"Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 811 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат; 2013 ж., № 60, 819-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындауды;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалар жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеуді және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауын;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын:

      "2-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау

      4-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы үшжылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.

      4-2. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";

      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалары жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

      Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттаманың болуы есепке алынады, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болған экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингтеу және бағалау нәтижелері;";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру және бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан;

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан;

      3) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;

      4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді.".

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.";

      19-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 августа 2009 года № 861 "Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета"

Указ Президента Республики Казахстан от 25 апреля 2014 года № 811. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 681

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2018 № 681.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 26 августа 2009 года № 861 "Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 36, ст. 342; 2013 г., № 60, ст. 819) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах разработки проекта республиканского бюджета, утвержденных вышеуказанным Указом:

      в пункте 2:

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) определение лимитов расходов администраторов республиканских бюджетных программ, лимитов на новые инициативы;";

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) разработка проектов стратегических планов или проектов изменений и дополнений в стратегические планы, проектов бюджетных программ центральных государственных органов, проектов бюджетных программ администраторов республиканских бюджетных программ, не разрабатывающих стратегические планы, бюджетных заявок администраторов республиканских бюджетных программ и их рассмотрение Республиканской бюджетной комиссией;";

      дополнить разделом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Определение лимитов расходов администраторов республиканских бюджетных программ, лимитов на новые инициативы

      4-1. Лимиты расходов администраторов республиканских бюджетных программ, лимиты на новые инициативы определяются центральным уполномоченным государственным органом по государственному планированию на основе прогнозных показателей социально-экономического развития страны и республиканского бюджета, приоритетных направлений расходования бюджетных средств, размера дефицита соответствующего бюджета на планируемый трехлетний период.

      4-2. Порядок определения лимитов расходов администраторов республиканских бюджетных программ, лимитов на новые инициативы устанавливается Правительством Республики Казахстан.";

      заголовок раздела 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Разработка проектов стратегических планов или проектов изменений и дополнений в стратегические планы, проектов бюджетных программ центральных государственных органов, проектов бюджетных программ администраторов республиканских бюджетных программ, не разрабатывающих стратегические планы, бюджетных заявок администраторов республиканских бюджетных программ";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для планирования расходов бюджета администраторы республиканских бюджетных программ в срок до 15 мая текущего финансового года представляют в центральный уполномоченный орган по государственному планированию проекты стратегических планов или проекты изменений и дополнений в стратегические планы, бюджетные заявки и проекты бюджетных программ.

      Администраторы республиканских бюджетных программ, не разрабатывающие стратегические планы, в срок до 15 мая текущего финансового года представляют в центральный уполномоченный орган по государственному планированию бюджетные заявки и проекты бюджетных программ.";

      подпункт 4) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "4) по государственным инвестиционным проектам учитывается наличие документации в соответствии с бюджетным законодательством, а также результаты мониторинга и оценки, с учетом долгосрочных показателей экономической и социальной отдачи от реализации бюджетных инвестиций;";

      часть вторую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "Базовыми расходами являются расходы постоянного характера, капитальные расходы, а также расходы на начатые (продолжающиеся) бюджетные инвестиционные проекты и выполнение принятых государственных концессионных обязательств.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Центральный уполномоченный орган по государственному планированию с учетом результатов анализа исполнения республиканского бюджета за отчетный финансовый год, а также результатов оценки эффективности деятельности государственного органа по достижению и реализации стратегических целей и задач в курируемой отрасли (сфере) и управлению бюджетными средствами рассматривает:

      1) проекты стратегических планов или проекты изменений и дополнений в стратегические планы на предмет их соответствия стратегическим и программным документам, прогнозу социально-экономического развития страны, бюджетному и иному законодательству Республики Казахстан;

      2) бюджетные заявки администраторов бюджетных программ на предмет их соответствия бюджетному и иному законодательству Республики Казахстан, прогнозу социально-экономического развития, действующим натуральным нормам и проектам стратегических планов или проектам изменений и дополнений в стратегические планы;

      3) показатели проектов бюджетных программ администраторов бюджетных программ, разрабатывающих стратегические планы, на предмет их взаимосвязи со стратегическими целями, с задачами стратегических направлений;

      4) показатели проектов бюджетных программ администраторов бюджетных программ, не разрабатывающих стратегические планы, на предмет их соответствия функциям, полномочиям, направлениям деятельности администратора бюджетных программ.";

      часть первую пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Центральный уполномоченный орган по государственному планированию по итогам рассмотрения проектов стратегических планов или проектов изменений и дополнений в стратегические планы, бюджетных заявок, проектов бюджетных программ администраторов республиканских бюджетных программ формирует заключения по проектам стратегических планов или проектам изменений и дополнений в стратегические планы, бюджетным заявкам и проектам бюджетных программ и направляет их на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии.";

      часть первую пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Администраторы республиканских бюджетных программ в соответствии с предложениями Республиканской бюджетной комиссии в срок до 1 августа текущего финансового года представляют в центральный уполномоченный орган по государственному планированию доработанные проекты стратегических планов или проекты изменений и дополнений в стратегические планы, проекты бюджетных программ и бюджетные заявки.";

      подпункт 3) части второй пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "3) проекты бюджетных программ администраторов бюджетных программ;".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ