Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Берік Мәжитұлы Имашевтың өкілеттігі тоқтатылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев