Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 Жарлығы

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.
      2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер-азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
      5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2014 года

Указ Президента Республики Казахстан от 14 марта 2014 года № 768

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Уволить в запас из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан, Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканской гвардии Республики Казахстан, Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в апреле – июне и октябре – декабре 2014 года военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы.
      2. Призвать на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Внутренние войска Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканскую гвардию Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в апреле – июне и октябре – декабре 2014 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      3. Местным исполнительным органам организовать и обеспечить проведение призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле – июне и октябре – декабре 2014 года через соответствующие местные органы военного управления.
      4. Правительству Республики Казахстан, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканской гвардии Республики Казахстан организовать финансовое и материальное обеспечение отправки граждан Республики Казахстан, призванных в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Внутренние войска Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканскую гвардию Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан для прохождения срочной воинской службы, и увольнения военнослужащих, выслуживших установленные сроки срочной воинской службы.
      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ