Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат, № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат, № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамындағы:
мына:
«Донақов Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
төрағаның орынбасары»,
«Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Донақов Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары»,
«Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы,
төрағаның орынбасары».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев