Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 541 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 541 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат):

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында:

      70-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс министрлігі, Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің, бас басқармаларының (басқармаларының), басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық басқару органдарының бастықтарын, сондай-ақ әскери бөлімге шақырылған құрметті келушілерді әскери бөлім (кеме) командирі қарсы алады, өзін таныстырады және оларға әскери бөлімнің (кеменің) орналасқан жері бойынша ілесіп жүреді.";

      111-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жұмсалмайтын қордың қару-жарағын, әскери және басқа да техникасын, басқа да материалдық құралдарын сақтаудан алуды және пайдалануды тек Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрықтары бойынша жүзеге асыруға;";

      284-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексерулерді Қорғаныс министрі, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, әскери бөлімнің командирі немесе олардың тапсырмасы бойынша адамдар кенеттен және белгіленген шектеулермен жүзеге асырады.";

      321-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "321. Кезекші күштер мен құралдардың құрамы, олардың міндеттері мен жауынгерлік әзірлік дәрежесі, жауынгерлік кезекшілікті атқару ұзақтығы, тәртібі, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы жауынгерлік кезекшілікке түсуге даярлау тәртібі және оларды ауыстыру осы жарғының, Қорғаныс министрі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары және арнайы әскерлер бастықтары бұйрықтарының талаптарына сәйкес әскери бөлім командирінің бұйрығымен айқындалады.";

      324-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "324. Жауынгерлік кезекшілікке түсу тәртібі Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар тиісті басшыларының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскерлер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының және арнайы әскерлер бастықтарының бұйрықтарымен айқындалады.";

      328-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "328. Лауазымды адамдардың жауынгерлік кезекшілікті тексеру өкілеттіктерін, кезеңділігі мен тәртібін Қорғаныс министрі, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары айқындайды.

      Жауынгерлік кезекшіліктің атқарылуын тексеруді Қорғаныс министрі, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, арнайы әскерлер бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері немесе олардың тапсырмасы бойынша адамдар жүзеге асырады, ол үшін жауынгерлік кезекшіліктің атқарылуын тексеру жоспары әзірленеді.";

      399-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қажет болған кезде Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрығы бойынша кейбір әскери бөлімдерде бақылау-өткізу пункті бойынша тәуліктік кезекшілер мен кезекшінің көмекшілері, ротаның тәуліктік наряды және парк бойынша тәуліктік кезекшілер екі оқжатары бар автоматтармен (карабиндермен) қарулануы мүмкін.";

      ішкі қызмет жарғысына 5-қосымшада:

      27-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери бөлімді тарату кезінде жауынгерлік ту мен грамота экспонаттау және сақтау үшін қысқаша тарихи анықтамасымен бірге құпия тәртіппен Қарулы Күштердің Бас штабы және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілетті органдары арқылы фельдбайланыспен мұражайларға жөнелтіледі. Ордендер мен оларға құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне қайтарылады.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Гарнизонның шекаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен айқындалады. Анағұрлым үлкен гарнизонның құрамына оған жақын жатқан елді мекендерде орналасқан барлық әскери бөлімдер енгізіледі. Осы шекараларға жақын жатқан басқа да елді мекендер енгізілуі мүмкін.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әрбір гарнизонда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен, әдетте, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің командирлері қатарынан гарнизон бастығы тағайындалады, қажет болған кезде: гарнизонның штаб бастығы, гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары, гарнизон әкімшілігінің басқа да адамдары тағайындалуы және олардың міндеттері айқындалуы мүмкін (1-қосымша).

      Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің командирлері атқарып отырған лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдері командирлерінен жоғары болған гарнизондарда гарнизондардың бастықтары басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен тағайындалады.

      8. Гарнизон бастығы лауазымға кіріскені туралы бұйрықта жариялайды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды, сондай-ақ ол туралы жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жазбаша түрде хабарлайды.";

      11-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Гарнизондық және қарауылдық қызметтер мәселелері бойынша гарнизон бастығы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады және осы мәселелер бойынша гарнизонның әскери қызметшілері үшін тікелей бастық болып табылады. Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына бағынады.";

      төртінші бөліктің алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына гарнизондық қарауылдар кестесін (2-қосымша), сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған кезде гарнизонның аумақтық қорғаныс бөлімдерімен (бөлімшелерімен), басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен өзара іс-қимыл жасау, гарнизонды өртке қарсы қорғау жоспарларын бекітуге ұсынуға, гарнизонның шекаралары туралы ұсыныстар енгізуге;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының нұсқауы бойынша жұмылдыру жарияланған және әскерлер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілген кезде гарнизонның іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, оның орындалуын қамтамасыз етуге;";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Гарнизон бастығы гарнизон орналасқан жерге келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қорғаныс министрі мен оның орынбасарларын, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшыларын, гарнизон орналасқан аумақтағы өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысын қарсы алады, баяндайды және оларға ілесіп жүреді.

      Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының ерекше нұсқауы бойынша қарсы алады.

      Гарнизонға Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасарлары, орталық әскери басқару органдары департаменттерінің (бас басқармаларының) бастықтары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің қолбасшылары келген жағдайда оларды қарсы алады және өзін таныстырады.

      Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы өзінің жауапкершілік аймағындағы аумаққа келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығын қарсы алады және баяндайды.

      13. Гарнизон бастығы гарнизоннан уақытша (демалысқа, ұзақ іссапарға) кеткен кезде өз міндеттерін атқаруды гарнизон бастығы орынбасарларының біреуіне тапсырады, ол туралы гарнизон бойынша бұйрықта жариялайды және Қарулы Күштер Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды.

      Көрсетілген жағдайларда Ақмола және Алматы гарнизондарында гарнизон бастығының міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындаған адамға жүктеледі.";

      45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының және Қарулы Күштер Бас штабы бастығының ерекше нұсқауы бойынша шетел мемлекеттерінің өкілдерін қарсы алу және шығарып салу үшін құрметті қарауыл жауынгерлік тумен (Әскери-теңіз жалауымен) өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады. Ту ұстаушы мен ассистенттер қарауылдың оң жақ қапталынан екі адым, оркестр - жауынгерлік тудан оңға қарай үш адым аралықта тұрады.";

      50-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңес Одағының Батыры (Социалистік Еңбек Ері), "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған, Даңқ ордендерін толық иеленген, "Отан" орденімен наградталған адамдарды, мемлекет алдында ерекше еңбек сіңірген азаматтарды, гепералдарды (адмиралдарды), әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлерін жерлеу кезінде - ротаға дейін және одан жоғары, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының (аумағында жерлеу өткізілетін өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының) ерекше нұсқауы бойынша тағайындалады.";

      72-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар тиісті басшыларының бұйрықтарымен әскери бөлімдер төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, адамдардың өмірін құтқару және зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге тартылуы мүмкін.

      Ерекше жағдайларда әскери бөлімдер гарнизон бастығының шешімімен төтенше жағдайларды жоюға қатысуы мүмкін, ол бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабының бастығына, аумағында гарнизон орналасқан өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына, сондай-ақ өзінің тікелей бастықтарына дереу баяндайды.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Қоймалардың (базалардың, арсеналдардың) техникалық аумағына, өрт қаупі бар және ерекше маңызды объектілерге кіру тәртібін Қарулы Күштер Бас штабының бастығы және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары арнайы ережелерге (нұсқаулықтарға) сәйкес белгілейді.";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Ерекше жағдайларда әскери және басқа да объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі қарауылдық қызметті өткеру тәртібін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы және басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тиісті басшылары қосымша айқындайды.";

      135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "135. Әскери оқу орындарының гарнизондық, сондай-ақ ішкі қарауылдар кестелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және басқа да әскерлері мен әскери құралымдары тиісті басшыларының, ал әскери бөлімдердің ішкі қарауылдар кестелері жоғары тұрған командирдің (бастықтың) бекітуіне ұсынылады.

      Кестеге әрбір қарауыл постыларының орналасу схемасы қоса беріледі.";

      187-тармақтың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс министрі, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары мен олардың орынбасарлары;

      әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармаларының, бөлімдері мен қызметтерінің бастықтары, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары - олардың бағынысында болатын күзетілетін объектілердің қарауылдарын;";

      254-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "254. Тасымалдау кезінде қарауыл күзетуге тиіс әскери жүктердің тізбесі, сондай-ақ қарауыл құрамы Қарулы Күштер Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар тиісті басшыларының бұйрықтарымен айқындалады.";

      268-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "268. Қарауылды ауыстыру Қарулы Күштер Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың осыған құқығы бар тиісті басшыларының бұйрығы бойынша жүргізіледі.";

      Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына 2-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты әскер тегі қолбасшысының тәртіптік құқықтарын пайдаланады.".

      3. "Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 147қ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 742-құжат):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 541 Жарлығына
ҚОСЫМША
Гарнизондық және қарауылдық
қызметтер жарғысына
2-ҚОСЫМША
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Бас штабының бастығы

      ______________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі)

      201__ж. "__" ___________________________

Қарауылдар кестесі _____________________________________________________________________

      (гарнизон атауы)

Постылар саны, қарауыл құрамы

Қарауылдар нөмірі

Күзетілетін объктілердің атауы

Сақшылардың үш ауысымымен

Сақшылардың екі ауысымымен

Барлық постылар

Қарауыл иттерінің постылары (блок-постылары)

Қарауыл бастығы

Қарауыл бастығының көмекшісі

Таратушылар

Қарауылдар

ҚБ ТКҚ жөніндегі көмекшісі (ТКҚ операторы)

ҚБ ҚҚИ жөніндегі көмекшісі (ҚИ жетекшісі)

Барлық жеке құрам

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


Гарнизон бастығы _____________________________________________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе: Ішкі қарауылдар кестесін үлкен бастық бекітеді, оған әскери бөлімнің командирі қол қояды.

      7-бағанда қарауылдардың бастығы болып тағайындалатын әскери қызметшінің санаты көрсетіледі, мысалы: 1 офицер, 1 сержант.

      Көлік құралының жүргізушісі, жауынгерлік машиналар экипаждары, шығарушылар тағайындалған жағдайда қосымша бағандар қосылады.

      Қарауылдар кестесі жыл сайын 1 желтоқсанда, сондай-ақ қарауыл құрамына өзгеріс енгізілген кезде бекітіледі.

О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года № 541.


      Подлежит опубликованию

      в Собрании актов Президента и

      Правительства Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан.

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н.Назарбаев


  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 15 апреля 2013 года № 541

ИЗМЕНЕНИЯ,
которые вносятся в некоторые указы
Президента Республики Казахстан

      1. Утратил силу Указом Президента РК от 31.07.2023 № 290.

      2. В Указ Президента Республики Казахстан от 5 июля 2007 года № 364 "Об утверждении общевоинских уставов Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 24-25, ст. 207; 2012 г., № 51, ст. 686):

      1) в уставе внутренней службы Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      часть вторую пункта 70 изложить в следующей редакции:

      "Начальников департаментов, главных управлений (управлений) Министерства обороны, Генерального штаба Вооруженных Сил, центральных органов управления других войск и воинских формирований, а также по приглашению в воинскую часть почетных посетителей командир воинской части (корабля) встречает, представляется и сопровождает их по расположению воинской части (корабля).";

      абзац четырнадцатый пункта 111 изложить в следующей редакции:

      "осуществлять снятие с хранения и эксплуатацию вооружения, военной и другой техники, других материальных средств неприкосновенного запаса только по приказам Министра обороны, начальника Генерального штаба Вооруженных Сил, руководителей других войск и воинских формирований;";

      часть вторую пункта 284 изложить в следующей редакции:

      "Проверки осуществляются Министром обороны, начальником Генерального штаба Вооруженных Сил, соответствующими руководителями других войск и воинских формирований, главнокомандующими видами, командующими родами войск, войсками региональных командований, командиром воинской части или лицами по их поручению внезапно и с установленными ограничениями.";

      часть первую пункта 321 изложить в следующей редакции:

      "321. Состав дежурных сил и средств, их задачи и степени боевой готовности, продолжительность, порядок несения боевого дежурства, подготовки личного состава, вооружения, военной и другой техники к заступлению на боевое дежурство и их смены определяются приказом командира воинской части в соответствии с требованиями настоящего устава, приказов Министра обороны, соответствующих руководителей других войск и воинских формирований, начальника Генерального штаба Вооруженных Сил, главнокомандующих видами, командующих родами войск, войсками региональных командований и начальниками специальных войск.";

      пункт 324 изложить в следующей редакции:

      "324. Порядок заступления на боевое дежурство определяется приказами Министра обороны, начальника Генерального штаба Вооруженных Сил, соответствующих руководителей других войск и воинских формирований, главнокомандующих видами, командующих родами войск, войсками региональных командований и начальниками специальных войск.";

      части первую и вторую пункта 328 изложить в следующей редакции:

      "328. Полномочия, периодичность и порядок проверки боевого дежурства должностными лицами определяются Министром обороны, начальником Генерального штаба Вооруженных Сил, соответствующими руководителями других войск и воинских формирований.

      Проверка несения боевого дежурства осуществляется Министром обороны, начальником Генерального штаба Вооруженных Сил, соответствующими руководителями других войск и воинских формирований, главнокомандующими видами, командующими родами войск, войсками региональных командований, начальниками специальных войск, командирами воинских частей или лицами по их поручению, для чего разрабатывается план проверки несения боевого дежурства.";

      часть четвертую пункта 399 изложить в следующей редакции:

      "При необходимости по приказу Министра обороны, начальника Генерального штаба Вооруженных Сил, руководителей других войск и воинских формирований в некоторых воинских частях дневальные и помощники дежурного по контрольно-пропускному пункту, суточный наряд роты и дневальные по парку могут вооружаться автоматами (карабинами) с двумя снаряженными магазинами.";

      в приложении 5 к уставу внутренней службы:

      часть седьмую пункта 27 изложить в следующей редакции:

      "При расформировании воинской части боевое знамя и грамота отправляются с краткой исторической справкой секретным порядком, фельдсвязью, через Генеральный штаб Вооруженных Сил и уполномоченные органы других войск и воинских формирований для экспонирования и хранения в музеи. Ордена и документы к ним установленным порядком возвращаются Президенту Республики Казахстан.";

      2) в уставе гарнизонной и караульной служб Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Границы гарнизона определяются приказом начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан. В состав более крупного гарнизона включаются все воинские части, расположенные в ближайших к нему населенных пунктах. В эти границы могут быть включены и другие близлежащие населенные пункты.";

      пункты 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "7. В каждом гарнизоне приказом начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан, как правило, из числа командиров воинских частей Министерства обороны назначается начальник гарнизона, при необходимости могут назначаться: начальник штаба гарнизона, заместитель начальника гарнизона по воспитательной и социально-правовой работе, заместитель начальника гарнизона по тылу, другие лица администрации гарнизона и определяться их обязанности (приложение 1).

      В гарнизонах, где командиры воинских частей других войск и воинских формирований выше по занимаемой должности командиров воинских частей Министерства обороны Республики Казахстан, начальники гарнизонов назначаются приказом начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан по согласованию с соответствующими руководителями других войск и воинских формирований.

      8. О вступлении в должность начальник гарнизона объявляет в приказе, докладывает начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан, командующему войсками регионального командования и своему непосредственному начальнику, а также сообщает об этом письменно местным органам государственного управления.";

      в пункте 11:

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "Начальник гарнизона по вопросам гарнизонной и караульной служб подчиняется начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан, командующему войсками регионального командования и является прямым начальником по этим вопросам для военнослужащих гарнизона. Начальники Акмолинского и Алматинского гарнизонов подчиняются начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.";

      абзацы шестой и седьмой части четвертой изложить в следующей редакции:

      "представлять на утверждение начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан расписание гарнизонных караулов (приложение 2), а также планы взаимодействия с частями (подразделениями) территориальной обороны, других войск и воинских формирований гарнизона при объявлении чрезвычайного положения, противопожарной зашиты гарнизона, вносить предложения о границах гарнизона;

      разрабатывать по указанию начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан план мероприятий гарнизона при объявлении мобилизации и приведении войск в высшие степени боевой готовности, обеспечивать его выполнение;";

      пункты 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "12. Начальник гарнизона встречает, докладывает и сопровождает прибывших в расположение гарнизона: Президента Республики Казахстан, Министра обороны и его заместителей, первых руководителей других войск и воинских формирований, командующего войсками регионального командования, на территории которого расположен гарнизон.

      Начальники Акмолинского и Алматинского гарнизонов указанных лиц встречают по особому указанию начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      В случае прибытия в гарнизон заместителей начальника Генерального штаба Вооруженных Сил, начальников департаментов (главных управлений) центральных органов военного управления, главнокомандующих видами, командующих родами войск начальник гарнизона встречает их и представляется.

      Командующий войсками регионального командования встречает и докладывает прибывшим на территорию в зоне его ответственности: Президенту Республики Казахстан, Министру обороны Республики Казахстан, начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      13. При временном убытии из гарнизона (в отпуск, длительную командировку) начальник гарнизона передает исполнение своих обязанностей одному из заместителей начальника гарнизона, объявляет об этом в приказе по гарнизону и докладывает начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил, командующему войсками регионального командования и своему непосредственному начальнику.

      В Акмолинском и Алматинском гарнизонах временное исполнение обязанностей начальника гарнизона в указанных случаях возлагается на лицо, назначенное начальником Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.";

      часть первую пункта 45 изложить в следующей редакции:

      "45. По особому указанию Министра обороны Республики Казахстан, первых руководителей других войск и воинских формирований и начальника Генерального штаба Вооруженных Сил для встречи и проводов представителей иностранных государств почетный караул с боевым знаменем (Военно-морским Флагом) выстраивается в развернутом двухшереножном строю. Знаменщик и ассистенты становятся в двух шагах от правого фланга караула, оркестр - правее боевого знамени в трех шагах.";

      абзац четвертый части второй пункта 50 изложить в следующей редакции:

      "при погребении лиц, удостоенных звания Героя Советского Союза (Героя Социалистического Труда), "Халық каһарманы", полных кавалеров орденов Славы, награжденных орденом "Отан", граждан, имевших особые заслуги перед государством, генералов (адмиралов), командиров воинских частей и соединений - до роты и более, по особому указанию начальника Генерального штаба Вооруженных Сил (командующего войсками регионального командования, на территории которого проводится погребение).";

      части вторую и третью пункта 72 изложить в следующей редакции:

      "На основании решений Президента Республики Казахстан приказами Министра обороны, начальника Генерального штаба Вооруженных Сил и соответствующих руководителей других войск и воинских формирований воинские части могут быть привлечены для ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, спасения жизни людей и оказания помощи пострадавшему населению.

      В исключительных случаях воинские части могут участвовать в ликвидации чрезвычайных ситуаций решением начальника гарнизона, который немедленно докладывает об этом начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил, командующему войсками регионального командования, на территории которого расположен гарнизон, а также своим прямым начальникам.";

      пункт 123 изложить в следующей редакции:

      "123. Порядок допуска на техническую территорию складов (баз, арсеналов), огнеопасные и особо важные объекты устанавливается начальником Генерального штаба Вооруженных Сил и соответствующими руководителями других войск и воинских формирований согласно специальным положениям (инструкциям).";

      пункт 125 изложить в следующей редакции:

      "125. Порядок несения караульной службы по охране и обороне военных и других объектов в особых условиях дополнительно определяется начальником Генерального штаба Вооруженных Сил и соответствующими руководителями других войск и воинских формирований Республики Казахстан.";

      пункт 135 изложить в следующей редакции:

      "135. Расписания гарнизонных, а также внутренних караулов военных учебных заведений представляются на утверждение начальнику Генерального штаба Вооруженных Сил и соответствующим руководителям других войск и воинских формирований Республики Казахстан, а расписания внутренних караулов воинских частей - вышестоящему командиру (начальнику).

      К расписанию прилагается схема расположения постов каждого караула.";

      абзацы второй и третий части первой пункта 187 изложить в следующей редакции:

      "Министра обороны, начальника Генерального штаба Вооруженных Сил, соответствующих руководителей других войск и воинских формирований и их заместителей;

      главнокомандующих видами, командующих родами войск и войсками региональных командований, начальников департаментов, главных управлений, управлений, отделов и служб Министерства обороны и Генерального штаба Вооруженных Сил, соответствующих руководителей других войск и воинских формирований - караулы, охраняющие объекты, находящиеся в их подчинении;";

      пункт 254 изложить в следующей редакции:

      "254. Перечень воинских грузов, которые при перевозке подлежат охране караулами, а также состав караула определяются приказами начальника Генерального штаба Вооруженных Сил и соответствующими руководителями других войск и воинских формирований.";

      часть первую пункта 268 изложить в следующей редакции:

      "268. Замена караула производится по приказу начальника Генерального штаба Вооруженных Сил и соответствующих руководителей других войск и воинских формирований, имеющих на это право.";

      приложение 2 к уставу гарнизонной и караульной служб изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему Указу;

      3) в Дисциплинарном уставе Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. Заместители начальника Генерального штаба Вооруженных Сил, директора Пограничной службы Комитета национальной безопасности, Командующего внутренними войсками Министерства внутренних дел, Главного военного прокурора в отношении подчиненных им военнослужащих пользуются дисциплинарными правами командующего родом войск.".

      3. В Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 147с "О некоторых вопросах Службы охраны Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 53, ст. 742):

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 4-1 Закона Республики Казахстан от 3 октября 1995 года "О Службе охраны Президента Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:".

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 15 апреля 2013 года № 541
ПРИЛОЖЕНИЕ 2
к уставу гарнизонной
и караульной служб
УТВЕРЖДАЮ
начальник Генерального штаба
Вооруженных Сил
Республики Казахстан

      __________________________________

      воинское звание, подпись, фамилия)

      "__" __________ 201__ г.

Расписание караулов

      __________________________________________________________________

      (наименование гарнизона)

Число постов, состав караула

Номера карау-

лов

Наимено-

вание охраняе-

мых объе-

тов

С тремя сменами часовых

С двумя сменами часовых

Всего постов

Постов карауль-

ных собак (блок-

постов)

Началь-

ник караула

Помощ-

ник началь-

ника караула

Р

а

з

в

о

д

я

щ

и

е

К

а

р

а

у

л

ь

н

ы

е

Помощник НК по ТСО (оператор ТСО)

Помощник НК по СКС (вожатый КС)

Всего личного состава

П

р

и

м

е

ч

а

н

и

е

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Начальник гарнизона _______________________________________

      (воинское звание, подпись, фамилия)

      Примечание: расписание внутренних караулов утверждает старший начальник, подписывает командир воинской части.

      В графе 7 указывается категория военнослужащего, который назначается начальником караула, например: 1 офицер, 1 сержант.

      В случае назначения водителя транспортного средства, экипажей боевых машин, выводных включаются дополнительные графы.

      Расписание караулов утверждается ежегодно к 1 декабря, а также при внесении изменения в составе караула.