Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 шілдедегі N 837 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 1-құжат; 2003 ж., N 44, 469-құжат; 2007 ж., N 18, 197-құжат; 2008 ж., N 23, 212-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Дипломатиялық қызмет күні - 2 шілде".

      2. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827

Указ Президента Республики Казахстан от 1 июля 2009 года № 837. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 681

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2018 № 681.

      В соответствии со статьей 4 Закона Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года "О праздниках в Республике Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 1, ст. 1; 2003 г., № 44, ст. 469; 2007 г., № 18, ст. 197; 2008 г., № 23, ст. 212) следующее дополнение:

      перечень профессиональных и иных праздников в Республике Казахстан, утвержденный названным Указом, дополнить абзацем седьмым следующего со держания:

      "День дипломатической службы — 2 июля".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня первого официального опубли кования.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев