ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сəйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатамын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына Қазақстан халқына ант берген сəтінен бастап көшеді.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 2-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рəсімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында 2019 жылғы 20 наурызда 12 сағат 00 минутта өткізілсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған сəтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.НАЗАРБАЕВ |