Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 126 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 18.09.2019 № 163 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі туралы ережеде:

      1-бөлімде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Сырбар" қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кіреді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. "Сырбар" қызметінің заңдық мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.";

      9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Сырбар" қызметінің толық атауы - "Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" мемлекеттік мекемесі.

      Осы Ереже "Сырбар" қызметінің құрылтай құжаты болып табылады.";

      2-бөлімде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Сырбар" қызметінің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және мемлекеттік органдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      3) елдің экономикалық дамуы мен ғылыми-техникалық өркендеуіне және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      4) барлау ақпаратына қол жеткізу және шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президентінің актілерімен айқындалатын өзге де міндеттер болып табылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. "Сырбар" қызметі өз құзыреті шегінде мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде барлау қызметін жүзеге асыру;

      2) барлау ақпаратына қол жеткізу, оны жинақтау, талдау, жүйелеу және қорыту, оның негізінде ұсыныстар, бағалаулар мен болжамдар дайындау;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламенті мен Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және мемлекеттік ұйымдарына барлау ақпаратын беру;

      4) сыртқы барлау субъектілерінің қауіпсіздігін олардың өз күштерін, құралдары мен ақпараттарын заңға қайшы іс-әрекеттер мен қатерлерден қорғауы арқылы қамтамасыз ету;

      5) жүзеге асырылатын барлау қызметінің стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;

      6) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;

      7) Қазақстан Республикасының халықаралық, оның ішінде сыртқы барлау саласындағы міндеттемелерін орындау;

      8) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде шет мемлекеттердің арнайы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыс орнату, жалғастыру және дамыту;

      9) радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асыру;

      10) "Сырбар" қызметіне жасырын көмек көрсететін адамдарды, оның бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайларының және көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін бүркемелеу жөніндегі шараларды іске асыру;

      11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өз объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, жеке және инженерлік-техникалық қорғалуын жүзеге асыру, сондай-ақ оларда жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуді келісу;

      12) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

      13) қызметке немесе жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеу, арнайы тексеруден өткізу, кадрға қабылданған әскери қызметшілердің және азаматтық персоналдың мемлекеттік құпиялар болып табылатын ақпаратқа қол жеткізуін ресімдеу (қайта ресімдеу), оларды Қазақстан Республикасының оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ басқа мемлекеттердің оқу орындарында, оның ішінде арнайы оқу орындарында даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

      14) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің мемлекеттік құпияларын қорғауды қамтамасыз ету;

      15) жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және жүргізу;

      16) арнайы мұрағатты, жедел есептерді, анықтамалық, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану;

      17) өзінің қорғалған байланыс жүйесін пайдалану;

      18) барлау қызметінің негізгі бағыттарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және "Сырбар" қызметінің объектілерінде құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау, оларды кейіннен құқық қорғау органдарына тапсыру;

      20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президентінің актілерімен айқындалатын өзге де функцияларды атқару.";

      12-тармақта:

      1), 2), 3), 5), 8), 9), 11), 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, әскери құралымдардың қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа да үй-жайларын, көлік құралдары мен өзге де мүлкін келісім негізінде пайдалану;

      2) барлау қызметінің міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан ұйымдардан қажетті ақпаратты алу;

      3) "Сырбар" қызметінің әскери қызметшілерін және азаматтық персонал адамдарын іссапарға, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберу;";

      "5) жеке және заңды тұлғаларды зерделеу мен тексеруден кейін оларға өз объектілерін қорғау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға рұқсат беруді жүзеге асыру;";

      "8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың ақпараттық жүйелерін және ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану;

      9) ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды, арнаулы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнаулы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйесін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтамасыз етуді, қару-жарақты және жарақтануды әзірлеу, сатып алу, құру (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру;";

      "11) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне сыртқы барлауды жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;";

      "13) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзге де күштерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Сырбар" қызметін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын "Сырбар" қызметінің директоры басқарады.

      16. "Сырбар" қызметі директорының төрт орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады. "Сырбар" қызметі директорының ұсынуымен директордың орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";

      18-тармақта:

      6), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің құзыреті шегінде "Сырбар" қызметінің әскери қызметшілерін әскери қызметке қабылдайды, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және жұмыстан шығарады;";

      "12) "Сырбар" қызметінде белгіленген тәртіппен әскери қызметшілердің жекелеген санаттарының әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің өтілін олардың еңбек сіңірген жылдарына есептейді;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 марта 2009 года № 773

Указ Президента Республики Казахстан от 22 июля 2011 года № 126. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 18 сентября 2019 года № 163

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 18.09.2019 № 163.

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 17-1 Конституционного закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года "О Президенте Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 26 марта 2009 года № 773 "О некоторых вопросах Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар" следующие изменения:

      в Положении о Службе внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар", утвержденном вышеназванным Указом:

      в разделе 1:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Служба "Сырбар" вступает в гражданско-правовые отношения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Юридический адрес Службы "Сырбар": 010000, Республика Казахстан, г. Астана, Левый берег, улица Орынбор, дом 8, административное здание "Дом Министерств".";

      пункты 9, 10 изложить в следующей редакции:

      "9. Полное наименование Службы "Сырбар" - государственное учреждение "Служба внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар".

      Настоящее Положение является учредительным документом Службы "Сырбар".";

      в разделе 2:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Основными задачами Службы "Сырбар" являются:

      1) обеспечение Президента Республики Казахстан, Правительства и государственных органов Республики Казахстан разведывательной информацией и аналитическими оценками, необходимыми для принятия решений в политической, финансово-экономической, военно-политической, научно-технической, гуманитарной, экологической и иных областях, затрагивающих национальные интересы Республики Казахстан;

      2) участие в разработке и реализации государственной политики в области национальной безопасности Республики Казахстан;

      3) содействие экономическому развитию и научно-техническому прогрессу страны и военно-техническому обеспечению безопасности Республики Казахстан;

      4) добывание разведывательной информации и реализация мер, направленных на недопущение реального и потенциального ущерба национальным интересам и безопасности Республики Казахстан со стороны специальных служб и организаций иностранных государств, террористических и экстремистских организаций, преступных сообществ (преступных организаций), а также отдельных лиц;

      5) иные задачи, определяемые законами и актами Президента Республики Казахстан.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Служба "Сырбар" в пределах своей компетенции осуществляет следующие основные функции:

      1) осуществление разведывательной деятельности на территории Республики Казахстан и за ее пределами;

      2) добывание, накопление, анализ, систематизация и обобщение разведывательной информации, подготовка на ее основе предложений, оценок и прогнозов;

      3) предоставление разведывательной информации Президенту, Парламенту и Правительству Республики Казахстан, государственным органам и государственным организациям Республики Казахстан;

      4) обеспечение безопасности субъектов внешней разведки посредством защиты своих сил, средств и информации от противоправных действий и угроз;

      5) разработка стратегии и тактики осуществляемой разведывательной деятельности;

      6) участие в подготовке заключаемых Республикой Казахстан международных договоров, разработке проектов законов и иных нормативных правовых актов;

      7) выполнение международных обязательств Республики Казахстан, в том числе в сфере внешней разведки;

      8) установление, поддержание и развитие контактов со специальными службами, правоохранительными органами, органами правительственной и специальной связи иностранных государств, международными правоохранительными организациями на основе международных договоров Республики Казахстан;

      9) осуществление радиотехнической и радиоэлектронной разведки;

      10) реализация мер по зашифровке лиц, оказывающих конфиденциальное содействие Службе "Сырбар", ведомственной принадлежности ее подразделений, организаций, помещений и транспортных средств;

      11) организация и обеспечение зашиты сведений, составляющих государственные секреты, осуществление информационной безопасности, физической и инженерно-технической защиты своих объектов, а также согласование производства на них всех видов ремонтных, строительных и иных работ;

      12) участие в обеспечении безопасности загранучреждений Республики Казахстан и их персонала;

      13) отбор, проведение специальной проверки граждан Республики Казахстан для принятия решения о приеме на службу или работу, оформление (переоформление) на зачисленных в кадры военнослужащих и гражданский персонал допуска к информации, составляющей государственные секреты, подготовка, переподготовка и повышение квалификации кадров в учебных заведениях и научно-исследовательских учреждениях Республики Казахстан, а также в учебных заведениях других государств, в том числе и специальных;

      14) обеспечение защиты государственных секретов в загранучреждениях Республики Казахстан;

      15) разработка, организация и проведение мероприятий по обеспечению мобилизационной готовности;

      16) создание и использование специального архива, оперативных учетов, справочных, информационных систем и информационных ресурсов;

      17) использование собственной защищенной системы связи;

      18) организация научно-методического обеспечения основных направлений разведывательной деятельности;

      19) обеспечение собственной безопасности в соответствии с законодательством Республики Казахстан и задержание лиц, совершивших правонарушения на объектах Службы "Сырбар", с последующей их передачей в правоохранительные органы;

      20) выполнение иных функций, определяемых законами и актами Президента Республики Казахстан.";

      в пункте 12:

      подпункты 1), 2), 3), 5), 8), 9), 11), 13) изложить в следующей редакции:

      "1) использовать на договорной основе служебные помещения, транспортные и иные технические средства организаций независимо от форм собственности, воинских формирований, а также жилые и другие помещения, транспортные средства и иное имущество граждан;

      2) получать необходимую для решения задач разведывательной деятельности информацию от государственных органов и организаций, независимо от форм собственности;

      3) командировать военнослужащих и лиц гражданского персонала Службы "Сырбар", в том числе за пределы Республики Казахстан;";

      "5) осуществлять допуск физических и юридических лиц после их изучения и проверки к работам по охране и обслуживанию своих объектов;";

      "8) использовать информационные системы и информационные ресурсы государственных органов и организаций независимо от форм собственности в соответствии с законами Республики Казахстан, а также информационные системы иностранных государств и международных организаций на основе международных договоров Республики Казахстан;

      9) разрабатывать, приобретать, создавать (за исключением криптографических средств защиты), эксплуатировать и использовать информационные системы и информационные ресурсы, специальные технические средства, системы связи, сети телекоммуникаций специального назначения, системы передачи данных, средства защиты информации от утечки по техническим каналам, программное обеспечение к ним, вооружение и оснащение, организовывать шифровальную и дешифровальную работы;";

      "11) вносить предложения Президенту и Правительству Республики Казахстан по вопросам совершенствования внешней разведки;";

      "13) взаимодействовать с иными силами обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан, а также с государственными органами и организациями Республики Казахстан;";

      пункты 15 и 16 изложить в следующей редакции:

      "15. Службу "Сырбар" возглавляет Директор Службы "Сырбар", который назначается на должность и освобождается от должности Президентом Республики Казахстан.

      16. Директор Службы "Сырбар" имеет четырех заместителей, в том числе одного первого. Заместители Директора назначаются на должность и освобождаются от должности Президентом Республики Казахстан по представлению Директора Службы "Сырбар".";

      в пункте 18:

      подпункты 6), 12) изложить в следующей редакции:

      "6) в пределах своей компетенции зачисляет на воинскую службу, назначает на должность, освобождает от должности и увольняет военнослужащих Службы "Сырбар" в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      "12) засчитывает в установленном Службой "Сырбар" порядке отдельным категориям военнослужащих в выслугу лет стаж их трудовой деятельности до зачисления на воинскую службу;".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев