ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан мен Испан Корольдігінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Испан Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Антон Кортес Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ