Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат; 2006 ж., № 41, 446-құжат; 2009 ж., № 26, 220-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі туралы ережеде:
11-тармақтағы «көпшілік дауысымен» деген сөздерден кейін «немесе Кеңес мүшелеріне сауал қою жолымен» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев