"Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 566 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 921-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тиісті аумақ бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының өкілдері қосылуы мүмкін.

      Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептеулермен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинақтау мен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган сессия басталуынан кемінде екі апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажетті материалдарды қоса бере отырып, бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын ұсынады.

      Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихат бекітеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекітеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата"

Указ Президента Республики Казахстан от 20 октября 2017 года № 566.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов Президента и
Правительства Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 70, ст. 921) следующее изменение:

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Проект бюджета соответствующей территории рассматривается в постоянных комиссиях маслихата. Секретарь маслихата создает временную рабочую депутатскую группу по рассмотрению проекта бюджета, в состав которой могут быть включены работники аппарата маслихата, представители местных исполнительных органов и аппаратов акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов.

      Постоянные комиссии с учетом мнения временной рабочей группы вырабатывают предложения по проекту бюджета соответствующей территории с соответствующими обоснованиями и расчетами и направляют их в профильную постоянную комиссию, которая осуществляет свод предложений и подготовку заключения по проекту бюджета соответствующей территории.

      Местный уполномоченный орган по бюджетному планированию не позднее чем за две недели до начала сессии представляет председателю сессии, секретарю маслихата окончательный вариант проекта решения о бюджете с приложением всех необходимых материалов.

      Областной бюджет, бюджет города республиканского значения, столицы утверждаются на сессии соответствующего маслихата не позднее двухнедельного срока после подписания Президентом Республики Казахстан Закона о республиканском бюджете. Районный (города областного значения) бюджет утверждается соответствующим маслихатом не позднее двухнедельного срока после подписания решения областного маслихата об утверждении областного бюджета. Бюджеты городов районного значения, сел, поселков, сельских округов утверждаются маслихатом района (города областного значения) не позднее двухнедельного срока после подписания решения маслихата района (города областного значения) об утверждении районного (города областного значения) бюджета.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев