Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Мыналар:
Ақмола облысы Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты;
Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданының мамандандырылған әкімшілік соты, Шемонаиха ауданының мамандандырылған әкімшілік соты;
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты;
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының № 2 аудандық соты, Ұлытау ауданының № 2 аудандық соты, Жезқазған қаласының мамандандырылған әкімшілік соты;
Павлодар облысы Ақсу қаласының мамандандырылған әкімшілік соты таратылсын.
Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес, кейбір соттардың төрағалары мен судьялары қызметіне тағайындалсын және қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Жарлыққа қосымша РҚАО-ға келіп түскен жоқ.