Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 мамырдағы N 83 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде  
жариялануға тиіс        

      Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуына және егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 20 жылдығының құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
      2) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 83 Жарлығымен    
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»
мерекелік медалімен наградтау қағидалары

      1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі – мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді.
      2. Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.
      3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгізеді.
      4. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша мерекелік медальді, сонымен қатар:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;
      2) Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы осыған уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.
      Наградталған адамға медальмен қоса белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.
      5. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.
      6. Мерекелік медаль сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.
      7. Мерекелік медальдің табыс етілгендігі туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жазылады.
      Табыс етілмеген медальдер мен олардың куәліктері қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.
      Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептелікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 83 Жарлығымен    
бекітілген       

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»
мерекелік медалінің сипаттамасы

      «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (бұдан әрі – мерекелік медаль) диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Мерекелік медальдің бет жағының үстіңгі бөлігінде мерейтой эмблемасының бейнесі – нөлі желбіреген жалаудың аясында рәмізделген сәулелі күн түрінде орындалған бедерлі 20 саны орналасқан. Төменгі жағында Ақорда ғимаратының бедерлі бейнесі орналасқан.
      Мерекелік медальдің сыртқы бетінің ортаңғы бөлігінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» бедерлі жазуы орналасқан.
      Мерекелік медаль сары түсті металдан (жезден) дайындалады.
      Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы қатқыл лентамен қапталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм болатын тағанға жалғанады. Лента 16 мм қызыл және көк түсті екі жолақтан құралған. Ортасында тігінен тұрған бедерлі лавр бұтағы түріндегі жезден жасалған ені 8 мм жапсырма орналасқан.
      Мерекелік медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

О юбилейной медали в ознаменование 20-летия Независимости Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 17 мая 2011 года № 83

Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства
Республики Казахстан     
и республиканской печати   

      В целях поощрения граждан Республики Казахстан и иностранных граждан, внесших значительный вклад в развитие и становление государственности и укрепление суверенитета Республики Казахстан, а также в ознаменование 20-летия Независимости Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Учредить юбилейную медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл».
      2. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила награждения юбилейной медалью «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»;
      2) описание юбилейной медали «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл».
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

УТВЕРЖДЕНЫ      
Указом Президента  
Республики Казахстан 
от 17 мая 2011 года № 83

ПРАВИЛА
награждения юбилейной медалью
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»

      1. Настоящие Правила регулируют порядок награждения юбилейной медалью «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (далее – юбилейная медаль).
      2. Юбилейной медалью награждаются граждане Республики Казахстан  и иностранные граждане, внесшие значительный вклад в становление государственности, укрепление суверенитета и в социально-экономическое развитие Республики Казахстан.
      3. Представления к награждению юбилейной медалью вносятся Президенту Республики Казахстан Парламентом, Правительством, министерствами, иными центральными государственными органами Республики Казахстан, акимами областей, городов Астаны и Алматы, а также общественными организациями.
      4. Юбилейная медаль вручается Президентом Республики Казахстан.
      Юбилейную медаль от имени и по поручению Президента Республики Казахстан также могут вручать:
      1) Государственный секретарь Республики Казахстан;
      2) акимы областей, городов Астаны и Алматы, а также иные должностные лица, уполномоченные на это Главой государства.
      Вместе с медалью награжденному вручается удостоверение установленного образца.
      5. Вручение юбилейной медали производится в торжественной обстановке и вручается награжденному лично. Перед вручением оглашается Указ Президента Республики Казахстан о награждении.
      6. Юбилейная медаль носится на левой стороне груди. При наличии государственных наград Республики Казахстан располагается после них.
      7. О вручении юбилейной медали в списке для награждения делается соответствующая запись.
      Неврученные медали и удостоверения к ним возвращаются в Орденскую кладовую Управления делами Президента Республики Казахстан с указанием причин возврата, о чем делается соответствующая отметка в списках.
      Учет произведенных награждений, а также отчетность о ходе вручения юбилейных медалей ведутся Администрацией Президента Республики Казахстан.

УТВЕРЖДЕНО      
Указом Президента  
Республики Казахстан 
от 17 мая 2011 года № 83

ОПИСАНИЕ
юбилейной медали «Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 20 жыл»

      Юбилейная медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (далее – юбилейная медаль) имеет форму правильного круга диаметром 34 мм.
      На лицевой стороне юбилейной медали в верхней части размещено изображение эмблемы юбилея – рельефное число 20, ноль которого выполнен в виде стилизованного солнца с лучами, на фоне развевающегося флага. В нижней части расположено рельефное изображение здания Акорды.
      На оборотной стороне юбилейной медали в центральной части расположена рельефная надпись «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл».
      Юбилейная медаль изготавливается из металла желтого цвета (латуни).
      Юбилейная медаль при помощи ушка и кольца соединяется с колодкой шириной 32 мм и высотой 50 мм, обтянутой муаровой лентой. Лента образована двумя полосами по 16 мм красного и голубого цвета. Посередине расположена накладка в виде вертикальной рельефной лавровой ветви из латуни шириной 8 мм.
      Юбилейная медаль с помощью булавки с визорным замком крепится к одежде.