"Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының және "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 113 Жарлығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі - Қор) пайдалану және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне жәрдем көрсету және ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қор қызметі және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдерін тартуға;».
      2. Мына:
      1) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 28 декабря 2004 года № 1509 "О некоторых вопросах Совета но управлению Национальным фондом Республики Казахстан" и признании утратившими силу Указа Президента Республики Казахстан от 14 февраля 2014 года № 753 "О некоторых вопросах Совета по управлению пенсионными активами Единого накопительного пенсионного фонда" и пункта 25 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 17 сентября 2014 года № 911 "О внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан и признании утратившим силу некоторых распоряжении Президента Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 113

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2016.

Подлежит опубликованию    
в Собрании актов Президента и 
Правительства Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 28 декабря 2004 года № 1509 «О некоторых вопросах Совета по управлению Национальным фондом Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 51, ст. 675) следующие изменения и дополнения:
      в Положении о Совете по управлению Национальным фондом Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Основными задачами Совета являются оказание содействия и выработка рекомендаций Президенту Республики Казахстан по вопросам использования Национального фонда Республики Казахстан (далее - фонд) и управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда.»;
      пункт 5 дополнить подпунктами 4), 5), 6) и 7) следующего содержания:
      «4) выработка предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда;
      5) рассмотрение и выработка предложений по направлениям инвестирования пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда;
      6) выработка предложений по определению перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда;
      7) рассмотрение ежегодного отчета о деятельности единого накопительного пенсионного фонда.»;
      подпункт 1) пункта 6 изложить в следующей редакции:
      «1) привлекать представителей государственных органов, а также институтов гражданского общества к обсуждению вопросов деятельности Фонда и управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда;».
      2. Признать утратившими силу:
      1) Указ Президента Республики Казахстан от 14 февраля 2014 года № 753 «О некоторых вопросах Совета по управлению пенсионными активами Единого накопительного пенсионного фонда»;
      2) пункт 25 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 17 сентября 2014 года № 911 «О внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан и признании утратившим силу некоторых распоряжений Президента Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан 2014 г., № 55-56, ст. 538).
      3. Настоящий Указ вводится в действие с 1 января 2016 года.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев