"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау 2017 жылғы 1 шілдеге дейін өткізілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

      1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды;

      2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу тәртібі мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 404 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін
аттестаттауды өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 63-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Аттестаттаудың мақсаты "Б" корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау болып табылады.

      3. Аттестаттаудан "Б" корпусының қызметшілері өтеді, оған төмендегілер қосылмайды:

      1) аттестаттаудан өткізу кезінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жыл және одан аз уақыт қалған "Б" корпусының қызметшілері.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім 2017 жылдың 5 қаңтарынан 30 маусымын қоса алғандағы аралықта басталса, бұл "Б" корпусының қызметшілерін аттестаттаудан өтуден босатуға негіз болып табылады;

      2) жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері;

      3) жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдар;

      4) тиісті аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өту сәтінде мемлекеттік қызмет өтілі алты айдан аз, мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет тағайындалған адамдар;

      4-1) лауазымдары "А" корпусының лауазымдарынан өзгеріске ұшыраған "Б" корпусының қызметшілері;

      5) "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған "Б" корпусының қызметшілері.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Аттестаттау кезеңдерін өткізу мерзімдері көзделетін "Б" корпусы қызметшілерін аттестаттаудың жалпы кестесін (бұдан әрі – жалпы кесте) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітеді және оның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жалпы кестенің негізінде "Б" корпусы қызметшілерін аттестаттауды өткізу кестесін дербес бекітеді.

      5. Аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусының қызметшілеріне жыл сайынғы еңбек демалысын беру, оларды қызметтік іссапарға, тағылымдамаға, сондай-ақ қайта даярлау және біліктiлікті арттыру курстарына жіберу аттестаттауды өткізу кестелерін ескере отырып, жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының "Б" корпусы қызметшілерін қоспағанда, аттестаттаудан өтуге жататын "Б" корпусы қызметшілерінің конкурстарға қатысуына, сондай-ақ оларды мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен тағайындауға тиісті аттестаттау комиссиясының қабылданған шешімі болған жағдайда ғана жол беріледі.

      Бұл талап уақытша бос лауазымдарды атқаратын адамдарға қолданылмайды.

      6. Аттестаттау кезеңінде оқу демалысында, еңбекақысы сақталмайтын демалыста, ұзақ іссапарда болған немесе науқастануы салдарынан жұмыста болмаған, сондай-ақ халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға жіберілген "Б" корпусының қызметшілері аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейін алты айдың ішінде 2017 жылдың соңына дейін өтеді.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналы 2017 жылдың соңына дейін аттестаттаудан өтуге тиіс.

      Мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген адамдар аттестаттауды осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес өтеді.

      7. "Б" корпусының қызметшілері атқаратын лауазымдарының санаттарына байланысты аттестаттауды тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссияларында өтеді:

      бірінші деңгейде – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – ЖАК);

      екінші деңгейде – орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппараттарының аттестаттау комиссиялары;

      үшінші деңгейде – орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ аудандардың, қала аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының әкімі аппараттарының аттестаттау комиссиялары.

      8. ЖАК құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісін тең негізде білдіретін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, академиялық ортаның және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      "Б" корпусының қызметшісімен әңгімелесу барысында ол жұмыс істейтін мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды атқаратын адам ЖАК құрамына енгізіледі.

      ЖАК құрамы уәкілетті органның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының актісімен бекітіледі.

      9. Екінші және үшінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларының құрамына "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, оның ішінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан, алдыңғы деңгейде аттестаудан сәтті өткен "Б" корпусының қызметшілері, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер, қоғамдық кеңестердің, ғылыми-сарапшылық, академиялық ортаның, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ уәкілетті органның әдеп кеңестерінің мүшелері кіре алады.

      10. Орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында құрылатын аттестаттау комиссиялары құрамына Парламент Сенатының және Мәжілісінің депутаттарын тартуға жол беріледі.

      Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, қала аудандарының және облыстық маңызы бар қалалардың әкімі аппараттарында құрылатын аттестаттау комиссияларының құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттарын тартуға жол беріледі.

      11. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда, сондай-ақ Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінде құрылатын аттестаттау комиссияларының құрамына тиісінше құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ әскерилерді қосуға жол беріледі.

      12. ЖАК-тың жұмыс органы уәкілетті орган болып табылады, ал екінші және үшінші деңгейлердегі аттестаттау комиссияларының жұмыс органы – персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) болып табылады.

      13. ЖАК-тың хатшысы "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылады.

      Екінші және үшінші деңгейлердегі аттестаттау комиссияларының хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) өкілі болып табылады.

      14. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) өкілі болмаған жағдайда немесе оның аттестаттаудан өтуі кезінде аттестаттау комиссиясы төрағасының шешімімен аттестаттау комиссиясының хатшысы болып басқа адам белгіленеді.

      15. Аттестаттау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды оның хатшысы қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

      16. Екінші және үшінші деңгейлердегі аттестаттау комиссияларының құрамы осы Қағидалардың 32 және 38-тармақтарында белгіленген тиісті аттестаттау комиссиялары төрағаларының актілерімен бекітіледі.

      17. Аттестаттау комиссиясы төрағасының актілерді шығару бойынша өкілеттіктері болмаған жағдайда, аттестаттау комиссиясының құрамын актілерге қол қоюға уәкілетті жоғары тұрған лауазымды адам бекітеді.

      18. Аттестаттау комиссиялары кемінде бес мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады. Аттестаттау комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      19. Аттестаттау комиссиясының төрағасы дәлелді себептермен отырысқа қатыспаған жағдайда, оның міндеттері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің біріне уақытша жүктеледі.

      20. Аттестаттау комиссиясы отырысының, егер оған комиссия құрамының үштен екісі қатысқан жағдайда, құқықтық күші бар деп саналады.

      21. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен, аттестатталатын "Б" корпусы қызметшісінің қатысуынсыз қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

      22. Қабылданған шешім аттестаттау комиссиясының отырысынан кейін үш жұмыс күні ішінде хаттама түрінде ресімделеді, оған аттестаттау комиссиясының төрағасы және хатшысы қол қояды.

      23. "Б" корпусының қызметшісі тиісті аттестаттау комиссиясының хаттамасына қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қол қойып танысады.

      24. Аттестаттау комиссиясының шешімі шыққаннан кейін "Б" корпусы қызметшісінің сұратуы бойынша бағалау парағының, жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері туралы қорытындының көшірмелері, аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді ол сұрату жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі.

2. Аттестаттауды өткізудің кезеңдері

      25. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) бағалау парағын дайындау;

      2) жеке құзыреттерді бағалайтын тест өткізу. Жеке құзыреттерді бағалайтын тестке қатыспаған "Б" корпусының қызметшісі келесі кезеңге жіберілмейді;

      3) ЖАК немесе тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссияларында әңгімелесуден өту. Әңгімелесу барысы дыбыс-немесе бейнежазба құралдарын қолдану арқылы тіркеледі.

      Екінші және үшінші деңгейлерде "Б" корпусының қызметшілерімен әңгімелесуді бейнеконференцбайланысы арқылы өткізуге жол беріледі;

      4) әңгімелесудің қорытындысы бойынша және алдыңғы кезеңдердің нәтижелері ескере отырып, аттестаттау комиссиясының шешімдер қабылдауы.

      26. Аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылатуға ұсынылады;

      2) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді;

      3) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады;

      4) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады.

      27. Бағалау парағының нысанын, жеке құзыреттерді бағалайтын тест бағдарламалары мен оны ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ әңгімелесуді өткізу нұсқаулығын уәкілетті орган айқындайды.

      28. Бірінші деңгейде аттестаттауды ЖАК-та А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, С-1, С-О-1, D-1, D-2, D-О-1 санатындағы "Б" корпусының қызметшілері өтеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      29. Екінші деңгейде аттестаттау комиссиялары:

      В-3, В-4, В-5, В-6, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-2 санаттарындағы "Б" корпусының қызметшілері аттестаттаудан өтетін орталық мемлекеттік органдарда;

      С-3, С-4, С-5, С-О-2 санаттарындағы "Б" корпусының қызметшілері аттестаттаудан өтетін орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында;

      С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, C-R-1, C-R-2 санаттарындағы "Б" корпусының қызметшілері аттестаттаудан өтетін орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшелерінде;

      D-3, D-4, D-5, D-О-2, D-О-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-1, Е-2, Е-R-1 санаттарындағы "Б" корпусының қызметшілері аттестаттаудан өтетін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері аппараттарында құрылады.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      30. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері, мәслихаттары, тексеру комиссиялары аппараттарының, сондай-ақ атқарушы органдардың "Б" корпусы қызметшілерін аттестаттауды өткізу үшін бірыңғай облыстық/қалалық аттестаттау комиссиялары құрылады.

      31. ЖАК-тың төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып табылады.

      32. Екінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларының төрағалары болып мынадай лауазымды адамдар айқындалады:

      1) орталық мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясына – жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда – мемлекеттік орган басшысы айқындайтын өзге адам;

      2) орталық мемлекеттік орган ведомствосының аттестаттау комиссиясына – ведомство басшысы;

      3) орталық мемлекеттік органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қаласындағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің аттестаттау комиссиясына – аумақтық бөлімшенің басшысы;

      4) ведомствоның облыстардағы, республикалық маңызы бар қаласындағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің аттестаттау комиссиясына – ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы;

      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері, мәслихаттары, тексеру комиссиялары аппараттарының, сондай-ақ атқарушы органдардың бірыңғай облыстық/қалалық аттестаттау комиссиясына – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері аппаратының басшысы.

      33. Ведомство басшысы, орталық мемлекеттік органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы болмаған немесе аттестаттаудың қорытындылары бойынша ол атқаратын лауазымына сай емес деп танылған жағдайда, осы мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясының төрағасы болып жауапты хатшы немесе жоғары тұрған органның аппарат басшысы немесе олардың шешімімен ЖАК-та аттестаттаудан сәтті өткен өзге лауазымды адам белгіленеді.

      34. Орталық мемлекеттік органның ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы болмаған немесе аттестаттаудың қорытындылары бойынша ол атқаратын лауазымына сай емес деп танылған жағдайда, осы мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясының төрағасы болып ведомство басшысы немесе оның шешімімен ЖАК-та аттестаттаудан сәтті өткен өзге лауазымды адам белгіленеді.

      35. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының басшысы болмаған жағдайда, бірыңғай аттестаттау комиссиясының төрағасы болып ЖАК-та аттестаттаудан сәтті өткен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппараты басшысы орынбасарларының бірі белгіленеді.

      36. Үшінші деңгейдегі аттестаттау комиссиялары:

      C-R-3, C-R-4, C-R-5 санаттарындағы "Б" корпусының қызметшілері аттестаттаудан өтетін орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде құрылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған "Б" корпусының қызметшілеріне орталық мемлекеттік органдардың және оның ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшелерінде құрылатын аттестаттау комиссияларында аттестаттаудан өтуіне рұқсат етіледі;

      E-3, E-4, E-5, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарындағы "Б" корпусының қызметшілері аттестаттаудан өтетін аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы әкімдер аппараттарында құрылады.

      37. Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарының, сондай-ақ атқарушы органдарының, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттарының "Б" корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу үшін бірыңғай аудандық/қалалық аттестаттау комиссиялары құрылады.

      38. Үшінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларының төрағалары болып мынадай лауазымды адамдар белгіленеді:

      1) орталық мемлекеттік органның аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің аттестаттау комиссиясына – аумақтық бөлімшенің басшысы;

      2) ведомствоның аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің аттестаттау комиссиясына – ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы;

      3) аудан, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі аппаратының, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының бірыңғай аудандық/қалалық аттестаттау комиссиясына – облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаланың әкімін қоспағанда), облыстағы ауданның және қаладағы ауданның әкімі;

      4) облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаланың бірыңғай қалалық аттестаттау комиссиясына – қала әкімі белгілейтін, аттестаттаудан сәтті өткен қала әкімі орынбасарының бірі.

      39. Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің басшысы болмаған не ол екінші деңгейдегі аттестаттаудан өтпеген жағдайда, аттестаттау комиссиясының төрағасы болып жоғары тұрған органның басшысы немесе оның шешімімен – аттестаттаудан сәтті өткен өзге лауазымды адам белгіленеді.

      40. Облыстық маңызы бар қаланың, облыстағы ауданның және қаладағы ауданның әкімі болмаған жағдайда, аттестаттау комиссиясының төрағасы болып аттестаттаудан сәтті өткен аудан, қаладағы ауданның және облыстық маңызы бар қала әкімі орынбасарының бірі белгіленеді.

3. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану

      41. Аттестаттау комиссиясының шешіміне Заңның 63-бабы 8-тармағында көзделген тәртіпте шағым жасауға болады.

4. Қорытынды ережелер

      42. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тиісті аттестаттау комиссиясының шешімін "Б" корпусы қызметшісінің қызметтік тізіміне енгізеді.

О проведении аттестации административных государственных служащих корпуса "Б"

Указ Президента Республики Казахстан от 30 декабря 2016 года № 404. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 681

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2018 № 681.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 63 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения аттестации административных государственных служащих корпуса "Б".

      2. Провести аттестацию административных государственных служащих корпуса "Б" в срок до 1 июля 2017 года.

      3. Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции совместно с центральными государственными и местными исполнительными органами обеспечить проведение:

      1) аттестации административных государственных служащих корпуса "Б";

      2) разъяснительной работы по вопросам порядка проведения аттестации административных государственных служащих корпуса "Б".

      4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

     
      Президент
Республики Казахстан
Н. Назарбаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 30 декабря 2016 года № 404

ПРАВИЛА
проведения аттестации административных
государственных служащих корпуса "Б"
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения аттестации административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 63 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок проведения аттестации административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – служащие корпуса "Б").

      2. Целью аттестации является определение уровня профессиональной подготовки и соответствия занимаемым должностям служащих корпуса "Б".

      3. Аттестацию проходят служащие корпуса "Б", за исключением:

      1) служащих корпуса "Б", которым на момент аттестации осталось два и менее лет до достижения пенсионного возраста, установленного Законом Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан".

      Наступление срока, указанного в части первой настоящего подпункта в период с 5 января по 30 июня 2017 года включительно, является основанием для освобождения служащих корпуса "Б" от прохождения аттестации;

      2) служащих корпуса "Б", находящихся в отпуске по беременности и родам, а также в отпуске по уходу за ребенком;

      3) беременных женщин, предоставивших медицинское заключение о беременности, женщин, имеющих детей в возрасте до трех лет, одиноких матерей, воспитывающих ребенка в возрасте до четырнадцати лет (ребенка-инвалида до восемнадцати лет), иных лиц, воспитывающих указанную категорию детей без матери;

      4) лиц, впервые назначенных на административную государственную должность, имеющих стаж государственной службы менее шести месяцев на момент прохождения собеседования в соответствующей аттестационной комиссии;

      4-1) служащих корпуса "Б", должности которых преобразованы с должностей корпуса "А";

      5) служащих корпуса "Б", состоящих в кадровом резерве административной государственной службы корпуса "А".

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 05.04.2017 № 456 (вводится в действие по истечении одного месяца со дня подписания).

      4. Общий график аттестации служащих корпуса "Б", предусматривающий сроки проведения этапов аттестации (далее – общий график) утверждается уполномоченным органом по делам государственной службы (далее – уполномоченный орган) и размещается на его интернет-ресурсе.

      Государственные органы и местные исполнительные органы на основе общего графика самостоятельно утверждают графики проведения аттестации служащих корпуса "Б".

      5. Предоставление ежегодных трудовых отпусков служащим корпуса "Б", подлежащим аттестации, направление их в служебные командировки, на стажировку, а также курсы переподготовки и повышения квалификации осуществляется с учетом графика проведения аттестации.

      Участие служащих корпуса "Б", подлежащих прохождению аттестации, в конкурсах, а также их назначение на административную государственную должность в порядке перевода допускается только при наличии принятого решения соответствующей аттестационной комиссии, за исключением служащих корпуса "Б" Администрации Президента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан и аппаратов палат Парламента Республики Казахстан.

      Данное требование не распространяется на лиц, занимающих временные вакантные должности.

      6. Служащие корпуса "Б", находящиеся в период аттестации в учебном отпуске, отпуске без сохранения заработной платы, длительной командировке или отсутствующие на работе вследствие заболевания, а также прикомандированные к международным и иным организациям, проходят аттестацию в течение шести месяцев после выхода на работу до конца 2017 года.

      Персонал дипломатической службы, направленный на работу в загранучреждения Республики Казахстан, должен пройти аттестацию до конца 2017 года.

      Прикомандированные к государственным органам лица проходят аттестацию согласно положениям настоящих Правил.

      7. В зависимости от категории занимаемых должностей служащие корпуса "Б" проходят аттестацию в аттестационных комиссиях соответствующего уровня:

      на первом уровне – Высшая аттестационная комиссия при Президенте Республики Казахстан (далее – ВАК);

      на втором уровне – аттестационные комиссии центральных государственных органов, их ведомств, территориальных подразделений центральных государственных органов и их ведомств в областях, городе республиканского значения, столице, а также аппаратов акимов областей, города республиканского значения, столицы;

      на третьем уровне – аттестационные комиссии территориальных подразделений центральных государственных органов и их ведомств в районах, районах в городе и городах областного значения, а также аппаратов акимов районов, районов в городе и городов областного значения.

      8. В состав ВАК входят заместитель Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан, Председатель Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции, руководитель Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, депутаты Парламента Республики Казахстан, на паритетной основе представляющие Сенат и Мажилис Парламента Республики Казахстан, руководители структурных подразделений Администрации Президента Республики Казахстан, представители академической среды и общественных объединений.

      При проведении собеседования со служащим корпуса "Б" в состав ВАК также включается лицо, занимающее должность не ниже заместителя первого руководителя государственного органа, в котором он работает.

      Состав ВАК утверждается актом руководителя Администрации Президента Республики Казахстан по представлению уполномоченного органа.

      9. В состав аттестационных комиссий на втором и третьем уровнях могут входить административные государственные служащие корпуса "А", в том числе из вышестоящих государственных органов, служащие корпуса "Б", в том числе руководители структурных подразделений, уполномоченные по этике, из числа успешно прошедших аттестацию на предыдущем уровне, представители общественных советов, научно-экспертной, академической среды, общественных объединений, а также члены советов по этике уполномоченного органа.

      10. В состав аттестационных комиссий, создаваемых в центральных государственных органах и их ведомствах, допускается привлечение депутатов Сената и Мажилиса Парламента.

      В аттестационные комиссии, создаваемые в территориальных подразделениях центральных государственных органов и их ведомствах в областях, городе республиканского значения, столице, в районах, районах в городе и городах областного значения, а также в аппаратах акимов областей, города республиканского значения, столицы, районов, районов в городе и городов областного значения, допускается привлечение депутатов соответствующих маслихатов.

      11. Допускается включение в состав аттестационных комиссий, создаваемых в правоохранительных и специальных государственных органах, а также в государственных учреждениях Вооруженных Сил, сотрудников правоохранительных, специальных государственных органов, а также военнослужащих соответственно.

      12. Рабочим органом ВАК является уполномоченный орган, а рабочими органами аттестационных комиссий второго и третьего уровней являются службы управления персоналом (кадровые службы).

      13. Секретарем ВАК является должностное лицо уполномоченного органа, занимающее административную государственную должность корпуса "А".

      Секретарем аттестационной комиссии второго и третьего уровней является представитель службы управления персоналом (кадровой службы) государственного органа.

      14. В случае отсутствия представителя службы управления персоналом (кадровой службы) или на период прохождения им аттестации секретарем по решению председателя аттестационной комиссии определяется иное лицо.

      15. Секретарь аттестационной комиссии осуществляет организационное обеспечение ее работы и не вправе принимать участие в голосовании.

      16. Составы аттестационных комиссий второго и третьего уровней утверждаются актами председателей соответствующих аттестационных комиссий, определенных в пунктах 32 и 38 настоящих Правил.

      17. В случае отсутствия у председателя аттестационной комиссии полномочий по изданию актов состав аттестационной комиссии утверждается вышестоящим должностным лицом, уполномоченным подписывать акты.

      18. Аттестационные комиссии состоят не менее чем из пяти членов, в том числе председателя. Замещение отсутствующих членов аттестационной комиссии не допускается.

      19. При отсутствии председателя аттестационной комиссии по уважительной причине его обязанности временно возлагаются на одного из членов аттестационной комиссии.

      20. Заседание аттестационной комиссии считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей ее состава.

      21. Решение аттестационной комиссии принимается простым большинством голосов от общего количества присутствовавших на заседании членов аттестационной комиссии в отсутствие аттестуемого служащего корпуса "Б". В случае равенства голосов голос председателя аттестационной комиссии является решающим.

      22. Принятое решение оформляется в виде протокола в течение трех рабочих дней со дня заседания аттестационной комиссии и подписывается председателем и секретарем аттестационной комиссии.

      23. Служащий корпуса "Б" ознакомляется с протоколом соответствующей аттестационной комиссии под роспись в течение трех рабочих дней со дня его подписания.

      24. После вынесения решения аттестационной комиссией по запросу служащего корпуса "Б" ему предоставляются копии оценочного листа, заключения о результатах тестирования на оценку личных компетенций, выдержка из протокола заседания аттестационной комиссии в течение двух рабочих дней со дня его обращения с запросом.

2. Этапы проведения аттестации

      25. Аттестация включает следующие этапы:

      1) составление оценочного листа;

      2) тестирование на оценку личных компетенций. Служащий корпуса "Б", не принявший участие в тестировании на оценку личных компетенций, не допускается к следующему этапу;

      3) собеседование в ВАК или аттестационных комиссиях соответствующего уровня. Ход собеседования фиксируется с использованием средств аудио- или видеозаписи.

      Собеседование со служащими корпуса "Б" на втором и третьем уровнях допускается проводить посредством видеоконференцсвязи;

      4) принятие решений аттестационной комиссией по итогам собеседования и с учетом результатов предыдущих этапов.

      26. Аттестационная комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует занимаемой государственной должности и рекомендуется к повышению в должности;

      2) соответствует занимаемой государственной должности;

      3) не соответствует занимаемой государственной должности и рекомендуется к понижению в государственной должности;

      4) не соответствует занимаемой государственной должности и рекомендуется к увольнению.

      27. Форма оценочного листа, программы и порядок организации тестирования на оценку личных компетенций, а также инструкция по проведению собеседования определяются уполномоченным органом.

      28. На первом уровне аттестацию в ВАК проходят служащие корпуса "Б" категорий А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, С-1, С-О-1, D-1, D-2, D-O-1.

      Сноска. Пункт 28 в редакции Указа Президента РК от 05.04.2017 № 456 (вводится в действие по истечении одного месяца со дня подписания).

      29. На втором уровне аттестационные комиссии создаются: в центральных государственных органах, в которых аттестацию проходят служащие корпуса "Б" категорий В-2, В-3, В-4, В-5, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-2;

      в центральных государственных органах, в которых аттестацию проходят служащие корпуса "Б" категорий В-3, В-4, В-5, В-6, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-2;

      в территориальных подразделениях центральных государственных органов и его ведомств в областях, городе республиканского значения, столице, в которых аттестацию проходят служащие корпуса "Б" категорий С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-R-1, С-R-2;

      в аппаратах акимов областей, города республиканского значения, столице, в которых аттестацию проходят служащие корпуса "Б" категорий D-3, D-4, D-5, D-О-2, D-О-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-1, Е-2, Е-R-1.

      Сноска. Пункт 29 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 05.04.2017 № 456 (вводится в действие по истечении одного месяца со дня подписания).

      30. Для проведения аттестации служащих корпуса "Б" аппаратов акимов, маслихатов, ревизионных комиссий, а также исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы создаются единые областные/городские аттестационные комиссии.

      31. Председателем ВАК является заместитель Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан.

      32. Председателями аттестационных комиссий второго уровня определяются следующие должностные лица:

      1) аттестационной комиссии центрального государственного органа – ответственный секретарь или руководитель аппарата, а в государственных органах, в которых не введена должность ответственного секретаря или руководителя аппарата – иное лицо, определяемое руководителем государственного органа;

      2) аттестационной комиссии ведомства центрального государственного органа – руководитель ведомства;

      3) аттестационной комиссии территориального подразделения центрального государственного органа в областях, городе республиканского значения, столице – руководитель территориального подразделения;

      4) аттестационной комиссии территориального подразделения ведомства в областях, городе республиканского значения, столице – руководитель территориального подразделения ведомства;

      5) единой областной/городской аттестационной комиссии аппаратов акимов, маслихатов, ревизионных комиссии, а также исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы – руководитель аппарата акима области, города республиканского значения, столицы.

      33. В случае отсутствия руководителя ведомства, руководителя территориального подразделения центрального государственного органа области, города республиканского значения, столицы либо признания его по итогам аттестации не соответствующим занимаемой должности председателем аттестационной комиссии данного государственного органа определяется ответственный секретарь или руководитель аппарата вышестоящего органа либо по их решению – иное должностное лицо, успешно прошедшее аттестацию в ВАК.

      34. В случае отсутствия руководителя территориального подразделения ведомства центрального государственного органа области, города республиканского значения, столицы либо признания его по итогам аттестации не соответствующим занимаемой должности председателем аттестационной комиссии данного государственного органа определяется руководитель ведомства или по его решению – иное должностное лицо, успешно прошедшее аттестацию в ВАК.

      35. В случае отсутствия руководителя аппарата акима области, города республиканского значения, столицы председателем единой аттестационной комиссии определяется один из заместителей руководителя аппарата акима области, города республиканского значения, столицы, успешно прошедший аттестацию в ВАК.

      36. На третьем уровне аттестационные комиссии создаются:

      в территориальных подразделениях центральных государственных органов и их ведомств в районах, районах в городе и городах областного значения, в которых аттестацию проходят служащие корпуса "Б" категорий С-R-3, С-R-4, С-R-5.

      Допускается прохождение аттестации служащими корпуса "Б", указанными в части первой настоящего пункта, в аттестационных комиссиях, создаваемых в территориальных подразделениях центральных государственных органов и его ведомств в областях, городе республиканского значения, столице;

      в аппаратах акимов районов, районов в городе и городов областного значения, в которых аттестацию проходят служащие корпуса "Б" категорий Е-3, Е-4, Е-5, Е-R-2, Е-R-3, Е-R-4, Е-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4.

      37. Для проведения аттестации служащих корпуса "Б" аппаратов акимов, а также исполнительных органов районов, районов в городах и городов областного значения, маслихатов района (города областного значения), создаются единые районные/городские аттестационные комиссии.

      38. Председателями аттестационных комиссий третьего уровня определяются следующие должностные лица:

      1) аттестационной комиссии территориального подразделения центрального государственного органа в районах, районах в городе и городах областного значения – руководитель территориального подразделения;

      2) аттестационной комиссии территориального подразделения ведомства в районах, районах в городе и городах областного значения – руководитель территориального подразделения ведомства;

      3) единой районной/городской аттестационной комиссии аппарата акима района, района в городе и города областного значения, а также маслихата района (города областного значения) – аким города областного значения (за исключением акима города, являющегося административным центром области), района области и района в городе;

      4) единой городской аттестационной комиссии города, являющегося административным центром области – один из заместителей акима города, определяемый акимом города из числа успешно прошедших аттестацию.

      39. В случае отсутствия руководителя территориального подразделения центрального государственного органа и его ведомства в районах, районах в городе и городах областного значения либо непрохождения им аттестации на втором уровне председателем аттестационной комиссии определяется руководитель вышестоящего органа либо по его решению – иное должностное лицо, успешно прошедшее аттестацию.

      40. В случае отсутствия акима города областного значения, района области и района в городе председателем аттестационной комиссии определяется один из заместителей акима района, района в городе и города областного значения, успешно прошедший аттестацию.

3. Обжалование решения аттестационной комиссии

      41. Решение аттестационной комиссии может быть обжаловано в порядке, предусмотренном пунктом 8 статьи 63 Закона.

4. Заключительные положения

      42. Служба управления персоналом (кадровая служба) вносит решение соответствующей аттестационной комиссии в послужной список служащего корпуса "Б".