Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 ақпандағы № 261 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалі тағайындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

      2) "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 8 ақпандағы
№ 261 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен наградтау
ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) наградтау тәртібін регламенттейді.

      2. Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін, қазақстандық қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, конституционализмнің идеялары мен қағидаттарын қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.

      3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.

      4. Мерекелік медальды Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады.

      Мерекелік медальды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;

      2) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.

      5. Мерекелік медальды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.

      6. Наградталушыға мерекелік медальмен бірге белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.

      7. Мерекелік медаль кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.

      8. Мерекелік медальдың тапсырылғаны туралы белгіленген нысандағы хаттама толтырылады, ол медаль тапсырған адамның қол қоюымен және тапсыру жүргізген органның мөрімен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.

      9. Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2020 жылғы 8 ақпандағы
  № 261 Жарлығымен
  БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы

      "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалі (бұдан әрі – мерекелік медаль) белгіден және тағаннан тұрады.

      Мерекелік медальдың белгісі алтын түстес жезден жасалады, диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер болады.

      Мерекелік медальдың беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе Қазақстан Республикасының Конституциясын білдіретін, ортаңғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан ашылған кітаптың бейнесі жасалған. Кітаптың астында көгілдір эмальмен құйылған "25 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан. Аверстің барлық реңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес эмальмен құйылған. Шеңбердің ішінде аверстің шетін бойлай "ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА" деген жазу бар. Аверстің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Мерекелік медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы әрі жылтырақ.

      Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғасады.

      Таған ені 32 мм көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған. Лентаның ортасында ені 8 мм сары жолақ өтеді.

      Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орналасқан.

  "Қазақстан Конституциясына
  25 жыл" мерекелік медалінің
  сипаттамасына
  ҚОСЫМША



О юбилейной медали в ознаменование 25-летия Конституции Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 8 февраля 2020 года № 261.

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан

      В целях поощрения граждан Республики Казахстан и иностранных граждан, внесших значительный вклад в обеспечение верховенства Конституции, становление и развитие конституционных основ Республики Казахстан, защиту конституционных прав и свобод человека и гражданина, а также в ознаменование 25-летия Конституции Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Учредить юбилейную медаль "Қазақстан Конституциясына 25 жыл".

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила награждения юбилейной медалью "Қазақстан Конституциясына 25 жыл";

      2) описание юбилейной медали "Қазақстан Конституциясына 25 жыл".

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 8 февраля 2020 года
№ 261

ПРАВИЛА
награждения юбилейной медалью "Қазақстан Конституциясына 25 жыл"

      1. Настоящие Правила регламентируют порядок награждения юбилейной медалью "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" (далее - юбилейная медаль).

      2. Юбилейной медалью награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане, внесшие весомый вклад в обеспечение верховенства Конституции Республики Казахстан, укрепление независимости страны, согласия и стабильности в казахстанском обществе, защиту конституционных прав и свобод человека и гражданина, становление и развитие идей и принципов конституционализма.

      3. Представления к награждению юбилейной медалью вносятся Президенту Республики Казахстан Палатами Парламента, Правительством, Конституционным Советом, Верховным Судом, министерствами, иными центральными государственными органами Республики Казахстан, акимами городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, областей, а также общественными объединениями.

      4. Юбилейная медаль вручается Президентом Республики Казахстан.

      Юбилейную медаль от имени и по поручению Президента Республики Казахстан также могут вручать:

      1) Государственный секретарь Республики Казахстан;

      2) акимы городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, областей, а также иные уполномоченные Главой государства должностные лица.

      5. Вручение юбилейной медали производится в торжественной обстановке и вручается награжденному лично. Перед вручением оглашается Указ Президента Республики Казахстан о награждении.

      6. Вместе с юбилейной медалью награжденному вручается удостоверение установленного образца.

      7. Юбилейная медаль носится на левой стороне груди, при наличии государственных наград Республики Казахстан располагается после них.

      8. О произведенном вручении юбилейной медали составляется протокол установленной формы, который скрепляется подписью лица, печатью органа, производившего вручение, и направляется в Администрацию Президента Республики Казахстан.

      9. Учет произведенных награждений, а также отчетность о ходе вручения юбилейных медалей ведутся Администрацией Президента Республики Казахстан.

 
  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 8 февраля 2020 года
№ 261

Описание юбилейной медали "Қазақстан Конституциясына 25 жыл"

      Юбилейная медаль "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" (далее – юбилейная медаль) состоит из знака и колодки.

      Знак юбилейной медали представляет собой правильный круг диаметром 34 мм, выполненный из латуни золотистого цвета.

      На лицевой стороне (аверсе) юбилейной медали на первом плане выполнено изображение раскрытой книги, символизирующей Конституцию Республики Казахстан, в центральной части которой расположен Государственный Герб Республики Казахстан. Под книгой расположена надпись "25 ЖЫЛ", залитая голубой эмалью. Весь фон аверса залит эмалью цвета Государственного Флага Республики Казахстан. По периферии аверса внутри круга расположена надпись "ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА". В нижней части аверса расположен национальный орнамент. Все изображения и надписи на юбилейной медали выпуклые блестящие.

      Юбилейная медаль с помощью ушка и кольца соединяется с шестиугольной колодкой шириной 32 мм и высотой 50 мм.

      Колодка обтянута шелковой муаровой лентой голубого цвета шириной 32 мм. Посередине ленты проходит желтая полоса шириной 8 мм.

      С обратной стороны колодки имеется булавка с визорным замком, с помощью которой изделие крепится к одежде.

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к описанию юбилейной медали
"Қазақстан Конституциясына
25 жыл"