальной безопасности Республики Казахстан на 2007-2012 годы, укрепления национальной безопасности и оптимизации структуры специальных служб Республики Казахстан в соответствии с подпунктом 5) статьи 44 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 3) пункта 2 статьи 17-1 Конституционного закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года "О Президенте Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Образовать Службу внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар" (далее - Служба "Сырбар") как государственный орган, непосредственно подчиненный и подотчетный Президенту Республики Казахстан, возложив на нее функции уполномоченного органа в сфере внешней разведки.

      2. Упразднить Службу "Барлау" Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      3. Службе "Сырбар":

      1) в месячный срок представить на утверждение Президенту Республики Казахстан проект Положения о Службе "Сырбар", ее структуру и общую штатную численность;

      2) в трехмесячный срок совместно с Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан внести предложения о приведении актов Президента Республики Казахстан в соответствие с настоящим Указом;

      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.

      4. Правительству Республики Казахстан:

      1) совместно с Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан в двухмесячный срок по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан обеспечить передачу штатной численности, зданий, документации, финансовых, материально-технических средств и иного имущества, в том числе специального учебного заведения по подготовке кадров разведки, Службе "Сырбар" в соответствии с объемом ее задач и функций;

      2) совместно с заинтересованными государственными органами в трехмесячный срок разработать и внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проекты законов Республики Казахстан "О внешней разведке" и "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам национальной безопасности" с учетом положений настоящего Указа;

      3) совместно со Службой "Сырбар" привести акты Правительства в соответствие с настоящим Указом;

      4) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.

      5. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      6. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев