Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль және мерекелік белгі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 467 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалі және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісі тағайындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалімен және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісімен наградтау қағидалары;

      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі;

      3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі бекітілсін.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 25 cәуірдегі
№ 467 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалімен және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісімен наградтау қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалімен (бұдан әрі – мерекелік медаль) және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісімен (бұдан әрі – мерекелік белгі) наградтау тәртібін реттейді.

      2. Мерекелік медальмен және мерекелік белгімен қызметі бойынша оң сипатталатын және өз қызметтік борышын үлгілі орындайтын 20 жылдан кем емес қызмет өтілі бар және 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметте тұрған қызметкерлер мен әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының зейнеткерлері және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын құруға елеулі үлес қосқан басқа да адамдар наградталады.

      3. Мерекелік медальмен және мерекелік белгімен наградтау туралы өтініштерді ұсыну және қарау тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.

      4. Мерекелік медальды және мерекелік белгіні тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық және өзге де органдарының бастықтары;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) командирлері (бастықтары), арнаулы (әскери) оқу орындарының бастықтары жүргізеді.

      Наградталған адамға мерекелік медальмен және мерекелік белгімен бірге белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.

      5. Мерекелік медальды және мерекелік белгіні наградталатын адамның жеке өзіне тапсыру салтанатты жағдайда өткізіледі. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының наградтау туралы бұйрығы жарияланады.

      6. Мерекелік медаль және мерекелік белгі кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған кезде олардан кейін орналастырылады.

      7. Мерекелік медальдың және мерекелік белгінің табыс етілгені туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жасалады.

      Табыс етілмеген мерекелік медальдар, мерекелік белгілер мен оларға куәліктер қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадр департаментіне қайтарылады, ол туралы тізімдерге тиісті белгі жасалады.

      Өткізілген наградтауларды есепке алу, сондай-ақ мерекелік медальдарды табыс ету барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадр департаменті жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 25 cәуірдегі
№ 467 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалі алтын түстес – латун металынан жасалған диаметрі 34 мм дискіден тұрады.

      Бұйымның алдыңғы бетінде (аверсінде) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті элементтерінің бейнесі – айшықты жеті ұшты жұлдыз (сәулелерінің биіктігі бойынша диаметрі – 27 мм) орналастырылған, оның алтын (сары) негіздегі жеті доғалбұрышты шұғыласы бар сәулелері қою қызыл түсті эмальдан құйылып жасалған.

      Жұлдыздың сыртқы айналасында алты шығыңқы нүкте қойылған.

      Жұлдыздың ортасында фонына көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 16 мм қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – диаметрі 6 мм "шаңырақ" орналасқан, оның фоны көгілдір (көк) түсті эмальдан құйылған. Алтын (сары) иекпен көмкерілген қалқанның шеңберін бойлай "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" деген жазу жазылған. Жұлдыздың төменгі бөлігінде жұлдыздың бетінен шығыңқы "25" цифры жазылған. Медальдың аверсіндегі бейнелер шығыңқы жылтыр.

      Мерекелік медальдың сыртқы жағында (реверсте) мемлекеттік тілдегі "Қазақстан РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ" деген жазу бес қатарға жазылған, ортасы қалыңдатылған көлденең сызық сызылған және ортасында бес ұшты жұлдызы бар. Сызықтан төмен "1992-2017" датасы жазылған. Медальдың реверсіндегі мәтін шығыңқы күңгірт. Мерекелік медальдың шеті ернеумен жиектелген.

      Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы көктікен (көк) түсті қатқыл жібек лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 12 мм тік жолақ орналасқан, оған ұлттық ою-өрнек салынған. Шығыршықтан төмен алтын түстес металл – латуннан жасалған шашыраған екі лавр дестесі бекітілген.

      Мерекелік медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 467 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісі алтын түстес – латун металынан жасалған диаметрі 19 мм дискіден тұрады.

      Бұйымның алдыңғы бетінде (аверсінде) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті эмблемасының бейнесі – алтын (сары) түспен жиектеліп, сырты көгілдір (көк) түспен көмкерілген орталық алаңы бар дөңгелек қалқан (диаметрі 14 мм) орналастырылған.

      Көктікен (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлекеттік тілде: үстіңгі жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", төменгі жағында "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ" деген жазу жазылған.

      Қалқанның ортасындағы көгілдір (көк) түсті алаңда жеті доғалбұрышты шұғыласы бар айшықты жеті ұшты жұлдыз (сәулелерінің биіктігі бойынша диаметрі – 13,5 мм) орналастырылған, оның алтын (сары) негіздегі сәулелеріне қою қызыл түсті эмаль құйылған.

      Жұлдыздың ортасында көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 7 мм қалқан орналасқан.

      Қалқанның ортасында киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – диаметрі 3 мм "шаңырақ" орналасқан, оның фоны көгілдір (көк) түсті эмальдан құйылған.

      Алтын (сары) жиекпен көмкерілген қалқанның шеңберін бойлай "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" деген жазу жазылған.

      Мерекелік белгінің сыртқы жағында (реверс) оның төменгі бөлігінде төрт таңбалы тіркеу нөмірі орналасқан.

      Мерекелік белгі киімге цанга инесінің көмегімен бекітіледі.

О юбилейной медали и юбилейном знаке в ознаменование 25-летия со дня образования Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 25 апреля 2017 года № 467.

      В ознаменование 25-летия образования Комитета национальной безопасности Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Учредить юбилейную медаль "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" и юбилейный знак "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті".

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" и юбилейным знаком "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті";

      2) описание и образец юбилейной медали "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл";

      3) описание и образец юбилейного знака "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті".

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
Н. НАЗАРБАЕВ

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 25 апреля 2017 года № 467

ПРАВИЛА
награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл"
и юбилейным знаком "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті"

      1. Настоящие Правила регулируют порядок награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" (далее - юбилейная медаль) и юбилейным знаком "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" (далее - юбилейный знак).

      2. Юбилейной медалью и юбилейным знаком награждаются положительно характеризуемые по службе и образцово выполняющие свой служебный долг сотрудники и военнослужащие, имеющие стаж службы не менее 20 лет и состоящие к 13 июля 2017 года на службе в органах национальной безопасности Республики Казахстан, пенсионеры органов национальной безопасности Республики Казахстан и другие лица, внесшие значительный вклад в строительство органов национальной безопасности Республики Казахстан.

      3. Порядок представления и рассмотрения ходатайств о награждении юбилейной медалью и юбилейным знаком определяется Председателем Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Вручение юбилейной медали и юбилейного знака производится от имени Президента Республики Казахстан:

      1) Председателем Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      2) заместителями Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      3) начальниками ведомств, структурных подразделений, территориальных и иных органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      4) командирами (начальниками) воинских частей (учреждений), начальниками специальных (военных) учебных заведений Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      Вместе с юбилейной медалью и юбилейным знаком награжденному вручаются удостоверения установленного образца.

      5. Вручение юбилейной медали и юбилейного знака производится награжденному лично в торжественной обстановке. Перед вручением оглашается приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан о награждении.

      6. Юбилейная медаль и юбилейный знак носятся на левой стороне груди. При наличии государственных наград Республики Казахстан юбилейная медаль располагается после них.

      7. О вручении юбилейной медали и юбилейного знака в списке для награждения делается соответствующая запись.

      Неврученные юбилейные медали, юбилейные знаки и удостоверения к ним возвращаются в Департамент кадров Комитета национальной безопасности Республики Казахстан с указанием причин возврата, о чем делается соответствующая отметка в списках.

      Учет произведенных награждений, а также отчетность о ходе вручения юбилейных медалей и юбилейных знаков ведутся Департаментом кадров Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 25 апреля 2017 года № 467

Описание и образец юбилейной медали
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл"

      Юбилейная медаль "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" представляет собой диск диаметром 34 мм, выполненный из металла золотистого цвета - латуни.

      На лицевой стороне (аверсе) изделия помещено изображение элементов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан - стилизованная семиконечная звезда (диаметр по вершинам лучей - 27 мм), лучи которой залиты эмалью темно-красного цвета, на золотом (желтом) основании, имеющем также семь тупоугольных лучей.

      По периферии звезды нанесены шесть выпуклых точек.

      По центру звезды расположен щит диаметром 16 мм, фон которого залит эмалью василькового (синего) цвета. По центру щита расположено стилизованное изображение свода остова юрты - "шанырак" диаметром 6 мм, фон которого залит эмалью бирюзового (голубого) цвета. По окружности щита, окольцованной золотистым (желтым) кантом, нанесена надпись "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" В нижней части звезды поверх звезды нанесены выпуклые цифры "25". Изображения на аверсе медали выпуклые блестящие.

      На оборотной стороне (реверсе) юбилейной медали отчеканена надпись в пять строк на казахском языке "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ", подчеркнутая горизонтальной чертой с утолщением к середине и с пятиконечной звездочкой в центре. Ниже черты нанесены даты "1992-2017". Текст на реверсе медали выпуклый матовый. Края юбилейной медали окаймлены бортиком.

      С помощью ушка и кольца юбилейная медаль соединена с шестиугольной колодкой шириной 32 мм и высотой 50 мм, обтянутой шелковой муаровой лентой василькового (синего) цвета. Посередине ленты расположена вертикальная полоска шириной 12 мм, на которой нанесен национальный орнамент. Внизу колодки прикреплены две расходящиеся лавровые ветви из металла золотистого цвета - латуни.

      Юбилейная медаль при помощи булавки с визорным замком крепится к одежде.

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 25 апреля 2017 года № 467

Описание и образец юбилейного знака
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті"

      Юбилейный знак "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" представляет собой диск диаметром 19 мм, выполненный из металла золотистого цвета - латуни.

      На лицевой стороне (аверсе) изделия помещено изображение эмблемы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан - изображение круглого щита (диаметр 14 мм) с центральным полем бирюзового (голубого) цвета и внешней окружностью василькового (синего) цвета, окольцованной золотистым (желтым) кантом.

      По внешней окружности щита василькового (синего) цвета нанесена надпись на государственном языке: по верху "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", по низу "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ".

      Посередине щита на поле бирюзового (голубого) цвета расположена стилизованная семиконечная звезда (диаметр по вершинам лучей - 13,5 мм), лучи которой залиты эмалью темно-красного цвета, на золотом (желтом) основании, имеющем также семь тупоугольных лучей.

      По центру звезды расположен щит диаметром 7 мм, фон которого залит эмалью василькового (синего) цвета.

      По центру щита расположено стилизованное изображение свода остова юрты - "шанырақ" диаметром 3 мм, фон которого залит эмалью бирюзового (голубого) цвета.

      По окружности щита, окольцованного золотистым (желтым) кантом, нанесена надпись "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН".

      На оборотной стороне юбилейного знака (реверс) в нижней его части размещен четырехзначный регистрационный номер.

      Юбилейный знак крепится к одежде с помощью иглы-цанги.