"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетулер стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1166 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 496 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 04.02.2013 № 496 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде  
жариялануға тиіс       

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарты бекітілсін.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 1166 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы
мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға
және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік көрсетулер қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық арнайы мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі - ҰҚК Орталық АрММ) және осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарының арнайы мемлекеттік мұрағаттары (бұдан әрі - ҰҚК аумақтық органдарының АрММ) ұсынады.
      2. Ұсынылып отырған қызмет көрсетулер нысаны - ішінара автоматтандырылған.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан (бұдан әрі - ҰҚК АрММ) шығатын анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою 1999 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою тәртібі туралы толық ақпарат ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz., «Маңызды сілтемелер» бөлігінде орналастырылады.
      5. Жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштері бойынша қағаз жеткізгіштерде апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе жазбаша түрде қызмет көрсетулерден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетулердің аяқталу нысаны болып табылады.
      6. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль кою ҰҚК АрММ-на тиісті өтінішпен жүгінген барлық жеке және заңды тұлғалар үшін (бұдан әрі - тұтынушылар) жүзеге асырылады.
      7. ҰҚК АрММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) тұтынушының осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап - 8 сағат ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге кететін ең көп уақыт - 30 минут;
      3) апостиль қойылған құжаттарды алу кезінде кезек күтетін ең көп уақыт - 30 минут.
      8. Ресми құжаттарға апостиль қойдыру үшін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке бөлінетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әрбір құжат үшін мемлекеттік бажды төлеу күнінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 %-ы көлемінде мемлекеттік баж алынады. Төлем түрі - қолма-қол ақшамен немесе екінші деңгейлі банктер арқылы ұлттық қауіпсіздік органының заңды мекенжайы (бюджеттік классификатор коды 108113) бойынша салық органының дербес шотына төленетін қолма-қол ақшасыз есептесу.
      9. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою, сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 15.00 сағатқа дейінгі түскі үзілісті есептемегенде, күн сайын сағат 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) және осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген оның аумақтық органдарының (бұдан әрі - ҰҚКД) ғимараттарында жүргізіледі. Күту орындарында мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылып, күту орынтақтары мен ақпараттық стендтер орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетулер тәртібі

      11. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қойылған құжаттарды алу үшін тұтынушы (оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) тұтынушы қандай да бір себептермен өзі келе алмайтын жағдайда, уәкілетті адамға берілген нотариус растаған сенімхат;
      3) заңды тұлғалардың өкілдері үшін - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген басқа адамның қолы қойылған, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес сол ұйымның мөрі басылған сенімхат;
      4) апостиль қою үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек. Апостиль қою үшін құжаттар дипломатиялық өкілдіктер және консулдық елшіліктер арқылы түскенде, Салық кодексінің 546-бабы негізінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсыну талап етілмейді.
      12. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қойдыру үшін өтініш толтыру талап етіледі. Белгіленген өтініштің нысаны ҰҚК-нің www.knb.kz. ресми интернет-ресурсында, «Маңызды сілтемелер» бөлігінде орналастырылған. Тұтынушыларға өтініш бланкілерін ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтерінің қызметкерлері береді.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар ҰҚК Орталық АрММ-на ҰҚК қабылдау бөлмесі арқылы немесе ҰҚКД АрММ-на осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтері арқылы тапсырылады.
      14. Тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда қабылданған сұранымның нөмірі мен күні, сұралып отырған мемлекеттік қызмет көрсетулердің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары, құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны, құжаттарды қабылдаған ҰҚК АрММ қызметкерінің аты-жөні көрсетіледі.
      15. Дайын құжаттарды тұтынушының жеке өзіне немесе оның уәкілетті тұлғасына беруді қолхатта көрсетілген мерзімде ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтерінде ҰҚК АрММ қызметкері жүзеге асырады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы - мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ҰҚК АрММ мына қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы;
      2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықтың сақталуы;
      3) әдептілік;
      4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
      5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қорғау мен оның құпиялылығын сақтау.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетулердің нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. ҰҚК АрММ жұмысын бағалау болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. ҰҚК органдары уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz., «Маңызды сілтемелер» бөлігінде, сондай-ақ ҰҚК қабылдау бөлмесі немесе 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтерінің ғимараттарында ақпараттық стенділерге орналастырылған. ҰҚК қабылдау бөлмесі мен ҰҚК департаменттері кезекші қызметтерінің қызметкерлері арыздарды дайындауға көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсыну мәселелері бойынша тұтынушылар мына сенім телефоны арқылы хабарласа алады: (8-7172) 24-02-90.
      21. Тұтынушылар мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қабылдау бөлмесі арқылы ҰҚК-ге шағымдана алады.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, тұтынушылар қызмет көрсетуші ұлттық қауіпсіздік органдары басшысының атына шағымдана алады.
      23. Тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағым беру кезінде тұтынушылардан ресми құжаттар көрсету талап етілмейді.
      25. Тұтынушылардың шағымын қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шағым ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе ҰҚКД кезекші қызметінде тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.
      Келіп түскен шағым жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналына тіркеледі. Шағым иесіне өтініштің қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижелері оның иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. Шағымның қарастырылу нәтижелері бойынша тұтынушы ҰҚК қабылдау бөлмесіне немесе осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚКД кезекші қызметтеріне хабарласа алады.
      26. ҰҚК Орталық АрММ мен ҰҚКД АрММ-ның байланыс деректері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      ҰҚК қабылдау бөлмесінің және ҰҚКД кезекші қызметтерінің жұмыс кестесі:
      сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін.

«Қазақстан Республикасы    
Ұлттық қауіпсіздік комитеті  
арнайы мемлекеттік мұрағатынан 
шығатын мұрағаттық анықтамаларға
және мұрағаттық құжаттардың  
көшірмелеріне апостиль қою»  
мемлекеттік қызмет      
көрсетулер стандартына    
1-ҚОСЫМША           

Мемлекеттік қызмет көрсетуші ҰҚК АрММ тізімі

Р/с

АрММ атаулары

Орналасу мекенжайы

1

2

3

1.

ҚР ҰҚК Орталық арнайы мемлекеттік мұрағаты

Астана қаласы, Сол жағалау, Түркістан көшесі, 8/1
ҰҚК қабылдау бөлмесінің телефоны:
(8-7172) 76-11-36

2.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 275-а
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-727) 375-93-75;
(8-727) 275-88-01

3.

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 155
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7162) 25-28-54

4.

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 68/70
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7282) 60-55-04;
(8-7282) 21-27-72

5.

ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 25
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7132) 21-91-91;
(8-7132) 93-40-07

6.

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 20 «А»
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7122) 27-12-76;
(8-7122) 99-51-90

7.

ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 15
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7232) 57-00-20;
(8-7232) 28-21-31

8.

ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі, 7
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7262) 45-74-83

9.

ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Орал қаласы, Сейфуллин көшесі, 24
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7112) 51-24-66;
(8-7112) 98-81-66

10.

ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Қарағанды қаласы, Бұхар жырау даңғылы, 17
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7212) 41-04-48;
(8-7212) 49-84-02

11.

ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7142) 52-01-00

12.

ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты

Қызылорда қаласы, Қонаев тұйығы, 1
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7242) 27-01-45

13.

ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Ақтау қаласы, 24-шағын аудан, 3-үй
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7292) 42-02-42:
(8-7292) 46-00-18

14.

ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Павлодар қаласы, Академик Бектұров көшесі, 24
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7182) 55-38-08;
(8-7182) 39-16-67

15.

ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Петропавл қаласы, К. Сүтішев көшесі, 54
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7152) 46-34-03

16.

ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 36
ҰҚКД кезекшілік қызметінің телефоны:
(8-7252) 55-04-10

«Қазақстан Республикасы    
Ұлттық қауіпсіздік комитеті  
арнайы мемлекеттік мұрағатынан 
шығатын мұрағаттық анықтамаларға
және мұрағаттық құжаттардың  
көшірмелеріне апостиль қою»  
мемлекеттік қызмет      
көрсетулер стандартына    
2-ҚОСЫМША           

Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетулерді ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсетулерді ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсетулерді ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электрондық форматта қол жеткізуге болатын ақпараттың қызмет көрсетулердің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылылық

5.1. Персоналдың сыпайлылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 3 марта 2011 года № 1166. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 4 февраля 2013 года № 496

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 04.02.2013 № 496.

      В соответствии со статьей 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан".
      2. Настоящий Указ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

УТВЕРЖДЕН        
Указом Президента    
Республики Казахстан   
от 3 марта 2011 года № 1166

Стандарт государственной услуги
"Апостилирование архивных справок и копий архивных документов,
исходящих из специального государственного архива Комитета
национальной безопасности Республики Казахстан"

1. Общие положения

      1. Государственная услуга предоставляется Центральным специальным государственным архивом Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее - Центральный СГА КНБ) и специальными государственными архивами территориальных органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее - СГА ДКНБ), указанными в приложении 1 к настоящему стандарту.
      2. Форма предоставляемой услуги - частично автоматизированная.
      3. Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее - СГА КНБ), осуществляется на основании Закона Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года "О присоединении Республики Казахстан к Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов", постановления Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года № 545 "О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требования легализации иностранных официальных документов (Гаага, 5 октября 1961 года)".
      4. Полная информация о порядке апостилирования архивных справок и копий архивных документов располагается на официальном интернет-ресурсе КНБ: www.knb.kz в разделе "Важные ссылки".
      5. Формой завершения государственной услуги является выдача физическим и юридическим лицам по их обращениям на бумажных носителях апостилированных архивных справок, копий архивных документов, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги в письменном виде.
      6. Апостилирование архивных справок и копий архивных документов осуществляется для всех физических и юридических лиц (далее - потребители), обратившихся в СГА КНБ с соответствующим обращением.
      7. Сроки ограничений по времени при апостилировании архивных справок и копий архивных документов, исходящих из СГА КНБ:
      1) с момента сдачи потребителем необходимых документов, определенных в пункте 11 настоящего Стандарта - в течение 8 часов;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче необходимых документов - 30 минут;
      3) максимально допустимое время ожидания в очереди при получении апостилированных документов - 30 минут.
      8. За проставление апостиля на официальных документах в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) взимается государственная пошлина в размере 50 % от месячного расчетного показателя, установленного на день уплаты государственной пошлины за каждый документ. Способ оплаты - наличный или безналичный расчет, который производится через банки второго уровня на лицевой счет налогового органа по месту юридического адреса органа национальной безопасности (код бюджетного классификатора 108113).
      9. Апостилирование архивных справок и копий архивных документов осуществляется ежедневно, за исключением субботы, воскресенья, выходных и праздничных дней, с 9.00 до 19.00 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 15.00 часов, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      10. Апостилирование архивных справок и копий архивных документов производится в зданиях Комитета национальной безопасности (далее - КНБ) и его территориальных органов (далее - ДКНБ), указанных в приложении 1 к настоящему стандарту. В местах ожидания предусматриваются условия для людей с ограниченными физическими возможностями, располагаются кресла ожидания и информационные стенды.

2. Порядок оказания государственной услуги

      11. Для получения апостилированных архивных справок и копий архивных документов потребитель (его уполномоченный представитель) предъявляет документ, удостоверяющий его личность, а также представляет следующие документы:
      1) заявление;
      2) удостоверенную нотариусом доверенность на уполномоченное лицо, в случае если потребитель по каким-либо причинам не может обратиться лично;
      3) для представителей юридических лиц - доверенность от имени юридического лица за подписью его руководителя или иного лица, уполномоченного на это его учредительными документами, заверенную печатью этой организации в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года.
      4) квитанцию об оплате государственной пошлины за проставление апостиля.
      На основании статьи 546 Налогового кодекса не требуется предоставление квитанции об уплате государственной пошлины при поступлении документов на апостилирование через дипломатические представительства и консульские учреждения.
      12. Для апостилирования архивных справок и копий архивных документов требуется заполнение заявления. Форма установленного заявления размещена на официальном интернет - ресурсе КНБ: www.knb.kz в разделе "Важные ссылки". Бланки заявлений потребителям выдаются сотрудниками приемной КНБ или дежурных служб ДКНБ, указанных в приложении 1 к настоящему стандарту.
      13. Документы, указанные в пункте 11 настоящего стандарта, сдаются в Центральный СГА КНБ - через приемную КНБ или в СГА ДКНБ - через дежурные службы ДКНБ, указанные в приложении 1 к настоящему стандарту.
      14. Потребителю выдается расписка в приеме соответствующих документов с указанием номера и даты приема заявления, вида запрашиваемой государственной услуги, количества и названия приложенных документов, даты (времени) и места выдачи документов, фамилии и инициалов работника СГА КНБ, принявшего документы.
      15. Выдача готовых документов лично потребителю или его уполномоченному лицу осуществляется работником СГА КНБ в срок, указанный в расписке, в приемной КНБ или дежурных службах ДКНБ, указанных в приложении 1 к настоящему стандарту.
      16. Основанием для приостановления оказания государственной услуги или отказа в предоставлении государственной услуги является непредставление документов, указанных в пункте 11 настоящего стандарта, либо установление недостоверности представленных документов.

3. Принципы работы

      17. СГА КНБ при оказании государственной услуги руководствуются следующими принципами:
      1) соблюдение конституционных прав и свобод человека;
      2) соблюдение законности при исполнении служебного долга;
      3) вежливость;
      4) предоставление исчерпывающей и полной информации;
      5) защита и конфиденциальность документов физических и юридических лиц.

4. Результаты работы

      18. Результаты оказания государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с приложением 2 к настоящему стандарту.
      19. Целевые значения показателей качества и доступности государственной услуги, по которой оценивается работа СГА КНБ, ежегодно утверждаются соответствующим приказом Председателя КНБ.

5. Порядок обжалования

      20. Порядок обжалования действия (бездействия) уполномоченных должностных лиц размещен на официальном интернет - ресурсе КНБ www.knb.kz в разделе "Важные ссылки", а также на информационных стендах в зданиях приемной КНБ и дежурных служб ДКНБ, указанных в приложении 1. Содействие в подготовке жалобы оказывают сотрудники приемной КНБ и дежурных служб ДКНБ. Потребители по вопросам предоставления государственной услуги могут обратиться по телефону доверия: (8-7172) 24-02-90.
      21. В случае несогласия с результатами оказания государственной услуги потребители могут обращаться с жалобой в КНБ через его приемную.
      22. В случае некорректного обслуживания должностными лицами, оказывающими государственную услугу, потребители могут обратиться с жалобой адресованной руководителю органа национальной безопасности, оказывающего данную услугу.
      23. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги потребитель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством порядке.
      24. При подаче жалобы потребителям предъявлять официальные документы не требуется.
      25. Прием и рассмотрение жалоб потребителей осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Жалоба рассматривается в течение пятнадцати календарных дней со дня регистрации в приемной КНБ или дежурной службе ДКНБ.
      Поступившая жалоба регистрируется в журналах учета обращений физических и юридических лиц. Заявителю выдается талон с указанием даты и времени, фамилии и инициалов лица, принявшего обращение.
      О результатах рассмотрения жалобы заявителю сообщается в письменном виде по почте. О ходе рассмотрения жалобы потребитель может узнать, обратившись в приемную КНБ или дежурные службы ДКНБ, указанные в приложении 1 к настоящему стандарту.
      26. Контактные данные Центрального СГА КНБ и СГА ДКНБ указаны в приложении 1 к настоящему стандарту.
      График работы приемной КНБ и дежурных служб ДКНБ:
      с 9.00 до 19.00 часов ежедневно, с перерывом на обед с 13.00 до 15.00 часов, кроме субботы, воскресенья, выходных и праздничных дней.

ПРИЛОЖЕНИЕ 1            
к стандарту государственной услуги 
"Апостилирование архивных справок и  
копий архивных документов, исходящих из
специального государственного архива 
Комитета национальной безопасности 
Республики Казахстан"       

      Перечень СГА КНБ, оказывающих государственную услугу


п/п
Наименование СГА Адрес расположения
1 2 3

1.

Центральный специальный
государственный архив КНБ РК

г. Астана, Левый берег,
ул. Туркестан, 8/1 телефон
приемной КНБ:
(8-7172)76-11-36

2.

Специальный государственный архив ДКНБ по г. Алматы

г. Алматы, ул. Байзакова, 275а
телефон дежурного ДКНБ:
(8-727)375-93-75;
(8-727)275-88-01

3.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Акмолинской
области

г. Кокшетау, ул. Ауэзова, 155
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7162)25-28-54

4.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Алматинской
области

г. Талдыкорган, ул. Жансугурова,
68/70 телефон дежурного ДКНБ:
(8-7282) 60-55-04;
(8-7282)21-27-72

5.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Актюбинской
области

г. Актобе, Айтеке би, 25 телефон
дежурного ДКНБ:
(8-7132)21-91-91;
(8-7132)93-40-07

6.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Атырауской
области

г. Атырау, ул. Сатпаева, 20 "А"
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7122)27-12-76;
(8-7122)99-51-90

7.

Специальный государственный
архив ДКНБ по
Восточно-Казахстанской области

г. Усть-Каменогорск,
ул. Пермитина, 15
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7232)57-00-20;
(8-7232)28-21-31

8.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Жамбылской
области

г. Тараз, ул. Кошек батыра, 7
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7262)45-74-83

9.

Специальный государственный
архив ДКНБ по
Западно-Казахстанской области

г. Уральск, ул. Сейфуллина, 24
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7112)51-24-66;
(8-7112)98-81-66

10.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Карагандинской
области

г. Караганды, пр. Бухар жырау, 17
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7212)41-04-48;
(8-7212)49-84-02

11.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Костанайской
области

г. Костанай, ул. Гоголя, 77
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7142)52-01-00

12.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Кызылординской
области

г. Кызылорда, пер. Кунаева, 1
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7242)27-01-45

13.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Мангистауской
области

г. Актау, мкр. 24, д. 3 телефон
дежурного ДКНБ:
(8-7292)42-02-42;
(8-7292)46-00-18

14.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Павлодарской
области

г. Павлодар, ул. Академика
Бектурова, 24
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7182)55-38-08;
(8-7182)39-16-67

15.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Северо-
Казахстанской области

г. Петропавловск,
ул. К. Сутюшева, 54
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7152)46-34-03

16.

Специальный государственный
архив ДКНБ по Южно-
Казахстанской области

г. Шымкент, ул. Казыбек би, 36
телефон дежурного ДКНБ:
(8-7252)55-04-10

ПРИЛОЖЕНИЕ 2            
к стандарту государственной услуги 
"Апостилирование архивных справок и  
копий архивных документов, исходящих из
специального государственного архива 
Комитета национальной безопасности 
Республики Казахстан"       

         Значения показателей качества и эффективности

Показатели качества и
эффективности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя в
последующем
году

Текущее
значение
показателя
в отчетном
году

1

2

3

4

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев
предоставления услуги в
установленный срок с момента
сдачи документа




2. Качество

2.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных качеством
процесса предоставления услуги




3. Доступность

3.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных качеством и
информацией о порядке
предоставления услуги




3.2. % (доля) услуг информации,
которые доступны в электронном
формате




4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных существующим
порядком обжалования




5. Вежливость

5.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных вежливостью
персонала