2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы № 475 Жарлығы.

      2007 жылғы 23 қарашада Гаагада жасалған Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасынан:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі - Орталық орган ретінде;

      мыналар:

      Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі – алименттерді халықаралық өндіріп алуға бағытталған шараларды орындау үшін Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке тұлғалардың сот шешімдерін тану, шығару, өзгерту мәселелері жөніндегі өтініштері бойынша;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі - борышкердің немесе кредитордың кірістері туралы қажетті ақпаратты немесе қажет болған жағдайда, активтерін анықтауды қоса алғанда, қаржылық жағдайы туралы басқа да мәліметтерді алуға жәрдемдесу бойынша Конвенцияның ережелерін орындауға уәкілетті мемлекеттік органдар ретінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага Конференциясының Тұрақты Бюросын қабылданған шешім туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

О мерах по реализации Конвенции о международном порядке взыскания алиментов на детей и других форм содержания семьи от 23 ноября 2007 года

Указ Президента Республики Казахстан от 6 мая 2017 года № 475.

      В соответствии с Конвенцией о международном порядке взыскания алиментов на детей и других форм содержания семьи, совершенной в Гааге 23 ноября 2007 года, (далее - Конвенция) ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Определить от Республики Казахстан в соответствии с Конвенцией:

      Центральным органом - Министерство юстиции Республики Казахстан;

      государственными органами, уполномоченными на выполнение положений Конвенции:

      по поручениям судов Республики Казахстан, судов иностранных государств, заявлениям физических лиц по вопросам признания, вынесения, изменения судебных решений, для выполнения мер, направленных на международное взыскание алиментов, – Судебную администрацию Республики Казахстан;

      по содействию в получении необходимой информации о доходах или, при необходимости, других сведений о финансовом положении должника или кредитора, включая обнаружение активов, - Министерство финансов Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 19.01.2023 № 106.

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить Постоянное Бюро Гаагской Конференции по международному частному праву о принятом решении в установленном порядке.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев