"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 586 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 08.12.2016 № 385 Жарлығымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Астана-Алматы, Астана-Павлодар автомобиль жолдарын салу үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін 25,5 млрд. теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт бөлінсін.
      3. Осы Жарлық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года № 962 "О Концепции формирования и использования средств Национального фонда Республики Казахстан" и выделении целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 21 июня 2013 года № 586

Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства
Республики Казахстан    

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утратил силу Указом Президента РК от 08.12.2016 № 385 .
      2. Выделить целевой трансферт из Национального фонда Республики Казахстан в размере 25,5 млрд. тенге, передаваемый в республиканский бюджет на 2013 год для строительства автомобильных дорог Астана-Алматы, Астана-Павлодар.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня введения в действие Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между органами государственного управления».

      Президент
      Республики Казахстан                      Н. Назарбаев