"Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына жəне "Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілер 2019 жылдың наурыз-маусымында жəне қыркүйек-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.
2. Əскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер-азаматтар 2019 жылдың наурыз-маусымында жəне қыркүйек-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді əскери қызметке шақырылсын.
3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті əскери басқару органдары арқылы 2019 жылдың наурыз-маусымында жəне қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді əскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын жəне қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді əскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне əскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді жəне мерзімді əскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген əскери қызметшілерді шығаруды қаржылай жəне материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |