Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 630 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке Қазақстан Республикасының атынан Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2013 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 630 Жарлығымен   
МАҚҰЛДАНҒАН      

Жоба

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар және олардың прекурсорларын
Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы
      2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,
      сауда байланыстарының дамуына жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,
      Кеден одағының бірыңғай кеден аумағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
      1961 жылғы 30 наурыздағы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияда, 1971 жылғы 21 ақпандағы Психотроптық заттар туралы конвенцияда, 1988 жылғы 20 желтоқсандағы Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясында көзделген халықаралық міндеттемелерді өздерінің орындау қағидаттарын ұстанатындықтарын растай отырып,
      Тараптардың ұлттық мүдделері мен міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер қолданылады: «есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары» -
      Тараптардың осындай құралдар мен заттардың ұлттық тізбесіне енгізілген
      есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары;
      «өткізу» - есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың  прекурсорларын бір Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына әкелу (әкету);
      «тасымалдау (ішкі транзит)» - есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын бір Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына үшінші Тараптың аумағы арқылы әкелу (әкету), сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Тарап аумағының бір бөлігінен басқа бөлігіне басқа Тараптың аумағы арқылы әкелу (әкету);
      «рұқсат ету құжаты» - есірткі құралдардың, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын бір Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына өткізу құқығын растайтын құжат;
      «құзыретті орган» - Тараптың рұқсат ету құжаттарын беруге уәкілетті органы.
      Осы Келісімде қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер 1961 жылғы 30 наурыздағы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға, 1971 жылғы 21 ақпандағы Психотроптық заттар туралы конвенцияға, 1988 жылғы 20 желтоқсандағы Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қолданылады.

2-бап

      Осы Келісім:
      Тараптардың арасында сауданы жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар клиникалық зерттеулер, сараптамалар, мемлекеттік тіркеу және сапасына бақылау жүргізу үшін, сондай-ақ жекелеген көлік түрлеріндегі алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишаларында;
      жеке тұлғалардың жеке өзіне пайдалануы үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) өткізу және тасымалдау (ішкі транзит) тәртібін белгілейді.

3-бап

      Осы Келісімнің әрекеті заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген жеке тұлғаларға өткізуді, сондай-ақ тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Заңды тұлғалар Тараптардың құзыретті органдары беретін, мынадай мәліметтерді:
      есірткі құралының, психотроптық заттың немесе прекурсордың атауын;
      егер бар болса, есірткі құралының, психотроптық заттың немесе прекурсордың халықаралық тіркелмеген атауын;
      өткізілуге жататын есірткі құралының, психотроптық заттың немесе прекурсордың мөлшерін;
      есірткі құралын, психотроптық затты немесе прекурсорды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы мен орналасқан мекенжайын және (немесе) заңды мекенжайын;
      мекенжайына есірткі, психотроптық затты немесе прекурсорды өткізу жүзеге асырылатын заңды тұлғаның атауын және оның орналасқан мекенжайын және (немесе) заңды мекенжайын;
      рұқсат ету құжатының қолданылу мерзімін қамтитын әкелуге (әкетуге) арналған рұқсат ету құжаттары болған кезде өткізуді жүзеге асырады.
      Жеке тұлғалар Тараптардың заңнамасында айқындалған көлемде, жеке өзінің пайдалануына (коммерциялық емес мақсаттарда) арналған есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың атауы мен саны көрсетілуге тиіс, растайтын медициналық құжаттар болған жағдайда медициналық көрсетпелер бойынша жеке өзіне қолдануына арналған дәрілік заттар түріндегі есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының шектеулі мөлшерін өткізуді және тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асырады.
      Растайтын медициналық құжаттар не олардың куәландырылған көшірмелері аумағына көрсетілген дәрілік заттарды өткізу немесе тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тарап тілінде толтырылады не олардың көрсетілген Тарап тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы қоса беріледі.
      Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін немесе шұғыл жағдайларда, тиісті көлік құралдарын тіркеу мемлекетінің заңнамасында айындалған бақылау шараларын қолдана отырып, Тараптардың заңнамасында айқындалған шектеулі мөлшерде осы бапта көзделген рұқсат беру құжаттарынсыз алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишаларында:
      теңіз (өзен) кемелерінде және халықаралық қатынастағы әуе кемелерінде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын;
      халықаралық қатынастағы темір жол және автомобиль көлігінде де психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын тасымалдауға рұқсат етіледі.

4-бап

      Құзыретті органдардың есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге рұқсат ету құжаттарын беру тәртібі аумағында өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға тіркелген Тараптың заңнамасында айқындалады.
      Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкетуге рұқсат ету құжаттары, егер әкелінетін Тараптың заңнамасында осындай рұқсат ету құжаттарын беру көзделсе, онда аумағына есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары әкелінетін Тараптың құзыретті органдары берген әкелуге рұқсат ету құжаттары бар болған кезде беріледі.

5-бап

      Заңды тұлғалар есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдауды (ішкі транзит) Тараптардың құзыретті органдары беретін, осы Келісімнің 3-бабында көзделген рұқсат беру құжаттары тауарға ілеспе құжаттар жиынтығында не көрсетілген рұқсат ету құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері болған кезде жүзеге асырады.
      Егер нақты тасымалданатын есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына көрсетілген рұқсат ету құжаттарын беру әкетілетін Тараптың заңнамасында көзделмесе, онда мұндай тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыруды жоспарлайтын заңды тұлға оның басталу күніне дейін 45 жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің құзыретті органына мынадай мәліметтер:
      атауы мен орналасқан жері және (немесе) заңды мекенжайы;
      тасымалданатын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының атауы мен саны;
      тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын көлік түрі;
      Тараптардың мемлекеттік шекарасын кесіп етудің болжамды күні мен орны;
      аумағы арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың атауы;
      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері және (немесе) заңды мекенжайы қамтылған жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
      Заңды тұлға өз мемлекетінің құзыретті органына осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны тапсырылғаны туралы хабарлама берілген тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы жібереді немесе осындай хабарламаны оның алыну фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
      Хабарламаның нотариат куәландырылған, осы баптың екінші абзацында көзделген көшірмесі тауарға ілеспе құжаттар жиынтығында заңды тұлғада болуға тиіс.
      Аумағынан есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органы осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны алған немесе осы Келісімнің 3-бабында көзделген рұқсат ету құжатын берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде аумағы арқылы осындай тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органына оның көшірмесін жібереді.

6-бап

      Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Тарап аумағының бір бөлігінен оның басқа бөлігіне басқа Тараптың аумағы арқылы тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыру үшін осы Келісімнің 3-бабында көзделген рұқсат ету құжаттарын алу талап етілмейді.
      Заңды тұлғалар көрсетілген тасымалдауды (ішкі транзит) аумағынан және аумағына тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органының мекенжайына тасымалдау (ішкі транзит) басталған күнге дейін 45 жұмыс күнінен кешіктірмей жіберетін және мынадай мәліметтерді:
      тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін және (немесе) заңды мекенжайын;
      тасымалданатын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының атауы мен санын;
      тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асыратын көлік түрін;
      Тараптардың мемлекеттік шекараларын кесіп етудің болжамды күні мен орнын;
      аумағы арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың атауын;
      мекенжайына есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын заңды тұлғаның атауын, оның орналасқан жерін және (немесе) заңды мекенжайын қамтитын нотариат куәландырған жазбаша хабарлама болған кезде жүзеге асырады.
      Аумағынан және аумағына тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органы осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оның көшірмесін аумағы арқылы осындай тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органына жібереді. Есірткі құралдары, психотропты заттар мен олардың прекурсорлары аумағы арқылы осындай тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың ұлттық тізбесіне енгізілмеген жағдайда осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны жолдау талап етілмейді.
      Заңды тұлға өз мемлекетінің құзыретті органына осы баптың екінші абзацында көзделген хабарламаны тапсырылғаны туралы хабарлама берілетін тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы жібереді немесе осындай хабарламаның алынуы фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.

7-бап

      Егер рұқсат ету құжаттары не хабарлама аумағына өткізу немесе аумағы арқылы тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тарап тілінен айырмашылығы бар тілде жасалса, онда заңды тұлға мұндай құжаттарға не олардың расталған көшірмелеріне көрсетілген Тараптың тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын қоса беруге тиіс.

8-бап

      Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізуді немесе тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асырған заңды тұлға осы Келісімнің 3-бабында көзделген рұқсат беру құжатының қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, оны берген құзыретті органға:
      рұқсат ету құжатының нөмірі мен берілген күні;
      әкелінген (әкетілген) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының атауы және нақты саны;
      оларды өткізу немесе тасымалдау (ішкі транзит) үшін пайдаланылған көлік түрі;
      Тараптардың мемлекеттік шекараларын кесіп ететін күні мен орны;
      мекенжайына есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізу және тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылған заңды тұлғаның атауы мен оның заңды мекенжайы көрсетілген мәліметтерді жібереді.
      Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізуді (ішкі транзит) жүзеге асырған заңды тұлға осы Келісімнің 5-бабының екінші абзацында көзделген хабарламаның көшірмесі болған кезде осындай тасымалдау жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей өзінің құзыретті органына:
      хабарламаның нөмірі мен күні;
      әкелінген (әкетілген) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының атауы және нақты саны;
      оларды тасымалдау (ішкі транзит) үшін пайдаланылған көлік түрі;
      Тараптардың мемлекеттік шекараларын кесіп ететін күн мен орны;
      мекенжайына есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылған заңды тұлғаның атауы мен оның заңды мекенжайы көрсетілген мәліметтерді жібереді.
      Құзыретті органдар осы бапта көзделген мәліметтерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды аумағына есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізу жүзеге асырылған Тараптардың құзыретті органдарына, сондай-ақ аумағы арқылы тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылған Тараптың құзыретті органына жібереді.
      Құзыретті органдар әкелуге (әкетуге) арналған рұқсат ету құжаттарын ресімдеген (күшін жойған) күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде олардың көшірмелерін немесе көрсетілген рұқсат ету құжаттарының ресімделгенін (жойылғанын) растайтын құжаттардың көшірмелерін аумағына (аумағынан) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын өткізу жүзеге асырылатын Тараптардың құзыретті органдарына, сондай-ақ аумағы арқылы тасымалдау (ішкі транзит) жүзеге асырылатын Тараптың құзыретті органына жібереді.

9-бап

      Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде әрбір Тарап басқа Тараптарға және Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Келісімде көзделген ақпарат алмасуды және заңды тұлғалардан хабарламалар алуды жүзеге асыратын құзыретті орган туралы хабарлайды.
      Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде құзыретті органдар Еуразиялық экономикалық комиссияға оның ресми сайтына орналастыру үшін:
      есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының ұлттық тізбелер;
      жеке тұлғаларға жеке өзіне пайдалану үшін өткізуге (коммерциялық емес мақсаттарда) рұқсат етілген, Тараптардың заңнамасында белгіленген прекурсорлардың атаулар мен көлемі көрсетілген құжатты жібереді.
      Көрсетілген ұлттық тізбелерге өзгерістер енгізілген кезде құзыретті органдар өзгерістер енгізілген күнінен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияға тиісті ақпаратты жібереді.
      Еуразиялық экономикалық комиссия құзыретті органдар табыс еткен мәліметтер негізінде 5 жұмыс күні ішінде Тараптардың көрсетілген ұлттық тізбелеріне өзекті сипат береді.

10-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
      Егер дауды Тараптар келіссөздер жүргізу туралы Тараптардың бірінің басқа Тарапқа жолдаған ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде реттемесе, онда дау Тараптарының кез келгені осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына қарау үшін береді.

11-бап

      Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

12-бап

      Осы Келісім депозитарий осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
      ______ жылғы «___» __________ ______________ қаласында орыс тілінде
      бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, Тараптардың әрқайсысына расталған көшірмесін жібереді.

      Беларусь           Қазақстан                 Ресей
    Республикасы       Республикасы             Федерациясы
        үшін               үшін                     үшін

О подписании Соглашения о порядке перемещения наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров по таможенной территории Таможенного союза

Указ Президента Республики Казахстан от 2 сентября 2013 года № 630

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения о порядке перемещения наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров по таможенной территории Таможенного союза.
      2. Уполномочить Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Келимбетова Кайрата Нематовича подписать от имени Республики Казахстан Соглашение о порядке перемещения наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров по таможенной территории Таможенного союза, с правом внесения в него изменений и дополнений, не имеющих принципиального характера.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев

ОДОБРЕН         
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 2 сентября 2013 года № 630

Проект

СОГЛАШЕНИЕ
о порядке перемещения наркотических средств,
психотропных веществ и их прекурсоров по таможенной территории
Таможенного союза

      Республика Беларусь, Республика Казахстан и Российская Федерация, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      основываясь на Договоре о Евразийской экономической комиссии от 18 ноября 2011 года, Договоре о создании единой таможенной территории и формировании Таможенного союза от 6 октября 2007 года,
      желая содействовать развитию торговых связей,
      стремясь создать благоприятные условия для эффективного функционирования единой таможенной территории Таможенного союза и Единого экономического пространства,
      подтверждая свою приверженность принципам выполнения международных обязательств, предусмотренных Единой конвенцией о наркотических средствах от 30 марта 1961 года, Конвенцией о психотропных веществах от 21 февраля 1971 года, Конвенцией Организации Объединенных Наций о борьбе против незаконного оборота наркотических средств и психотропных веществ от 20 декабря 1988 года,
      исходя из необходимости обеспечения выполнения национальных интересов и обязательств Сторон,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Для целей настоящего Соглашения используются следующие термины:
      «наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры» - наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры, включенные в национальные перечни таких средств и веществ Сторон;
      «перемещение» - ввоз (вывоз) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров с территории одной Стороны на территорию другой Стороны;
      «перевозка (внутренний транзит)» - ввоз (вывоз) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров с территории одной Стороны на территорию другой Стороны через территорию третьей Стороны, а также ввоз (вывоз) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров с одной части территории Стороны на другую ее часть через территорию другой Стороны;
      «разрешительный документ» - документ, подтверждающий право на перемещение наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров с территории одной Стороны на территорию другой Стороны;
      «компетентный орган» - орган Стороны, уполномоченный на выдачу разрешительных документов.
      Иные понятия и термины, используемые в настоящем Соглашении, применяются в соответствии с Единой конвенцией о наркотических средствах от 30 марта 1961 года, Конвенцией о психотропных веществах от 21 февраля 1971 года, Конвенцией Организации Объединенных Наций о борьбе против незаконного оборота наркотических средств и психотропных веществ от 20 декабря 1988 года и международными договорами, заключенными в рамках Таможенного союза и Единого экономического пространства.

Статья 2

      Настоящее Соглашение определяет порядок перемещения и перевозки (внутреннего транзита):
      юридическими лицами при осуществлении торговли между Сторонами, для проведения клинических исследований, экспертизы, государственной регистрации и контроля качества, а также в аптечках первой помощи на отдельных видах транспорта;
      физическими лицами для личного пользования (в некоммерческих целях).

Статья 3

      Действие настоящего Соглашения распространяется на юридических лиц и физических лиц.
      Физическим лицам, зарегистрированным в качестве субъектов предпринимательской деятельности, осуществлять перемещение, а также перевозку (внутренний транзит) запрещено.
      Юридические лица осуществляют перемещение при наличии разрешительных документов на ввоз (вывоз), выдаваемых компетентными органами Сторон, содержащих следующие сведения:
      название наркотического средства, психотропного вещества или прекурсора;
      международное незарегистрированное название наркотического средства, психотропного вещества или прекурсора, если такое имеется;
      количество наркотического средства, психотропного вещества или прекурсора, подлежащее перемещению;
      наименование и адрес места нахождения и (или) юридический адрес юридического лица, осуществляющего перемещение наркотического средства, психотропного вещества или прекурсора;
      наименование юридического лица, в адрес которого осуществляется перемещение наркотических средств, психотропных веществ или прекурсоров, и адрес его места нахождения и (или) юридический адрес;
      срок действия разрешительного документа.
      Физические лица осуществляют перемещение и перевозку (внутренний транзит) ограниченного количества наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров в виде лекарственных средств для личного применения по медицинским показаниям при наличии подтверждающих медицинских документов, в которых должно быть указано наименование и количество таких средств и веществ, а также прекурсоров для личного пользования (в некоммерческих целях) в объемах, определенных законодательством Сторон.
      Подтверждающие медицинские документы либо их заверенные копии составляются на языке Стороны, на территорию которой осуществляется перемещение или перевозка (внутренний транзит) указанных лекарственных средств, либо прилагается их нотариально засвидетельствованный перевод на язык указанной Стороны.
      Для оказания первой медицинской помощи или в экстренных случаях, без разрешительных документов, предусмотренных настоящей статьей, с применением мер контроля, определенных законодательством государства регистрации соответствующих транспортных средств, в ограниченном количестве, определенном законодательством Сторон, разрешается провоз в аптечках первой помощи:
      наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров на морских (речных) судах и воздушных судах международного сообщения;
      психотропных веществ и прекурсоров на железнодорожном и автомобильном транспорте международного сообщения.

Статья 4

      Порядок выдачи компетентными органами разрешительных документов на ввоз, вывоз наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров определяется законодательством Стороны, на территории которой зарегистрировано юридическое лицо, осуществляющее перемещение.
      Разрешительные документы на вывоз наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров выдаются при наличии разрешительных документов на ввоз, выданных компетентными органами Стороны, на территорию которой ввозятся наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры, если выдача таких разрешительных документов предусмотрена законодательством Стороны ввоза.

Статья 5

      Перевозка (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров осуществляется юридическими лицами при наличии в комплекте товаросопроводительных документов, разрешительных документов, предусмотренных статьей 3 настоящего Соглашения, выдаваемых компетентными органами Сторон, либо нотариально заверенных копий указанных разрешительных документов.
      Если выдача указанных разрешительных документов на конкретные перевозимые наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры не предусмотрена законодательством Стороны вывоза, то юридическое лицо, планирующее осуществить такую перевозку (внутренний транзит), обязано не позднее чем за 45 рабочих дней до даты ее начала, направить в свой компетентный орган письменное уведомление, содержащее следующие сведения:
      наименование и место нахождения и (или) юридический адрес;
      наименование и количество перевозимых наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров;
      вид транспорта, которым будет осуществляться перевозка (внутренний транзит);
      предполагаемая дата и место пересечения государственных границ Сторон;
      наименование Стороны, через территорию которой будет осуществляться перевозка (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров;
      наименование и место нахождения и (или) юридический адрес юридического лица, в адрес которого будет осуществляться перевозка (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров.
      Юридическое лицо направляет в компетентный орган своего государства уведомление, предусмотренное абзацем вторым настоящей статьи, заказным почтовым отправлением с уведомлением о вручении или передает такое уведомление иным способом, позволяющим подтвердить факт его получения.
      Нотариально заверенная копия уведомления, предусмотренного абзацем вторым настоящей статьи, должна быть у юридического лица в комплекте с товаросопроводительными документами.
      Компетентный орган Стороны, с территории которой будет осуществляться перевозка (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, в течение 5 рабочих дней с даты получения уведомления, предусмотренного абзацем вторым настоящей статьи, или выдачи разрешительного документа, предусмотренного статьей 3 настоящего Соглашения, направляет его копию в компетентный орган Стороны, через территорию которой будет осуществлена такая перевозка (внутренний транзит).

Статья 6

      Для осуществления перевозки (внутреннего транзита) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров с одной части территории Стороны на другую ее часть через территорию другой Стороны получения разрешительных документов, предусмотренных статьей 3 настоящего Соглашения, не требуется.
      Указанная перевозка (внутренний транзит) осуществляется юридическими лицами при наличии нотариально заверенной копии письменного уведомления, направляемого не позднее, чем за 45 рабочих дней до даты начала перевозки (внутреннего транзита), в адрес компетентного органа Стороны с территории и на территорию которой осуществляется перевозка (внутренний транзит), содержащего следующие сведения:
      наименование и место нахождения и (или) юридический адрес юридического лица, осуществляющего перевозку (внутренний транзит);
      наименование и количество перевозимых наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров;
      вид транспорта, которым осуществляется перевозка (внутренний транзит);
      предполагаемая дата и место пересечения государственных границ Сторон;
      наименование Стороны, через территорию которой осуществляется перевозка (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров;
      наименование юридического лица, в адрес которого осуществляется перевозка (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, и его место нахождения и (или) юридический адрес.
      Компетентный орган Стороны, с территории и на территорию которой осуществляется перевозка (внутренний транзит), в течение 5 рабочих дней с даты получения уведомления, предусмотренного абзацем вторым настоящей статьи, направляет его копию в компетентный орган Стороны, через территорию которой будет осуществлена такая перевозка (внутренний транзит). Направлять уведомление, предусмотренное абзацем вторым настоящей статьи, не требуется в случае, когда наркотические средства, психотропные вещества и их прекурсоры не внесены в национальный перечень Стороны, через территорию которой будет осуществлена такая перевозка (внутренний транзит).
      Юридическое лицо направляет в компетентный орган своего государства уведомление, предусмотренное абзацем вторым настоящей статьи, заказным почтовым отправлением с уведомлением о вручении или передает такое уведомление иным способом, позволяющим подтвердить факт его получения.

Статья 7

      В случае если разрешительные документы либо уведомления составлены на языке, отличном от языка Стороны, на территорию которой осуществляется перемещение или через территорию которой осуществляется перевозка (внутренний транзит), то юридическое лицо к таким документам либо их заверенным копиям должно прилагать их нотариально заверенный перевод на язык указанной Стороны.

Статья 8

      Юридическое лицо, осуществившее перемещение или перевозку (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, не позднее 10 рабочих дней с даты окончания срока действия разрешительного документа, предусмотренного статьей 3 настоящего Соглашения, направляет в компетентный орган, его выдавший, следующие сведения:
      номер и дата выдачи разрешительного документа;
      наименование и фактическое количество ввезенных (вывезенных) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров;
      вид транспорта, который использовался для их перемещения или перевозки (внутреннего транзита);
      дата и место пересечения государственных границ Сторон;
      наименование юридического лица, в адрес которого осуществлено перемещение или перевозка (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров и его юридический адрес.
      Юридическое лицо, осуществившее перевозку (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров при наличии копии уведомления, предусмотренного абзацем вторым статьи 5 настоящего Соглашения, не позднее 1 января года, следующего за годом, в котором осуществлена такая перевозка, направляет в свой компетентный орган следующие сведения:
      номер и дата уведомления;
      наименование и фактическое количество ввезенных (вывезенных) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров;
      вид транспорта, который использовался для их перевозки (внутреннего транзита);
      дата и место пересечения государственных границ Сторон;
      наименование юридического лица, в адрес которого осуществлялась перевозка (внутренний транзит) наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров и его юридический адрес.
      Компетентные органы в течение 5 рабочих дней с даты получения сведений, предусмотренных настоящей статьей, направляют их в компетентные органы тех Сторон, на территорию которых осуществлено перемещение наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, а также в компетентный орган Стороны, через территорию которой осуществлена перевозка (внутренний транзит).
      Компетентные органы в течение 10 рабочих дней с даты оформления (аннулирования) разрешительных документов на ввоз (вывоз) направляют их копии или копии документов, подтверждающих оформление (аннулирование) указанных разрешительных документов, в компетентные органы тех Сторон, на территорию (с территории) которых осуществляется перемещение наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, а также в компетентный орган Стороны, через территорию которой осуществляется перевозка (внутренний транзит).

Статья 9

      В течение 30 календарных дней с даты вступления в силу настоящего Соглашения каждая Сторона информирует другие Стороны и Евразийскую экономическую комиссию о компетентном органе, осуществляющем обмен информацией и получение уведомлений от юридических лиц, предусмотренных настоящим Соглашением.
      В течение 45 календарных дней с даты вступления в силу настоящего Соглашения компетентные органы направляют в Евразийскую экономическую комиссию для размещения на ее официальном сайте:
      национальные перечни наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров;
      наименования и объемы прекурсоров, разрешенных к перемещению физическими лицами для личного пользования (в некоммерческих целях), определенных законодательством Стороны.
      При внесении изменений в указанные национальные перечни, компетентные органы в течение 20 календарных дней с даты внесения изменений, направляют соответствующую информацию в Евразийскую экономическую комиссию.
      Евразийская экономическая комиссия в течение 5 рабочих дней на основании сведений, представленных компетентными органами, актуализирует указанные национальные перечни Сторон.

Статья 10

      Споры между Сторонами, связанные с толкованием и (или) применением настоящего Соглашения, разрешаются путем проведения переговоров.
      Если спор не будет урегулирован Сторонами в течение шести месяцев с даты поступления официальной письменной просьбы о проведении переговоров, направленной одной из Сторон другой Стороне, то любая из сторон спора передает этот спор для рассмотрения в Суд Евразийского экономического сообщества.

Статья 11

      По договоренности Сторон в настоящее Соглашение могут быть внесены изменения, которые оформляются отдельными протоколами.

Статья 12

      Настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты получения депозитарием последнего письменного уведомления по дипломатическим каналам о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для вступления в силу настоящего Соглашения.

      Совершено в городе ____________ «__» ____ года в одном подлинном экземпляре на русском языке.