«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 23200 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 604,6 гектар Іле ауданы, алаңы 16069,7 гектар Қарасай ауданы және алаңы 6525,7 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев