Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 449 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
«Қазақстан - 2050» стратегиясы - жедел өзгермелі тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты |
||||
1. |
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде тұжырымдама әзірлеу, ол мынадай шараларды қамтиды: |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы |
ЭДСМ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес үйлестіруші: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметов |
2013 жылғы қыркүйек |
2. |
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» қағидаларын ескере отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын түзету. |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, мемлекеттік органдар үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы сәуір 2013 жылғы қараша |
Бірінші бағыт. |
||||
3. |
Менеджменттің қазіргі заманғы құралдары мен мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Мемлекет басшысына баяндама |
ЭДСМ, МҚІА, Қаржымині, БҒМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті |
2013 жылғы наурыз |
4. |
Отандық кадрларды міндетті түрде оқыта отырып, жаңа экономикалық саясатты іске асыру үшін үздік шетелдік мамандарды тарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, ИЖТМ, МГМ, БҒМ, үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев |
2013 жылғы мамыр |
5. |
Бюджет ресурстарын мүмкіндіктер шегінде пайдалануға және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын азайтуға, үнемді және ойластырылған бюджеттік-қаржылық процесті қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын және Ұлттық қор қаражатын іріктеудің қатаң жүйесін қолдана отырып, ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан өнімді стратегиялық жалпыұлттық жобаларға инвестициялауға бағытталған Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын қабылдау |
нормативтік құқықтық актілер |
ЭДСМ, Қаржымині, ҰБ, ЕК үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
2013 жылғы мамыр |
6. |
Салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы барлық салық жеңілдіктеріне тексеру жүргізу |
Заң жобасы |
ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині, «Атамекен» ҰЭП үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы қыркүйек |
7. |
Салықтық ырықтандыру және кедендік әкімшілендіруді жүйелендіру жөнінде шаралар қабылдау, шаруашылық жүргізуші субъектілердің электрондық есептіліктің толық режиміне кезең-кезеңімен ауысуы арқылы салық есептілігін жеңілдету және барынша азайту |
нормативтік құқықтық актілер |
Қаржымині, ККМ, ЭДСМ, Әділетмині, «Атамекен» ҰЭП үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы желтоқсан |
8. |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар |
ЭДСМ, Қаржымині, БҒМ, ДСМ, «Атамекен» ҰЭП үйлестіруші: |
2013 жылғы маусым |
9. |
Мыналарға: |
нормативтік құқықтық акт |
ҰБ, ЭДСМ, Қаржымині, ИЖТМ, АШМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
2013 жылғы сәуір |
10 |
Елдің және квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік борышының деңгейін, оның ішінде ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын 2013 жылғы 2,1 %-дан 2015 жылы 1,5 %-ға дейін азайту есебінен тұрақты бақылауды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, Қаржымині, ҰБ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
2014-2016 жылдар, қаңтар |
11. |
«Инфрақұрылымдық орталықтар» құруды, көлік жүйесінің озық инфрақұрылымын көздейтін Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы |
ККМ, МГМ, ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, «Самұрық-Казына» ҰӘҚ» АҚ Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы қыркүйек |
12. |
Өңірде және әлемде бірлескен кәсіпорындар құруды көздейтін «Жаһандық инфрақұрылымдық ықпалдастық» бағдарламасын қабылдау |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, ККМ, ИЖТМ, Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы тамыз |
13. |
Үшінші индустриялық революцияның нәтижесінде пайда болатын секторларды ескеретін болашақ экономикасын дамытуды ынталандыруға ұлттық компаниялардың қатысуы жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ИЖТМ, МГМ, Қоршағанортамині, ЭДСМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев |
2013 жылғы маусым |
14. |
2030 жылға қарай Қазақстан арқылы әлемдік ақпараттық ағындардың кемінде 2-3 %-ын, ал 2050 жылға қарай кемінде 5 %-ын өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық технологиялар саласындағы транзиттік әлеуетті дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ККМ, ИЖТМ, ЭДСМ, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы маусым |
15. |
Мыналар: |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы |
МГМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, ЭДСМ, Қаржымині, АЭА, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2013 жылғы қыркүйек |
16. |
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға: |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы |
ИЖТМ, ККМ, АШМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев |
2013 жылғы қыркүйек |
17. |
«Жасыл көпір» халықаралық ұйымын құру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Қоршағанортамині үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы қараша |
18. |
Алматы маңындағы төрт серіктес қаланың базасында Green4 жобасын іске асыруға кірісу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Қоршағанортамині, ҚТКШІА, ИЖТМ, ЭДСМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы шілде |
19. |
Мыналарға: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ, «КазАгро» ҰБХ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы маусым |
20. |
Ең жаңа агротехнологияларды енгізуге бағытталған орташа және ірі тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін құру жөнінде заңнамалық және экономикалық ынталандыру жүйесін тұжырымдау |
нормативтік құқықтық актілер |
АШМ, ЭДСМ, ҚМ, ӘМ, ЖРБА «ҚазАгро" ҰБХ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы желтоқсан |
21. |
Берілгеннен кейін белгілі бір кезең ішінде игерілмей жатқан жерлерге жоғарылатылған салық ставкаларын енгізу |
Заң жобасы |
ЭДСМ, ЖРБА, КМ, АШМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы қыркүйек |
22. |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы |
АШМ, Қоршағанортамині, ҚТКШІА, ЖРБА, ЭДСМ, МАМ, БҒМ, ИЖТМ, ДСМ, СІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы казан |
Екінші бағыт. |
||||
23. |
Мыналар: |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, Қаржымині, ИЖТМ, МҚІА, ККМ, АШМ, Әділетмині, МГМ, БП, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, «Атамекен» ҰЭП үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы шілде |
24. |
Заңнамаға микро, шағын, орта және ірі бизнес ұғымдарының аражігін нақты ажыратуға бағытталған өзгерістер енгізу |
нормативтік құқықтық актілер |
ЭДСМ, Қаржымині үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы желтоқсан |
25. |
Қазақстан азаматтарының тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды хабарламаларға ауыстыра отырып алып тастау |
нормативтік құқықтық актілер |
ЭДСМ, орталық мемлекеттік органдар үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы маусым |
26. |
Бизнестің ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сапасын бақылау мәселелерін дербес реттеуі үшін заңнамалық негізде жағдайлар жасау |
нормативтік құқықтық акт |
ИЖТМ, МЭРТ, «Атамекен» ҰЭП үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев |
2013 жылғы шілде |
27. |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың сот шешімдерін қабылдаудың жеңілдетілген тәртібін көздейтін жаңа жүйесін әзірлеу |
нормативтік құқықтық акт |
БҚА, ЖС үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы шілде |
28. |
Қазақстан Республикасының Парламенті не кәсіпкерлердің осы Палатаға міндетті мүшелігін, сондай-ақ оған мемлекеттік органдардың кәсіптік-техникалық білім беру, сыртқы экономикалық қызмет, шағын бизнесті, әсіресе моноқалалар мен ауылдық жерлерде қолдау саласындағы өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін беруді көздейтін Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы заң жобасын енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ЭДСМ, БҒМ, Еңбекмині, ӘМ, «Атамекен» ҰЭП, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы желтоқсан |
29. |
«Атамекен» ҰЭП тарта отырып, жекелеген мемлекеттік кәсіпорындарды, квазимемлекеттік компаниялар мен стратегиялық емес сипаттағы өзге де ұйымдарды жеке меншік секторға беру жолымен жекешелендіру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, Қаржымині, БҚА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, «Атамекен» ҰЭП үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
2013 жылғы маусым |
Үшінші бағыт. |
||||
30. |
Экономиканың өсуін ескере отырып, өмір сапасының стандарттарын кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін Азаматтар үшін ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ЭДСМ, Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, ҚТКШІА, СДШІА, МАМ, Қаржымині, Қоршағанортамині, ТМРА үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы қазан |
31. |
Еңбек нарығының қажеттілігіне, сондай-ақ жұмыс орындарын нақты құруға, жұмыссыз халықты еңбекке орналастыруға бағдарлай отырып: Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын; Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны; «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын түзету |
нормативтік құқықтық актілер |
Еңбекмині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері ИЖТМ, Енбекмині, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері ЭДСМ, ИЖТМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші:Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметов |
2013 жылғы қазан |
32. |
Заңнамаға жұмыссыз азаматтардың қайта даярлықтан өтіп, жаңа мамандықты игеру шартымен оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу |
нормативтік құқықтық актілер |
Еңбекмині, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы желтоқсан |
33. |
Жұмыс берушілерді халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын, ең алдымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды еңбекақымен қамтамасыз ете отырып, оларды жұмысқа белсенді тартуға ынталандыратын жағдайлар жасау |
нормативтік құқықтық актілер |
Еңбекмині, ЭДСМ, Қаржымині үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы желтоқсан |
34. |
Өңірлерде қажетті және перспективалы жобалардың тізбесін айқындау |
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ВАК шешімі |
ЭДСМ, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ВАК үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы маусым |
35. |
Әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемаларын шешу мақсатында қазіргі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, өңірлерді дамытудың басымдық міндеттерімен үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ВАК, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы маусым |
36. |
Шағын қалаларды дамыту, олардың базасында өңірлердің салалық мамандануын ескере отырып, тиісті индустриялық жобаларды іске асыру есебінен ірі агломерациялардың индустриялық-өндірістік серіктес қалаларын қалыптастыру жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ВАК, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы желтоқсан |
37. |
Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөнінде кешенді жоспар әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ, Еңбекмині, БҒМ, ЭДСМ, СІМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы қазан |
38. |
Шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, ККМ, АШМ, ИЖТМ, ҰҚК, ІІМ, Еңбекмині, ҚТКШІА, ЖРБА, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Зерде» АҚ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев |
2013 жылғы қараша |
39. |
Жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың деңгейі жоғары өңірлерге бюджет қаражатын бөлудің тетіктерін әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
2013 жылғы қазан |
40. |
Кәсіптік одақтар туралы және еңбек қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзірлеуді қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары |
Еңбекмині үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы қыркүйек |
41. |
Еңбекақы төлеуге және үйлесімсіздіктерді қысқартуға қатысты жаңа қағидаттар тұжырымдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Еңбекмині, ЭДСМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы сәуір |
42. |
Азаматтардың жетімдерді асырап алуын мемлекеттің көтермелеуі және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін салу жөнінде шаралар тұжырымдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы сәуір |
43. |
Ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыстар үшін, сондай-ақ осы саладағы ең ұсақ жазаларға дейінгі бұзушылықтар үшін жазаларды қатаңдату бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу |
Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары |
БП, ІІМ, Әділетмині, БҒМ, Еңбекмині үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы қараша |
44. |
Жеңілдікті салық салу, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру және т.б. секілді материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын іс-шаралар кешенін әзірлеп, бала тууды ынталандыру және көп балалы болуды қолдау жүйесін жетілдіру |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, ДСМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы желтоқсан |
45. |
Жыныстық белгісі бойынша кемсіту фактілерін талдаудың негізінде қоғамдық, экономикалық және еңбек салаларында гендерлік теңдік саясатын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Еңбекмині, БП, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы маусым |
46. |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ДСМ, МАМ, ККМ, ЭДСМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы желтоқсан |
47. |
Ең төменгі өмір стандарттарында балаларды медициналық қызмет көрсетудің барлық спектрімен қамтуды заңнамалық бекітуді коса алғанда, балалардың денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ДСМ, БҒМ, Қаржымині, ЭДСМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы қыркүйек |
48. |
Медициналық жоғары оқу орындарын орта деңгейдегі мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісімен бекіту бойынша, сондай-ақ күнделікті практиканы оқу процесіне кіріктіру жөнінде нақты мерзімдерін көрсете отырып ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ДСМ, Қаржымині, ЭДСМ, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы мамыр |
49. |
Медициналық жоғары оқу орындарының практикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, сондай-ақ оларға ең жаңа білім мен технологиялық жетістіктерді шоғырландыру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар |
ДСМ, БҒМ, «Назарбаев университеті» ДБҰ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы наурыз |
50. |
Жекеше медицинаны дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар |
ДСМ, БҚА Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылы наурыз |
51. |
Заңнамаға медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелерінде халықаралық аккредиттеу жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу |
нормативтік құқықтық акт |
ДСМ, БҒМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы желтоқсан |
52. |
Дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және үлгілік жобалар бойынша дене шынықтыру-сауықтыру, оның ішінде аула объектілерін салу жөніндегі шараларды көздей отырып, Дене шынықтыруды және спортты дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
СДШІА, ҚТКШІА, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы шілде |
Төртінші бағыт. |
||||
53. |
«Балапан» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, іске асыру мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту және балаларды мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиелеумен 100 % қамту және мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістерін әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ, ЭДСМ, Әділетмині, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы қыркүйек |
54. |
2013-2014 оқу жылынан бастап халықаралық үлгідегі сертификаттарды бере отырып, инженерлік білім беру мен заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, Еңбекмині, ИЖТМ, АШМ, ККМ, МГМ, ҚТКШІА, ҰҒА, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы қыркүйек |
55. |
Жоғары оқу орындарының базасында қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құруды және дамытуды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін дамыту жөнінде бағдарламалар қабылдауды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы маусым |
56. |
Оқытуға арналған гранттардың көп сатылы жүйесі жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар |
БҒМ, Қаржмині, ЭДСМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы қыркүйек |
57. |
Жоғары оқу орындарында оқытудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірісте практиканы заңнамамен бекіту |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
БҒМ, ИЖТМ, Еңбекмині, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы қыркүйек |
58. |
Сабақ беру әдістемелерін жетілдіруді, қашықтықтан оқытуды қоса алғанда, электрондық оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірлік мектеп орталықтарын құру |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы шілде |
59. |
Ескірген не талап етілмейтін ғылыми және білім беру пәндері мен бағдарламалары бойынша оқытуды тоқтату жөнінде шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, ЭДСМ, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы мамыр |
60. |
Жоғары және орта білім берудің оқу жоспарларына практикалық дағдылар мен біліктілікке оқыту бөлігінде, оның ішінде кәсіпкерлікке бағдарланған өзгерістер енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, ЭДСМ, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы маусым |
61. |
Мынадай: |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ИЖТМ, ЭДСМ, БҒМ, МГМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, «Назарбаев университеті» ДБҰ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев |
2013 жылғы наурыз |
62. |
Қазақстандық ғалымдардың ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, ИЖТМ, СІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы наурыз |
63. |
Мыналардың: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ИЖТМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев |
2013 жылғы маусым |
64. |
Авторлық құқықтар мен патенттер мәселелерін реттейтін заңнамаға тексеру жүргізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Әділетмині, ИЖТМ, БҒМ, үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев |
2013 жылғы тамыз |
65. |
Бұдан бұрын берілген патенттер мен тіркелген авторлық құқықтарды ықтимал коммерцияландыру тұрғысынан оларды талдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ИЖТМ, БҒМ, Әділетмині, МГМ, АШМ, ККМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев |
2014 жылғы желтоқсан |
Бесінші бағыт. |
||||
66. |
Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасын әзірлеу. |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ЭДСМ, Қаржымині, ЕК Қаржымині, ЭДСМ, ЕК үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы мамыр 2013 жылғы желтоқсан |
67. |
Стандартты іс-қимыл пакеттерімен бірге дағдарысқа қарсы көпдеңгейлі ден қою жүйесін енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, Қаржымині, ҰБ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Н. Келімбетов |
2013 жылғы мамыр |
68. |
Ауыл әкімдерінің сайланбалығын қоса алғанда, Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ЭДСМ, Әділетмині, Қаржымині, ОСК, ІІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Н. Келімбетов |
2013 жылғы 15 сәуірге дейін |
69. |
Ауыл әкімдерін сайлауды өткізуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ОСК, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы ОСК төрағасы Қ. Т. Тұрғанқұлов |
2013 жылғы қыркүйекке дейін |
70. |
Қазақстан Республикасының Парламентіне; |
Қазақстан Республикасы Заңының жобалары |
ЭДСМ, Әділетмині, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы 1 сәуірге дейін 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
71. |
Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия, «А» корпусына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары және мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу тетіктері туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының жобаларын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының жобалары |
МҚІА, ЭДСМ, Әділетмині үйлестірушілер: |
2013 жылғы 1 наурызға дейін |
72. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттіктерін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізу |
Мемлекет басшысына баяндама |
ПӘ, Әділетмині, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің аппараттары үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы К.Қ. Мәсімов |
2013 жылғы мамыр |
73. |
Меншік құқығын қорғауды, шарттық міндеттемелерді қорғауға кепілдік беруді күшейту мен оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Әділетмині, БП, ЖС, ЭДСМ, үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақов |
2013 жылғы маусым |
74. |
Жария және жеке құқық салаларында Қазақстанның құқық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша 2010 - 2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізу |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы |
ПӘ, Әділетмині, БП, ЖС, КК, ҰҚК, ЭСЖКА, ЭДСМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақов |
2013 жылғы мамыр |
75. |
Қазақстан Республикасының Парламентіне: 2) Қылмыстық кодекс; 3) Қылмыстық-атқару кодекс; 4) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобаларын енгізу |
Қазақстан Республикасы кодекстерінің, жобалары |
БП, ІІМ, Әділетмині, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.М. Тәжин БП, ІІМ, Әділетмині, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА ІІМ, БП, Әділетмині, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА Әділетмині, ІІМ, БП, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақов |
2013 жылғы тамыз 2013 жылғы тамыз 2013 жылғы қыркүйек 2013 жылғы қыркүйек |
76. |
Қоғамдық тәртіп пен имандылыққа нұқсан келтіретін бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Әділетмині, ІІМ, үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақов |
2013 жылғы қыркүйек |
77. |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейте отырып, оның алдын алу, профилактикасы, жолын кесу және жазалау жүйесін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ЭСЖКА, Әділетмині, БП, ЖС, ЕКК, МҚІА үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президекті Әкімшілігінің Басшысы К.Қ. Мәсімов |
2013 жылғы тамыз |
78. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Заңын Мемлекет басшысына қол қоюға енгізу |
ЭДСМ, МҚІА, Әділетмині, ККМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметов |
2013 жылғы 15 сәуірге дейін |
79. |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының жобалары |
БП, ІІМ, ҰҚК, ЭСЖКА, ЭДСМ, Еңбекмині, Қаржымині, Әділетмині, ТЖМ ЭДСМ, МҚІА, ІІМ, ЭСЖКА, Қаржымині, Әділетмині, ТЖМ, БП БП, МҚІА, ЭСЖКА, ІІМ, Әділетмині, Қаржымині, «Сырбар» СБҚ, ПКК, ТЖМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы К.Қ. Мәсімов |
2013 жылғы наурыз 2013 жылғы сәуір 2013 жылғы қаңтар 2013 жылғы мамыр 2013 жылғы маусым |
80. |
Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасын әзірлеу |
нормативтік құқықтық акт |
БП, ІІМ, ЭСЖКА, Әділетмині үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы К.Қ. Мәсімов |
2013 жылғы маусым |
81. |
Мыналарға: |
Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары |
ЖС, БП, Әділетмині Әділетмині, ЖС, БП Әділетмині, ЖС, БП үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақов |
2013 жылғы маусым |
82. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дамытудың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын орта мерзімді кезеңде орнықтырудың арнайы кешенді жоспарын дайындау |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы |
ҰҚК, Әділетмині үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.М. Тәжин |
2013 жылғы мамыр |
Алтыншы бағыт. |
||||
83. |
Өңірдегі қақтығыс әлеуетін төмендету мақсатында айрықша прагматикалық тәсілдер негізінде ішкі өңірлік интеграция арқылы өңірлік қауіпсіздікті, оның ішінде Орталық Азияда, нығайтудың тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
СІМ, Қорғанысмині, ҰҚК, ІІМ, «Сырбар» СБҚ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Е.Х. Қазыханов |
2013 жылғы сәуір |
84. |
Ұлттық экономикалық және сауда мүдделерін қорғау және ілгерілету, оның ішінде Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінің жанынан сауда кеңесшілері институтын құру арқылы экономикалық және сауда дипломатиясын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, ЕИІМ, СІМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы сәуір |
85. |
Мәдени-гуманитарлық, ғылыми-білім беру және басқа да аралас салаларда халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
СІМ, БҒМ, МАМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Е.Х. Қазыханов |
2013 жылғы сәуір |
86. |
Шетелде біздің азаматтарымыздың, олардың жеке басының, отбасылық іскерлік мүдделерін құқықтық қорғауды жетілдіру және қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
СІМ, БП, Әділетмині үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Е.Х. Қазыханов |
2013 жылғы сәуір |
87. |
«G-Global» диалог алаңын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ЭДСМ, ККМ, СІМ, МАМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов |
2013 жылғы ақпан |
88. |
Мыналар: |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
СІМ, ЭДСМ, ИЖТМ, Қорғанысмині, ҰҚК, «Сырбар» СБҚ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Е.Х. Қазыханов |
2013 жылғы сәуір |
89. |
Қазақстанның қорғаныс қабілетін одан әрі нығайту, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі тетіктеріне қатысу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Қорғанысмині, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, СІМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.М. Тәжин |
2013 жылғы сәуір |
90. |
Жедел ден қою ұжымдық күштерінің әлеуеті мен жауынгерлік әзірлігін күшейту мақсатында ҰҚШҰ бойынша одақтастармен тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
Қорғанысмині, СІМ, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.М. Тәжин |
2013 жылғы желтоқсан |
Жетінші бағыт. |
||||
91. |
Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық интеллигенцияның жалпыұлттық көзқарастық құндылықтар мен барша қазақстандық бірдейлілікті нығайтудағы рөлін арттыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
МАМ, БҒМ, ЭДСМ, Әділетмині, Қаржымині, МҚІА, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А. Майлыбаев |
2013 жылғы маусым |
92. |
Заңнаманы этностық белгісі бойынша кемсітуге жол бермеу бөлігінде әкімшілендірудің тиімділігін арттыру |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
БП, Еңбекмині, МҚІА, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А. Майлыбаев |
2013 жылдың соңына дейін жартыжылдықта бір рет |
93. |
Қазақ тілін танымал етуге және оны жаңғыртуға бағытталған шаралар кешенін, оның ішінде терминологиялық жұмысты жетілдіру арқылы іске асыруды жалғастыру |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
МАМ, БҒМ, ЭДСМ, Әділетмині, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А. Майлыбаев |
2013 жылғы қыркүйек |
94. |
2025 жылдан бастап қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге дайындық жүргізу жөнінде кешенді ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
МАМ, БҒМ, Каржымині, ЭДСМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметов |
2013 жылғы маусым |
95. |
Қазақ тіліне аудару үшін өзекті кітаптардың, оның ішінде жастар арасында конкурс жариялау арқылы тізімін жасау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
МАМ, БҒМ үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б. А. Майлыбаев |
2013 жылғы маусым |
96. |
Үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған шаралар тұжырымдау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
МАМ, БҒМ, ЭДСМ, Әділетмині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысынын орынбасары Б.А. Майлыбаев |
2013 жылғы қыркүйек |
97. |
Діни экстремизмге және терроризмге қарсы күрес жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірлеу және діни экстремизм мен терроризм көріністерін бейтараптандыру мақсатында заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы |
БП, ДІА, ҰҚК, ІІМ, «Сырбар» СБҚ, ЭСЖКА, Қаржымині, БҒМ, МАМ, Әділетмині, ЭДСМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.М. Тәжин |
2013 жылғы маусым 2013 жылғы қыркүйек |
98. |
Әлеуметтік, этникалық, діни шиеленіс пен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді тетіктерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ҰҚК, БП, ДІА, МАМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінін хатшысы М.М. Тәжин |
2013 жылғы наурыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың таратылып жазылуы:
АЭА - Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы агенттігі
ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
полициясы)
МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
ДІА - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
СДШІА - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
«ҚазАгро» ҰБХ» - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдиндгі» акционерлік
АҚ қоғамы
«Самұрық-Қазына» - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік
ҰӘҚ» АҚ қоғамы
«Назарбаев - «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
Университеті ДБҰ
«Зерде» АҚ - «Зерде» акционерлік қоғамы
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ЖРБА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттігі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ЖСК - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі
ЭИІМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция
істері министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
ОСК - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
«Сырбар» СБҚ - Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау
қызметі
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитеті
ПКҚ - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
КК - Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі