ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:
"Б" корпусы" деген бөлімде:
"D санаттарының тобы D-2 санатында:
"Тексеру комиссиясының мүшесі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |