Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімге және Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 987 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімге және Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру хаттамасына Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев