"Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 926 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мына:

"Орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары

Үкімет

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы"


      деген жол алып тасталсын;

      мына:

"Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары

Үкімет

Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары

Әкімшілік Басшысы"


      деген жол алып тасталсын;

      мына:

"Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары

министрлер


Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы",

"Сыртқы істер және Әділет министрліктері комитеттерінің төрағалары

министрлер


Әкімшілік Басшысы"


      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары

министрлер


Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы",

"Сыртқы істер министрлігі комитеттерінің төрағалары

Министр


Әкімшілік Басшысы";


      мына:

"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы"


      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Бас прокуратураның аппарат басшысы

Бас прокурор


Әкімшілік Басшысы",

"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы",

"Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы

Ішкі істер министрі


Әкімшілік Басшысы",

"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменттерінің басшылары

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы";


      мына:

"Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Комиссия*"


      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция, тергеу, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Комиссия*";


      мына:

"Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары

Төтенше жағдайлар министрі


Әкімшілік Басшысы"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі


Әкімшілік Басшысы";


      мына:

"Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры

Президент

Мәдениет министрі

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы",

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы

Президент

Мәдениет министрі

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы"


      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры

Президент

Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы",

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы

Президент

Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы";


      мына:

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары

жауапты хатшы

Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі"


      деген жол алып тасталсын;

      мына:

"Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі

Үкімет

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Президент",

"Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары

Үкімет

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Президент"


      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі

Үкімет

Ұлттық экономика министрі

Президент",

"Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары

Үкімет

Ұлттық экономика министрі

Президент";


      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      3-тармақта:

      екінші, сегізінші абзацтар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары жөнінде - Республиканың Премьер-Министрі;";

      "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары жөнінде - Ұлттық экономика министрі енгізеді.";

      17-тармақта:

      алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;

      Ауыл шаруашылығы министрінің балық шаруашылығын, су ресурстарын басқаруды, ормандарды, жануарлар дүниесін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары, министрліктің жауапты хатшысы, Су ресурстары, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінің төрағалары;

      Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің, Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің және Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы.";

      18-тармақта:

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, комитеттерінің төрағалары;

      Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары; "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары.";

      19-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, криминалдық полиция, тергеу, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменттерінің, Астана, Алматы қалалары және облыстар ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;";

      үшінші абзацтан кейін мынадай редакциядағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ішкі істер министрлігінің аппараттар басшылары;

      Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменттерінің басшылары;";

      21-тармақта:

      екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша әділет департаменттерінің басшылары;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, оның орынбасарлары.";

      22-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары және комитеттерінің төрағалары;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Назарбаев


О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти"

Указ Президента Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 926. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 31 июля 2023 года № 290.

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 31.07.2023 № 290.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 17, ст. 212) следующие изменения и дополнения:

      в Перечне должностей политических государственных служащих и иных должностных лиц, назначаемых Президентом Республики Казахстан или по согласованию с ним, избираемых по его представлению, а также назначаемых по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      строку:

"Председатели агентств, являющихся центральными исполнительными органами

Правительством

Руководителем Канцелярии Премьер-Министра

Президентом или по его поручению с Руководителем Администрации"


      исключить;

      строку:

"Заместители председателей агентств, являющихся центральными исполнительными органами, не входящими в состав Правительства

Правительством

председателями агентств, являющихся центральными исполнительными органами, не входящими в состав Правительства

Руководителем Администрации"


      исключить;

      строки:

"Председатели комитетов министерств, за исключением министерств внутренних дел, обороны, иностранных дел и юстиции

министрами


Премьер-Министром, Руководителем Администрации",

"Председатели комитетов министерств иностранных дел и юстиции

министрами


Руководителем Администрации"


      изложить соответственно в следующей редакции:

"Председатели комитетов министерств, за исключением министерств внутренних дел, иностранных дел

министрами


Премьер-Министром, Руководителем Администрации",

"Председатели комитетов Министерства иностранных дел

Министром


Руководителем Администрации";


      после строки:

"Руководитель аппарата Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета

Председателем Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета


Руководителем Администрации"


      дополнить строками:

"Руководитель аппарата Генеральной прокуратуры

Генеральным прокурором


Руководителем Администрации",

"Руководитель аппарата Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции

Председателем Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции


Руководителем Администрации",

"Руководитель аппарата Министерства внутренних дел

Министром внутренних дел


Руководителем Администрации",

"Руководители департаментов Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции

Председателем Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции


Руководителем Администрации";


      после строки:

"Начальники департамента внутренних дел на транспорте Министерства внутренних дел, департаментов внутренних дел городов Астаны, Алматы и областей

Министром внутренних дел

Министром внутренних дел

Комиссией*"


      дополнить строкой:

"Начальники департаментов криминальной полиции, следствия, по борьбе с наркобизнесом и контролю за оборотом наркотиков Министерства внутренних дел

Министром Внутренних дел

Министром внутренних дел

Комиссией*";


      строку:

"Начальники департаментов по чрезвычайным ситуациям городов Астаны, Алматы и областей Министерства по чрезвычайным ситуациям

Министром по Чрезвычайным ситуациям


Руководителем Администрации"


      изложить в следующей редакции:

"Начальники департаментов по чрезвычайным ситуациям городов Астаны, Алматы и областей Министерства внутренних дел

Министром внутренних дел


Руководителем Администрации";


      строки:

"Директор Национального музея Республики Казахстан

Президентом

Министром культуры

Премьер-Министром,

Руководителем Администрации",

"Руководитель некоммерческого акционерного общества "Государственный театр оперы и балета "Астана Опера"

Президентом

Министром культуры

Премьер-Министром, Руководителем Администрации"


      изложить соответственно в следующей редакции:

"Директор Национального музея Республики Казахстан

Президентом

Министром культуры и спорта

Премьер-Министром, Руководителем Администрации",

"Руководитель некоммерческого акционерного общества "Государственный театр оперы и балета "Астана Опера"

Президентом

Министром культуры и спорта

Премьер-Министром, Руководителем Администрации";


      строку:

"Руководители территориальных органов по городам Астане и Алматы, областям Комитета по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан

ответственным секретарем

Председателем Комитета по исполнению судебных актов

Руководителем Администрации, Министром юстиции"


      исключить;

      строки:

"Торговый представитель Республики Казахстан в Российской Федерации

Правительством

Министром экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан

Президентом",

"Заместители Торгового представителя Республики Казахстан в Российской Федерации

Правительством

Министром экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан

Президентом"


      изложить соответственно в следующей редакции:

"Торговый представитель Республики Казахстан в Российской Федерации

Правительством

Министром национальной экономики

Президентом",

"Заместители Торгового представителя Республики Казахстан в Российской Федерации

Правительством

Министром национальной экономики

Президентом";


      в Положении о порядке согласования, назначения на должность и освобождения от должности политических государственных служащих и иных должностных лиц Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      в пункте 3:

      абзацы второй, восьмой изложить соответственно в следующей редакции:

      "по председателям правлений государственных холдингов и национальных компаний - Премьер-Министром Республики;";

      "по Торговому представителю Республики Казахстан в Российской Федерации, заместителям Торгового представителя Республики Казахстан в Российской Федерации - Министром национальной экономики.";

      в пункте 17:

      абзацы шестой, седьмой, восьмой изложить в следующей редакции:

      "председатель Комитета по чрезвычайным ситуациям, начальники департаментов по чрезвычайным ситуациям городов Астаны и Алматы, областей Министерства внутренних дел;

      заместители Министра, курирующие вопросы формирования и реализации государственной политики в сфере развития рыбного хозяйства, управления водными ресурсами, лесов, животного мира, ответственный секретарь, председатели комитетов по водным ресурсам, лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства;

      председатель Комитета по делам религий Министерства культуры и спорта, Аэрокосмического комитета и Комитета индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию, Комитета по государственным материальным резервам Министерства национальной экономики.";

      в пункте 18:

      абзацы второй и третий изложить в следующей редакции:

      "заместители министров, ответственные секретари, председатели комитетов министерств здравоохранения и социального развития, национальной экономики, образования и науки, сельского хозяйства, финансов, энергетики, по инвестициям и развитию;

      заместители Председателя Национального Банка; председатели правлений АО "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына", АО "Национальный управляющий холдинг "Байтерек", АО "Национальный научно-технологический холдинг "Парасат", АО "Национальный инфокоммуникационный холдинг "Зерде", АО "Национальный управляющий холдинг "КазАгро", а также национальных институтов развития и национальных компаний, входящих в состав АО "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына"; руководитель аппарата Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета; Торговый представитель Республики Казахстан в Российской Федерации, заместители Торгового представителя Республики Казахстан в Российской Федерации.";

      в пункте 19:

      абзац третий изложить в следующей редакции:

      "заместители Министра внутренних дел, Главнокомандующий Национальной гвардией Республики Казахстан, его заместители, председатели комитетов Министерства внутренних дел; заместители председателя Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел; командующие региональными командованиями, первые заместители командующих региональными командованиями - начальники штабов Национальной гвардии; начальники Алматинской, Карагандинской и Костанайской академий Министерства внутренних дел, начальники департамента внутренних дел на транспорте, департаментов криминальной полиции, следствия, по борьбе с наркобизнесом и контролю за оборотом наркотиков, департаментов внутренних дел городов Астаны, Алматы и областей Министерства внутренних дел; начальники департаментов уголовно-исполнительной системы городов Астаны, Алматы и областей Министерства внутренних дел;";

      после абзаца третьего дополнить абзацами следующего содержания:

      "руководители аппаратов Генеральной прокуратуры, Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции и Министерства внутренних дел;

      руководители департаментов Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции;";

      в пункте 21:

      абзацы второй, третий изложить в следующей редакции:

      "заместители Министра юстиции, ответственный секретарь, руководители департаментов юстиции городов Астаны и Алматы, областей Министерства юстиции;

      руководитель Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан), его заместители.";

      в пункте 22:

      абзац второй изложить в следующей редакции:

      "заместители министров, ответственные секретари и председатели комитетов министерств здравоохранения и социального развития, культуры и спорта, образования и науки, по инвестициям и развитию;".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент

Республики Казахстан

Н.Назарбаев